Сабақтың тақырыбы: №23 Мәтінді теру ережесі. Мәтінді енгізу және редакциялау.
|
Мұғалімніңаты-жөні: Джурабаев Х.
Күні: 21.02.2017
|
СЫНЫП:
5 А,Б,
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
|
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторын да мәтін теру ережелерінің мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету.
Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы бейнелеуге тәрбиелеу. Алған білімдерін жинақтау.
|
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну):
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
WordPad мәтіндік редакторында мәтіндерді теріп, сақтап, сақталған мәтінді аша алады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
WordPad мәтіндік редакторында мәтіндерді теріп, түзету ережелерін еркін пайдалана алады.
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Оқушылардың кейбіреулерімынаныорындайалады:
WordPad мәтіндік редакторында мәтіндерді теріп, түзету ережелерін еркін пайдалана алады
|
Тілдік мақсат:
|
Сабақта қолданылатын термин сөздер:
Мәтін, терезе, алмасу буфері, пішімдеу, меңзер (қазақ тілінде)
Текст, окно, буфер обмена, форматирование, курсор (орыс тілінде)
Text, window, copy buffer, formatting (ағылшынтілінде)
|
Ресурстар:
|
Компьютердің стандартты программалары, мәтіндік редактор WorldPad, электронды оқулықтар. Информатика 5 158-162
|
Пәнаралықбайланыс:
|
Қазақ тілі, геометрия
|
Алдыңғы оқу:
|
№22 Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Сабақ барысы және
Жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау (Миға шабуыл», «мағынаны тану», «Суретпен жұмыс», «ББҮ» )
|
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут
|
|
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
Мәтіндік редактор туралы жалпы түсінік дайындау.
|
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Мәтіндік редакторды іске қосу жолдарын мен
құрал-саймандар көмегімен атқарылатын іс-әрекет түрлерін білу.
|
Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Өзінің өмірбаянын және отбасы туралы мәтіндік редакторда құжат дайындап келу.
|
Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
|
ЖАҢА САБАҚ
12минут
|
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);
Мәтіндік редактор туралы жалпы түсінік.
Редакторды іске қосу жолдары.
Орындалатын амалдар. Мәтіндік редактордың батырмаларының атқаратын қызметі және мәтінді пішімдеу.
|
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)Мәтіндік редактордың атқаратын қызметі туралы жалпы түсінік айту.
|
Жұптық жұмыс.
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Мәтіндік редактор бағдарламасын түрлі жолдармен іске қосу. Қарапайым мәтін жазу.
|
Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Мәтіндік редактордың құрал-саймандарын қолданып, мәтінді пішімдеу.
|
Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)
Бас әріпті қалай енгіземіз?
|
Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Бос орын қай кезде қойылады?
Enter пернесін қай кезде басу керек?
|
Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
|
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
|
Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады?
Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.
|
Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
|
БАҒАЛАУ
|
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады.
|
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
|
Стикер немесе парақшалар көмегімен оқушылардан кері байланыс алу.
|
|