Күрделі қаптарлар да сәндік және біріккен болады. Олар жай қатпардан үлкен бүкпесін сызығында матаны бүгумен және өңделуімен ерекшеленеді.
Күрделі сәндік қатпарды тұтас бір бөлшектен дайындайды. Бөлшектің өңінде бормен ішкі және сыртқы бүгу сызықтарын белгілейді. Ішкі бүгу сызығы бойынша теріс бетінен қосымша жолақша матаны салады, жолақша ені тігіс еніне байланысты. Тігіс жолақшаның ортасынан өтетіндей етіп қосып тігеді, тігіс оң бетінен белгіленген сызығы бойынша жүргізіледі (4, б-сурет). Қосып тігілген тігіс бойынша негізгі бөлшекті бүктейді және жолақша матаны екінші жағына қарай бүгеді. Бүгілген жан сызығы бойынша қатпар енін көктейді және сырып тігеді (4, в-сурет). Көктеу жіптерін сөгіп алады, арнайы лекаломен сәндік тігістің, қатпардыңөң және теріс бетінен фигуралы сызықпен өң бетіне қарай орта (ішкі бүгу сызығы) және жан (сыртқы бүгу сызығы) сызықтарын белгілейді. Бөлшектің өң бетін төмен қаратып үстелге жайып салады, фигуралы конфигурациясын бүгіп көктейді және баса үтіктейді. Престе баса үтіктегеннен (ЫЖӨ) кейін көктеу тігісін сөгеді. Бөлшектің оң бетінен сәндік тігісін белгіленген сызық бойынша бастыра тігеді (4, а-сурет). Көктеу тігісін сөгіп алады және қатпарды ылғалды мата аралықпен баса үтіктейді.