АҚ «АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» «Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті
«Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы
Сәндік тігістер функциясын, үлгінің конструкциялық-технологиялық шешімін және қолданылатын материал ерекшелігін талдайды. Киімді дайындау кезінде сәндік тігістер кең түрде қолданылады, сол тігістердің көмегі арқылы бұйымның бөлшектері безендіріледі. Бұл тігістердің өзіндік ерекшеліктері бар. Сәндік тігістері сыртқы көріністерімен және тігістердің санымен, енімен, тігіске арналған қиықтарымен, сәнділігімен ерекшеленеді. Тігістің жиілігі матаның түріне және орындалуына, тігістің көрінісіне байланысты болады. Тігін бұйымдарының бөлшектерін сәндеу түрлері үш топқа бөлінеді:
а) сәндік тігістер;
б) сәндік ине шаншымдар;
в) бұйымды уақ түйекпен, бекітпемен, апликация арқылы безендіру.
Бірінші топқа төмендегілер кіреді: қатпар, тігістердің кейбір түрлері, бейка, желбіреуік, желбіршек, рюша және т.б.
Екінші топқа – сәндік шаншымдарға сырып тігетін, арнайы және кестелейтін машиналарда орындалған ине шаншымдар кіреді.
Бедерлі тігістергебүгілген, қайым, бүкпе, бастырма тігістер жатады.Ұсақ қатпарларды – бүкпелерді – көйлек пен ішкөйлектер үшін және сирек жағдайда – пальто мен костюмдер үшін сәндік ретінде қолданады. Қатпарлардың ені мата қалыңдығына қарай 0,1...0,3 см болады. Арнайы құрылғының көмегімен бүгілген (1сурет) және бастырма қатпарларды орындайды.
Баулы қайым тігістерді (1сурет) пальто мен көйлектерде сәндік ретінде қолданады. Тігістер арнайы машинада орындалуы мүмкін. Оларды сырып тігу машинасында бір мүйізді табан немесе бауды бүгіп тігуге арналған табан (табанында ойығы бар) арқылы орындауға да болады. Бұйым бөлшегінің іш жағынан астына негізгі мата кесіндісін салады да, белгіленген сызық бойымен бірінші беткі жағынан бірінші тігімді жасайды. Одан кейін матаның екі қабатының арасына бауды салып, оның үстіңгі бөлшегін берік етіп бүктейді және екінші тігімді жасайды. Бау қатарларының саны модельге байланысты болады.Тігісті арнайы машинада орындаған кезде бөлшектің ішкі жағынан мата кесіндісін салмайды.