Біріккен кездесетін қатпарларды өңдеуде, бұл жағдайда үш бөлшек қолданылады: екі негізгі бөлшек және бір қосымша бөлшек, негізгі мата жолақшасының ені екі еселенген қатпар енімен бірдей. Егер қатпардағы бүкпе ені 4см болса, жолақша мата ені 8см болады. Бұл қатпарды өңдеуде негізгі бір бөлшектің теріс бетіне қосымша лекалоның көмегімен қатпардың жан және соңын белгілейтін сызықтарды борлайды. Негізгі бөлшектердің өң бетін беттестіріп, белгіленген сызықпен арнайы машинада көктейді және сырып тігеді, қатпар соңын екі қайтара тігіспен бекітеді. Көктеу жібін сөгіп алады, бөлшек тігісін айыра үтіктейді және жолақша матаны қатпар еніне туырлап, қиықтарын теңестіріп қосып көктейді. Негізгі бөлшектің етек қиығынан бастап, қосымша бөлшекті 12-15мм қосып тігеді (3-сурет) және баса үтіктейді. Моделіне қарай сәндік тігісін жүргізеді.
Бант қатпарлар қарсы қатпарлардың өңін айналдырған жағы немесе екі жаққа қараған қатпарлар, бұлардың оң бетіндегі қатпар енінің бүгілген жиегі қарама-қарсы жаққа қарайды және бант құрайды. Бант қатпарын белгілеу және өңдеу бөлшектің өң бетінде орындалады. Бөлшекті белгілеген сызықпен теріс беттерін беттестіріп бүктейді, көктейді және белгіленген сызықпен сырып тігеді, қатпар енін екі жағына бірдей мөлшерде айырады, белгіленген орта сызығын тігіске дәлме-дәл сәйкес келтіріп іле көктейді және баса үтіктейді.
Сурет 3 - Біріккен қатпарлар: бір жаққты қатпар, қарама-қарсы қатпар