«информатика»



бет4/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93

MS-DOS-тың командалары

MS-DOS ОЖ-нің тағы мынандай командалары бар:



  • MD- каталогтарды құруға арналған команда. Бұл ішкі команда. Енді қолдану мысалдарын келтірейік:

MD C:\GAME (С дискісінде GAME каталогын құру)

MD WORK (ағымдағы дискіде ағымдағы каталогта WORK подкаталогын құру)



  • CD- ағымдағы каталогты өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

CD D:\PRIM (D дискісіндегі PRIM подкаталогын ағымдағы каталог етіп орнату)

CD C:\PUBLIC\STUDENT (C:\PUBLIC\STUDENT каталогын ағымдағы каталог етіп орнату)

Аналық каталогқа көшу үшін CD.. командасы қолданылады, ал түбірлік каталогқа өту –CD\



  • RD- бос каталогтарды жоюға арналған ішкі команда. Каталогты жоймас бұрын оны және оған бағыныңқы каталогтардың бәрін файлдардан тазарту керек.

Мысалы, RD\SYS (түбірлі каталогқа салынған SYS подкаталогын жою . Бұл каталог бос деп қарастырылады.) Бұл команда ағымдағы каталогты жоя алмайды. Мұндай әрекет кезінде экранға ескертпе хабарлама шығады.

  • TYPE- экранға текстік файлдың мазмұнын шығаруға арналған ішкі команда. Қолдану мысалдары:

TYPE C:\primer.txt (С: дискінің түбірлі каталогында орналасқан primer.txt файлын қарау)

TYPE exampl.txt (ағымдағы каталог exampl.txt файлын көру)



  • COPY- файлдарды көшіру және біріктіруге арналған ішкі команда. Сонымен қатар бұл команда қарапайым мәтіндік файлдарды құру үшін де қолданылады.


Файлдарды көшіру

COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.

COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]

Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.

Мысалдар:

COPY note.doc letter.doc (ағымдағы каталог ішінде note.doc бастапқы файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc жаңа файлы құрылады. Егер онда letter.doc деген файл бар болса, COPY командасы қолданушыдан ауыстыру операциясын өткізуге рұқсат сұрайды)

COPY note.doc D:\REPORT (note.doc файлы ағымдағы каталогтан D: дискінің REPORT подкаталогына көшіреді. Егер REPORT каталогы болмаса, онда note.doc файлы D: дискінің түдбірлі дискіне report атты файлға көшіріледі)

COPY note.doc D:\REPORT\letter.doc (D: дискінің REPORT подкаталогында note.doc бастапқы файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc атты жаңа файл құрылады. Мұнда note.doc файлы ағымдағы подкаталогта орналасқан деп қарастырылады)

COPY report.doc PRN (берілген команда report.doc файлын принтерде басып шығаруға мүмкіндік береді, яғни файл мазмұнын PRN- принтер логикалық атауы бар құрылымға көшіреді)
Файлдарды біріктіру

COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс. Мысалы:

COPY kvartal1.doc+kvartal2.doc otchet.doc (бұл команданың орындалуы барысында ағымдағы каталог ішінде otchet.doc атты жаңа файл құрылып, оның ішіне kvartal1.doc және kvartal2.doc файлдарының мазмұны біріктіріледі)

Егер нәтижелі («қосынды») файлдың аты көрсетілмесе, онда атау ретінде COPY командасында берілген файлдардың алғашқысының аты беріледі. Мысалы:

COPY report+r1999.txt+r2000.txt (report атты бар файл r1999.txt және r2000.txt екі файлмен report атты жаңа файлға біріктіріледі)

Файлдарды біріктіру үшін сондай-ақ топталған операциялық шаблондарды да қолдану мүмкін. Мысалы:

COPY *.doc report.doc (ағымдағы каталогтың doc кеңейтілуі бар барлық файлдар ағымдағы диск каталогына орналастырылатын report.doc атты файлға біріктіріледі)

Мәтіндік файлдарды құрау

Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін:



COPY CON notes.txt

Командасын енгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copies. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.



  • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)

REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)


  • MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.


Norton Commander MS DOS–тың жұмыс істеу инструментарийі. MS-DOS операциялық жүйесінің файлдық қабықшалары ОЖ-мен жұмыс істеуді жеңілдетуге арналған. Ең танымал программалық қабықшалардың бірі - Norton Commander (NC) файлдық жүйесі. Оны Peter Norton Computing фирмасы құрастырған. Әйгілі американ программисті Питер Нортонды осы файлдық қабықшаны жобалауға MS-DOS операциялық жүйесінің қара, қарапайым, әрі қызықсыз экраны итермелеген деседі.

NC көптеген функцияларды көрнекі түрде орындауға мүмкіндік береді:



  • Дискілердегі каталогтарды көрнекі түрде кескіндеуге.

  • Дискіде каталогтар ағашын көрсетуге және оның бойымен қозғалуға.

  • Файлдар мен каталогтарды көшіруге, аттарын өзгертуге, тасымалдауға және т.б. әрекеттерді орындауға.

  • MS-DOS-тың кез-келген командаларын орындауға.

  • Файлдарды көруге және редакторлеуге.

NC басты функциональдық элементтері:

  • Кез келген екі дискінің директорийлерін кескіндейтін тәуелсіз, симметриялы екі көк тақта.

  • DOS операциялық жүйесінің командалық жолы, ол арқылы DOS-қа түрлі командаларды беруге болады.

  • Ғ функциональды пернелер жолы. Мұнда олардың атқаратын қызметтері меню түрінде көрсетілген.

Әр тақтаның үстіңгі жағында онда орналасқан каталогтар мен файлдардың дискілік жолы көрсетілген. Тақтаны ауыстыру үшін TAB пернесін қолдану керек.

Norton Commander программалық қабықшысын жүктеу үшін операциялық жүйеге NC командасы берілуі керек. NC –мен жұмысты аяқтау үшін Ғ10 функциональды пернесін басу керек. NC жүктелгенде экран бетінде екі терезе пайда болады. Олардың әр қайсысы файлдық жүйенің бір каталогының атауына ие болады. Экранның соңғы жолында функциональды пернелер және олардың атқаратын қызметтері орналасқан.

NC тақталарын басқару үшін келесі пернелер комбинацияларын қолдануға болады:


  • Ctrl-O – тақталарды жою /қалпына келтіру;

  • Ctrl-P – ағымдағы емес тақтаны алып тастау /қалпына келтіру;

  • Ctrl-U – тақталар орындарын ауыстыру;

  • Ctrl-F1 – сол жақ тақтаны алып тастау /қалпына келтіру;

  • Ctrl-F2 – оң жақ тақтаны алып тастау /қалпына келтіру;

  • Alt-F1 – сол жақ тақтаға басқа дискіні орнату;

  • Alt-F2 – оң жақ тақтаға басқа дискіні орнату.  

Ғ функциональды пернелер жолы. Мұнда олардың атқаратын қызметтері меню түрінде көрсетілген.


  • Ғ1- анықтама алу

  • Ғ2- қолданушы командаларының менюін шығару

  • Ғ3- файлды қарау

  • Ғ4- файлды редакциялау

  • Ғ5- файлды көшіру

  • Ғ6- файлды немесе каталогты тасымалдау

  • Ғ7- каталогты құру

  • Ғ8- файлды немесе каталогты жою

  • Ғ9- NC менюін шақыру

  • Ғ10- NC программасынан шығу

Shift+Ғ4- Файлды құру. Файл аты сұхбат терезесінде сұралады.


Бекіту сұрақтары

  1. MS-DOS ОЖ-нің қандай жасырын модульдерін білесіз?

  2. Олар не үшін керек?

  3. MS-DOS ОЖ-нің дамуы жайлы не айта аласыз?

  4. MS-DOS ОЖ-ін жүктеудің қандай түрлерін білесіз?

  5. Олар қалай жүзеге асады?

  6. MS-DOS ОЖ-сінің Windows ОЖ-нен қандай айырмашылығы бар?

  7. Артықшылықтары мен кемшіліктерін айтыңыз.


14-дәріс. Қолданбалы программалық өнімдер. Қолданбалы программалық өнімдер топтамасы. Жалпыға қолданылатын программалық өнімдер. Арнайы қолданылатын қолданбалы программалық өнімдер
Мақсаты: Қолданбалы программалық өнімдер, оның топтамасы ұғымын қалыптастыру.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтар - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтар әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды ендей алатын әмбебап программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:


  • текст редакторлары;

  • графиклық редакторлар;

  • электрондық кестелер (таблицалар);

  • оқыту және ойнау программалары;

  • информациялық жүйелер және т.б.

Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адам есеп беру кезінде құжат дайындау, мақала жазу, бір нәрсеге сипаттамалар жазу сияқты текст дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Текст редакторлары текстерді экран көмегімен түзетуге, қателерін автоматты түрде табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, текстерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп, көбейте отырып, басып шығаруға мүмкіндік береді.

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, олардың безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар.

Кең тараған текст редакторларына WordPerfect, Місrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.



Графиктік редакторлар график түріндегі информацияны дайындау және өндеу үшін қодданылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте қолайлы. Оның үстіне графиктік редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерінде жасай алады.

Графиктік редакторлар мәліметтсрдің есептелу нетижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата осьтеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола береді. Күрделі графиктік бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, РС Illustrator т.б. жатады.



Электрондык, кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлерінің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар — демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда оны мен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн.

Мультимедиалық программалар. «Медиа» - аударғанда «тасушы» (носитель), «хабарларшы» (вестник) дегенді білдіреді, қазіргі түсінік бойынша – ақпарат түрі, яғни «мультимедиа» - бұл барлық ақпарат түрлерінің біріккен түрі. Олар графика, дыбыс, видеопрограмма.

Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пендерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау, сақтау, және өндеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де - құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы (қоймасы), кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасынын ірге тасын қалайды.

Болашақта перспективасы бар информациялық жабдықтарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Солардың көмегімен кейбір мамандықтар салаларында эксперттер төртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар, әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүргізу жүзеге асып жатыр.

Әмбебап программалық жабдықтардың дамуының арқасында күрделі біріктірілген жүйелер (интегралданған) жасалып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып текст редакторын, электрондық кестелерді, графиктік редакторды, мәліметтер қоймасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т.б. жатады.

Әмбебап профаммалық жабдықтар дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске арырып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық платалар жасауды дайындауды, экономикалық және бухғалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы "'қағаздағы" мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информацияны алуды, таратуды, пайдалануды ұйымдастыру істерін жаңа белеске көтереді. Мұның өзі қоғамымызды информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.

Қолданбалы программалар ішіндегі ерекше бір топқа "қосымша" программалар жасау мүмкіндігін беретін программалаудың құралдық (инструменталдық) жабдықтары жатады.

Құралдық (инструменталдық) жабдықтар - басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшін қолданылатын программалар мен программалық кешендер.

Дербес компьютерде кең тараған құралдық жабдықтарға BASIC, PASCAL,C және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады, олар үшін соңғы кездерде әмбебап программалау жүйелері жасалған болатын. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір есептер тобын шығаруға өте қолайлы. Оның үстіне, әртүрлі ЭЕМ-дерде белгілі бір тілге ғана үстемдік беріледі.

Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа текстін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы текст редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа — компилятор (транслятор) көмегімен өз текстін машина тіліне аударатын. Ең соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.

Бүгінгі күн талабына сәйкес келетін программалық жүйелерді пайдалансақ, мұндай күрделі жұмыстар атқарудың ешбір қажеті жоқ сияқты. Қазір біріктірілген бір-ақ программалық десте осы аталған операцияларды түгел қамтиды. Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей денгейде болады деген сөз.

Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы қүрастырған қүжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осындай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.

Программалардың коммерциялық статусы


  1. Тегін программалық жабдықтар (freeware);

  2. Шартты- тегін программалық жабдықтар (shareware);

  3. Жарнамалы-төленетін программалар (adware);

  4. Коммерциялы программалық жабдықтар (commercialware);

  5. OEM –нұсқа.

  6. Шартты-төленетін программалық жабдықтар (donation ware); ( Изделие пожертвования);

  7. «Открытка» нұсқасы (cardware);


Бекіту сұрақтары:

  1. Қолданбалы программа дегеніміз не?

  2. Қолданбалы программалардың түрлерін атаңыз?

  3. Қолданбалы программар не үшін қолданылады?

15-дәріс. Мәтіндік процессор. Негізгі мүмкіндіктері. ТП MS Word-тың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері Word текстік процессоры. Word текстік процессорымен танысу. Word столының элементтері. Құжат жасауда менюді пайдалану. Жаңа құжат жасау. Тексті теру, өңдеу, абзацтарды форматтау. Құжатты сақтау
Мақсаты: Мәтіндік процессор, оның негізгі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерімен таныстыру. Word столының элементтері. Тексті теру, өңдеу, абзацтарды форматтау әдістерімен танысу.
MS Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. Word -пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталяциялық) дисктерден немесе компакт - дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.



Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен.

  2. Программаларды Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  • Файл => Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (х) басу;

  • Тікелей Alt + Ғ4 пернелерін басу.


WORD экранымен танысу
WORD редакторын жүктегеннен кейін экранда қосымшаның терезесі ашылады. Меню жолының астында негізінен сатнадартты екі тақта - Стандартты және Форматтау тақталары орналасады. Тақталарды экранға шығару үшін немесе алып тастау үшін Вид - Панели инструментов командасын таңдап, керек тақтаның атын таңдау керек. Егер тақта экранда көрініп тұрса, онда оның атауынын қасында қара жалауша орналасатын болады. WORD құжаттар терезесінде екі сызғышты - горизонталь және вертикаль экранға шығаруға болады. Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан горизонталь сызғыш жол ұзындығын көрсетеді. Бұл сызғышты шегіністерді, бағандардың және өрістердің енін беруде қолдануға болады, сондай-ақ табуляторларды орналастыру кезінде қолдануға болады. Вертикаль сызғыш құжаттың сол жағында орналасқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі өрістерін өзгертуге болады, сонымен қатар кестелердегі жол ұзындығын да өзгертуге болады. Бұл сызғыштарды қалауымыз бойынша экраннан алып тастауға болады. Ол үшін Вид-Линейка командасын орындаймыз.

Қалып күй және қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, оның сол жақ бөлігінде терліп жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді.

  • стр 1 - теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі, 1-бет;

  • разд 1 - ағымдағы бөлім нөмірі;

  • 1/1 - құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 1-бетте, ал құжат барлығы 1 беттен тұрады;

  • Ст 1 — осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;

Кол 1 — осы жолдың басынан курсорға дейінгі символдар саны.

Құжаттың жұмыс үстелінде «курсор» деп аталатын тік сызық орналасқан. Енгізілетін барлық символдар курсор тұрған жерден басталады.

Пернетақтадағы бір батырма әртүрлі символдарды енгізуі мүмкін. Төменде солардың кейбіреуі көрсетілген.

Пернетақтаның тілін өзгерту үшін Alt+Shift немесе Ctrl+Shift (басқару тақтасындағы баптауға байланысты) пернелерінің комбинациясын таңдауға болады.. 

Төменгі оң жақ бұрышта пернетақтаның ағымдағы тілі көрсетіліп тұрады. Ru белгілеуі орыс тіліне, En – ағылшын тіліне, Kк- қазақ тіліне сәйкес келеді.

Пернетақтаның тілі орыс тілі болған кездегі пернелер комбинациялары



Символ

перне

Символ

перне

Символ

перне

!

Shift + 1

?

Shift + 7

/

Shift + \



Shift + 2

*

Shift + 8

.

/



Shift + 3

(

Shift + 9

,

Shift + /

;

Shift + 4

)

Shift + 0

Бас әріп

Shift +әріп

%

Shift + 5

_

Shift + -

Жаңа абзац

Enter

:

Shift + 6

+

Shift + =







Пернетақтаның тілі ағылшын тілі болған кезденгі пернелер комбинациялары


Символ

Клавиши

Символ

Клавиши

Символ

Клавиши

!

Shift + 1

&

Shift + 7

|

Shift + \

@

Shift + 2

*

Shift + 8

/

/

#

Shift + 3

(

Shift + 9

?

Shift + /

$

Shift + 4

)

Shift + 0

Бас әріп

Shift + әріп

%

Shift + 5

_

Shift + -

Жаңа абзац

Enter

^

Shift + 6

+

Shift + =






«


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет