«информатика»



бет7/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93

Ерекшелеу тәсілдері

Бағандарды және абзацтарды форматтау үшін, ақпаратты көшіру, көшірмесін алу және жою үшін оны ең алдымен тышқанның немесе пернетақтаның көмегімен ерекшелеп алу керек.



Пернетақта көмегімен ерекшелеу

  1. Курсорды ерекшелеу керек фрагменттің басына орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерешелеу үшін пернелердің төмендегі комбинациясын пайдаланыңыз:

    • Shift +  немесе Shift + – бір жолды ерекшелеу;

    • Shift +  немесе Shift + –бір символды ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl +– бір сөзді ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl + – бір абзацты ерекшелеу;

    • Shift + Home – Курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + End – курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың соңына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + Home – курсор тұрған жерден бастап құжаттың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + End – курсор тұрған жерден бастап құжат соңына дейін ерекшелеу;

    •  Ctrl + A немесе Ctrl + қосымша пернетақтадағы 5 цифры – бүкіл құжатты ерекшелеу.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу

  1. Мәтіннің кішкене фрагментін ерекшелеу үшін, оның басына тышқанды шертіп, тышқан батырмасын жібермей көрсеткішті фрагмент соңына дейін тартыңыз, содан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.

  2. Мәтін блоктарын ерекшелеу үшін, төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданыңыз.




Сөз

Сөзге тышқанды екі рет шертіңіз

Сөйлем

Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанды сол сөйлемге бір рет шертіңіз

Жол

Ерекшелеу жолағына тышқанды шертіңіз(мәтіннің сол жағындағы бос өріс)

Абзац 

Ерекшелеу жолағына тышқанды екі рет шертіңіз

Құжат 

Ерекшелеу жолағына тышқанды үш рет шертіңіз

Тік блок

Фрагментті ерекшелеу кезінде Alt пернесін басып тұрыңыз


Мәтінді форматтау

Форматтау– бұл Word-тың құжатты безендіру мүмкіндігі.



Құралдар тақтасында форматтауға арналған бірнеше батырмалар орналасқан. Форматтаудың құралдар тақтасын қолдана отырып, қаріптің стилін өзгертуге болады. Сондай-ақ, фонның түсін өзгертуге болады, нөмірленген, маркерлеген тізімдер құруға болады, шекаралар қосуға болады, шегіністерді азайтып, көбейтуге болады.



1-сурет. Форматтау құралдар тақтасы

Мәтіндерді туралау

Үнсіз келісім бойынша Word -та мәтін сол жағы бойынша тураланады, ал оң жағы біркелкі болмайды. Бірақ мұны өз қалауымыз бойынша өзгерте аламыз. Құралдар тақтасында туралауға арналған 4 батырма бар. Біріншісі сол жағы бойынша туралау, яғни мәтін сол жағы бойынша тураланады, ал оң жағы біркелкісіз болады. Екіншісі - оң жағы бойынша туралау, яғни мәтін оң жағы бойынша тураланады, ал сол жағы біркелкі сіз болады. үшіншісі ортасы бойынша туралау, яғни мәтін құжаттың ортасына орналасады. Төртіншісі екі жақ шеті бойынша туралау (по ширине), яғни мәтін оң жағы және сол жағы бойынша да тураланады. Абзацты туралау үшін , оны ең алдымен ерекшелеп алыңыз, кейін Формат - Абзац командасын пайдаланыңыз немесе Форматтау(сурет1) құралдар тақтасын пайдаланыңыз. «Қызыл жолақты» орнату үшін Формат – Абзац – Первая строка – Отступ (сурет2) командасын пайдаланыңыз.



Жоларалық интервалды орнату

Жоларалық интервалды орнату үшін, ең алдымен мәтіндік фрагментті ерекшелеп алып, Формат – Абзац – Межстрочный командасын пайдаланыңыз. Содан кейін тізімнен керек интервалды таңдауға болады, мысалы, одинарный, полуторный, двойной.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет