«информатика»



бет1/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




ПОӘК 042-14.2.07.1.20.01/03-2013

01.09.2013 ж. № 1 басылым

беттің




Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042.14.2.07.1.20.01/02-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған

«Информатика» пәнінің оқу-әдістемелік жиынтығы


03.09.2013ж

№1 басылым








«ИНФОРМАТИКА» пәнінің

5B120100 - «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті»,

5B011900 - «Шет тілі: екі шет тілі», 5B011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»,

5B02500 - «Филология» мамандықтарына арналған

оқу-әдістемелік жиынтығы



Семей қаласы, 2013 ж.


МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Зертханалық сабақтар






Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы






Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы





Глоссарий
Алгоритм – қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын қарапайым амалдардың санаулы жиыны.

Ассемблер тілі - ең төменгі деңгейдегі программалау тіліне жататын машиналық код түрінде жазылатын программалау тілі. Ассемблер тілі процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен көрсетеді.

Базистік аппараттық конфигурация – компьютердің жұмыс істеуіне қажет ең аз аппараттық комплектіні айтады.

Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі.

Брандмауэрлер - қорғаныстық қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер.

Броузерлер - HTML пішімі түріндегі Web-құжаттарды оқу үшін арналған программа.

Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтетін пайдаланушы интерфейсі.

Дискретті сигналдар - уақыт моменттерінің шектеулі санында тек шектеулі мәндер қабылдайтын сигналдар.

Желі топологиясы - жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі.

Желілік хаттама - компьютерлердің бір-бірімен байланыс жасау ережесі.

Идентификатор - тілдің кез-келген объектісінің атауы.

Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;

Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;

Компьютерлік программа – ол орындалатын инструкциялардың реттелген тізбегі.

Операциялық жүйе - жүйелік және қызметтік программалар пакеті.

Пайдаланушы интерфейсі - барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандыру.

Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайтын пайдаланушы интерфейсі.

Позициялық санау жүйесі – санның жазылуындағы цифрлардың орын ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесін .

Санау жүйесі – сандарды санаудың, жазудың ережелері.

Сигнал - информацияны беру тәсілі.

Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры; Тактілік жиілік (МГц) - процессордың негізгі сипаттамасы.

Транслятор-программалар - процессор тек қана машиналық кодтты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек. Осы жұмысты орындайтын арнайы программа.

Транслитерация - бір машиналық инструкцияны бір ассемблер командасына бірмәнді аудару.

Үздіксіз сигналдар - амплитудасы бойынша әр уақыт моментінде өзгеріссіз қалатын сигналдар.

Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс.

Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі.

Файлдар сақталатын таблицалар (FAT-таблицалар) - берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет орналасатын дисктің жүйелік облысы.

Шлюздер - бір желідегі деректерді басқа желідегі пайдаланушылар түсінетіндей форматқа аударып берету қызметін атқаратын программалар немесе компьютерлер.

1-дәріс. Информатика пәні және міндеттері. Информатиканың дамуы. Информатика пәні, объектісі. Информатика құрылымы. Информатика міндеттері
Мақсаты: Информатика пәні және міндеттері, оның дамуы, информатика пәні, объектісі, құрылымы және міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу жәнз ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұматпен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді. XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді. Мөліметтерді іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық

"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Сабақ үстінде мүғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.

Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады. Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап Бере алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет, мақала 1F101Dжәне т.б.



Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.



Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Информация және есептеу машиналары. Бүл күнде ЭЕМ информацияны өңдудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады. Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отырболуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып исаналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.

Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады. Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық қүрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.

Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жүмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютёрлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Бекіту сұрақтары

  1. Информатика ұғымының анықтамасы. Информатика нені оқытады?

  2. Информатика неге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?

  3. Информация дегеніміз нз?

  4. Информацияның қандай түрлерін білесіздер?

  5. Информациялық технология деген не және оның жаңа информациялық технологиялардан айырмашылығы неде?

  6. Информациялық процестер дегее не?

  7. Дербес компьютер деп қандай ЭЕМ-дерді айтады?


2-дәріс. Ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері, ақпарат құрылымы. Ақпарат өлшем бірліктері
Мақсаты: Ақпарат түсінігі, түрлері, құрылымы және өлшем бірліктерімен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.
Ақпарат термині латынның баяндау, түсіндіру ұғымдарын білдіретін «information» сөзінен шыққан. Ең алғаш ғылыми термин ретінде ақпарат 1930 ж. Журналистика саласында пайда болған. Бұл кезде ақпарат ретінде әртүрлі мәліметтер, хабарламалар түсінілді. Кейін техникалық ғылымның дамуына байланысты ақпаратқа әртүрлі анықтамалар берілді. Ақпараттың математикалық теориясының негізін салушы Клод Шеннон – америкалық ғалым болды. 1948 жылы оның берген анықтамасы бойынша кез-келген хабарлама ақпарат бола алмайды. Соның ішінде орын алған анықталмағандықты жоя алатын хабарлама ғана ақпарат болады. Шеннон теориясы бойынша ақпаратты тасушы ретінде сигналдар қабылданған. Әрбір сигналға оның пайда болу ықтималдылығы сәйкес келеді. Сигналдың пайда болу ықтималдылығы неғұрлым аз болса, соншалықты ауқымды ақпаратты жеткізеді. Жай сөзбен айтқанда жаңалық неғұрлым аз болса, соғұрлым ауқымды болады.

Философияда ақпарат ретінде объектілердің қарым-қатынасы барысында туатын қайшылықтар түсіндіріледі.

Тұрмыста ақпарат ретінде айналадағы орта туралы және ондағы орын алған процесстер туралы адамның немесе арнайы техникалық құрылғының қабылдаған мағлұматтары түсініледі.

Техникада ақпарат ретінде арнайы техникалық құрылғының көмегімен сақталатын, өңделетін және тасымалданатын таңбалар мен сигналдар түріндегі хабарламалар түсініледі.

Ақпарат теориясында ақпарат деп оны алғанға дейін болған анықталмаған дықты толығымен жоятын немесе азайтатын хабарларды айтамыз.

Кибернетикада ақпарат ретінде қарастырылып отырған жүйенің сақталуы, жетілуі, дамуы мақсатында қолданылатын білімдер жиынын түсінеміз.

Документалистикада ақпарат ретінде құжат түрінде тіркелген барлық таңбалар жиынын түсінеміз.

Ақпарат әрқашан өзінің материалды жинақтаушысымен байланысты. Ақпараттық жинақтауыш дегеніміз оны жасайтын және сақтайтын орта. Ақпаратты жинақтауыш ретінде кез-келген материалды зат, табиғаты әртүрлі толқындар, заттың әртүрлі күйі қабылданады.



Ақпарат беру тәсілі – сигнал. Сигнал дегеніміз – ақпараттық сипаты бар физикалық процесс. Сигналдар үздіксіз және дискретті болады.

Үздіксіз сигналдарға амплитудасы бойынша әр уақыт моментінде өзгеріссіз қалатын сигналдар жатады. Уақыт моменттерінің шектеулі санында тек шектеулі мәндер қабылдайтын сигналдар дискретті деп аталады. Қандайда бір шаманың оның жеке міндерінің тізбегі түрінде бейнелеу процесін дискреттеу деп атайды.

Электрлік түрде берілген сигналдардың көп артықшылықтары бар:


  1. Жылдамдығы шектеулі, қозғалмалы механикалық құрылғыларды талап етпейді.

  2. Электрлік сигналдарды ең жоғары жылдамдықпен беруге болады (жарық жылдамдығы).

  3. Жылдамдығы жоғары электрондық құрылғылардың көмегімен электрлік сигналдарды өңдеу, салыстыру, түрлендіру, жеңу мүмкіндіктері бар.

Ақпаратты беру және өңдеу жүйелерінде сигналдар бірнеше мәрте түрленеді. Бұл кезде сигналдардың физикалық табиғаты өзіндегі ақпаратты жоғалтпай өзгеруі мүмкін. Мысалы, телефон байланысында акустикалық сигнал (тасушы дыбыстық толқындар), электрлік толқындар (тасымалдаушы) көмегімен электр сигналына түрленеді және осы түрлендіру керісінше орындалады да байланыс жүзеге асады.

Сигналдарды беру уақытында олардың ақпараттық сипаты өзгеруі мүмкін: үзіліссіз сигнал дискреттіге немесе керісінше ауысуы мүмкін. Ақпарат аналогтық түрден цифрлық түрге немесе керісінше арнайы құрылғылардың көмегімен ауысады. Мысалы: модем, дыбыстық карта, видеокарта, т.б. жатады.

Қоғамдағы ақпараттың көлемінің үздіксіз ұлғаюына байланысты қазіргі заманның адамына ақпаратты меңгеру талабы қойылады. Адам ақпарат ұғымының ең аз дегенде 3 құрамдас бөлігін бөліп қарастырады:

Мағынасы (семантика);

Кескіні (синтаксис);

Бағасы (прагматика);

Ақпараттың қасиеттері:


  1. Объективтілігі: Егер ақпарат біреудің түсінігіне тәуелсіз болса, онда объективті ақпарат болады.

  2. Дәлдігі: Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда дәл ақпарат болады.

  3. Толықтығы: Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ақпарат толық болады.

  4. Өзектілігі: Егер ақпарат дәл қазіргі уақытта маңызды боса, онда ақпарат өзекті (актуальная) болады.

  5. Пайдалылығы: Егер ақпараттың көмегімен шешілетін мәселе оның маңыздылығымен байланысты болса, онда ақпарат пайдалы болады.

  6. Түсініктілігі: Егер ақпарат пайдаланушыға түсінікті болса, онда ақпарат түсінікті болады.

Ақпараттың өлшем бірліктері

Ақпараттың көлемін бағалау дегеніміз – ақпаратты саны жағынан өлшеу. Ақпараттың көлемін оның ұзындығы деуге болады. Ақпараттың көлемі деп хабардағы символдар санын айтамыз. Техникада ақпарат өзінің табиғатына байланыссыз екілік түрде сақталып, өңделеді. Екілік алфавит 0 және 1 символдарынан тұрады. Осы стандартқа байланысты ақпараттың бит және байт деген стандартты өлшем бірліктері енгізілді. Бір символ 8 бит немесе 1 байт арқылы жазылды. (1 байт =8 бит).

Бит дегеніміз 0 немесе 1. Сонымен бірге үлкейтілген өлшем бірліктер енгізілген:

1 Кбайт =1024 байт (кило)

1 Мбайт =1024 Кбайт (мега)

1 Гбайт =1024 Мбайт (гиго)

1 Тбайт =1024 Гбайт (теро)
Бекіту сұрақтары


  1. Ақпарат терминіне анықтама бер?

  2. Сигнал деген не?

  3. Электрлік түрде берілген сигналдардың артықшылықтары.

  4. Ақпараттың қасиеттері.

  5. Ақпараттың үздіксіз және дискеретті формасы.

  6. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.



3-дәріс. Компьютер ұғымы. Компьютердың функционалды схемасы.

Мақсаты: Компьютер ұғымы және оның функционалды схемасымен және жасау принциптерн таныстыру.

Ақпарат өзімен-өзі болмайды. Ол іздестірудің, жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өңдеудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады.

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өндеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.



Ақпаратты автоматты түрде өңдеуадамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.

Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мумкін:

Мәтіндік ақпарат:

оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа райын болжау, радио арқылы хабар т.б.

Сандық ақпарат:

көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойынындағы есеп т.б.

Графикалық ақпарат:

суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б.

Музыкалық (дыбыстық) ақпарат:

дыбыстар, музыка, сөз .

Бейне ақпарат

түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.


Компьютердің аппараттық құралдары:

  • кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;

  • ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есептеулердің нәтижелерін сақтауға арналған компъютер жадынан;

  • мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы-процессордан;

  • өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шыәару құрылғыларынан;

  • бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.

Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама - нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекетер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.


Процессор



Жад


Ақпараттық кеңарна (магистраль)

Енгізу құрылғылары



Шығару құрылғылары

Компьютердің құрылғыларының схемасы.

Бағдарламалық құралдар — әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:


  • жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

  • қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

  • бағдарламалық жүйелер деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы төмендегі суретте көрсетілген.



Көріп отырғанымыздай дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т.б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы т.с.с, жалғасады.

Контроллер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна (магистраль) немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады).

Бекіту сұрақтары


  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Аппараттық құралдар неден тұрады?

  3. Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді?

  4. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз.



4-дәріс. Дербес компьютердің архитектурасы. ДК-дің негізгі блоктары. Аналық плата. Микропроцессор. Орталық процессор
Мақсаты: Қазіргі компьютер архитектурасы, компьютерлердің функционалдық құрылымы, жады құрылымы түсініктерін енгізу.

Қазіргі компьютерлер алуан түрлі. Бірақ олардың құрылымы кез-келген компьютерде келесі негізгі құрылғыларды анықтайтын жалпы логикалық принциптерге негізделген:



  • нөмірленген ұяшықтардан тұратын жады: (жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ));

  • өзіне басқару құрылғысы (УУ) мен арифметикалық-логикалық құрылғыны (АЛУ) қамтитын процессор;

  • енгізу-шығару құрылғысы;

Бұл құрылғылар бір-біріне ақпарат беретін байланыс каналдарымен жалғанған. Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың арасындағы байланыс келесі схемада көрсетілген:

Жады функциялары:



  • Басқа құрылғылардан ақпарат қабылдау;

  • Ақпаратты есте сақтау.

  • Машинаның басқа құрылғыларының сұранысы бойынша информацияны беру;

Процессор функциясы: арифметикалық және логикалық операцияларды орындау жолымен берілгендерді сәйкес программа бойынша өңдеу.

  • Компьютердің құрылғыларының жұмысын программалық басқару.

Процессордың командаларды орындайтын бөлігі арифметико-логикалық құрылғы (АЛУ) деп аталады, ал басқа құрылғыларды басқару функцияларын орындайтын құрылғы басқару құрылғысы (УУ) деп аталады.

Әдетте бұл екі құрылғы таза шартты түрде ғана бөлінеді, ал құрылымдық жағынан олар ажыратылмайды.

Процессор құрамында регистр деп аталатын жадының арнайы қосымша ұяшықтары бар. Регистрлер қысқа мерзімге команда немесе сан сақтайтын функция атқарады. Регистр ішіндегі мәліметтермен арнайы электрондық схемалар кейбір манипуляцияларды жүргізе алады. Мысалы кейбір командалардың бөлігін ары қарай қолдану үшін қиып алу немесе сандармен белгілі арифметикалық амалдар жасау. Регистрдің негізгі элементі – триггер деп аталатын электрондық схема. Ол бір екілік санды сақтай алады (разряд).

Регистр – ортақ басқару жүйесінің белгілі әдісімен бір-бірімен байланыстырылған триггерлердің жиынтығы. Регистрлардың орындалатын операциялары бойынша айырмашылығы бар бірнеше түрлері болады. Кейбір маңызды регистрлардың өздерінің атаулары бар, мысалы:



  • Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры;

  • Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;

  • Команда регистрі – команданы орындауға қажет уақыт периодында команда кодын сақтауға арналған УУ регистрі. Оның разрядтарының кей бөлігі операция кодын сақтауға арналған, ал қалғаны операнд адрестерінің кодын сақтауға арналған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет