Бедерлі бастырма (3сурет)тігістерді тұтас бөлшекте бедерлі сызы алу үшін қолданады, мысалы көйлек пен пальтоның артқы бойы мен жеңдерінде. Тігісті жасау үшін бөлшектің ішкі жағынан белгіленген сызық бойымен негізгі матаның немесе сол қалыңдықтағы матаның жолағын оның ортасы белгіленген сызықпен сәйкес келетіндей етіп салады да, оны беткі жағынан белгіленген сызық бойымен қосып тігеді. Одан әрі негізгі бөлшекті кесіндіні қосып тігу тігісінің бойымен беткі жағын ішіне қаратып бүктейді және бір жаққа қарай түреді, ал қосып тігілген кесіндіні екінші жаққа қарай түреді. Одан кейін негізгі бөлшек бойымен екінші тігімді бүрмеден 0,1...0,2 см арақашықтықта немесе белгіленген сызық бойымен салады, ұштарында тігімді жоққа шығарып, беткі жағынан бедер жасайды. Негізгі бөлшекті айналдырады.Кесіндіні бекіту үшін оны бөлшектің бір жағына қарай бүктейді, бүгіп көктейді, үтіктейді және беткі жағынан модельмен көзделген арақашықтықта әрлегіш тігімді салады.