1-оқушы : Баршаңызға қайырлы күн мектеп ұжымы!Сіздерді келіп жеткен Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын.Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
2-оқушы: Қазақстан халқы мәңгіліке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
3 оқушы: Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
4 оқушы: Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
5 оқушы: Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, «Рахмет» деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!
Әңгімелесу:
- Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер?
- Оларды неліктен жақсы көресіңдер?
- Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді?
Қалай жақсы көреді?
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық!
Бастысы алғыс айта білу... Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін... Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Әңгімелеу "Алғыс" М. Төрежанов Педагог балаларға өзін жақсы көретін жақын адамдардың қаншалықты қымбат екендерін сезінтіп, қадірін ұғындыра түсу мақсатында балаларға төмендегідей мәтіндерді қосымша оқып береді. "Мақұлжан" Т. Жарқынбекова - Төлеуді қандай бала деп айта аламыз? Дәйексөз "Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз" Педагог балаларға "Алғыспен ел көгерер" деген халық мақалын бүгінгі оқу іс - әрекеттің дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Үлкендердің айтқан тілін алу, сыйластыққа әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады, ризашылығын білдіреді."Алғыспенен ел көгерер"деген сөз осыдан шыққан. Би: «Папури» Жүргізуші: - Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. Алғысым шексіз сіздерге!
Достарыңызбен бөлісу: |