Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Тақырып 23 Педагогикалық технологиялар (1сағат)



бет158/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   213
Тақырып 23 Педагогикалық технологиялар (1сағат)
Мақсаты: педагогикалықтехнологилардың ерекшеліктері, түрлері, қызметтерітуралыблімдерді қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Педагогикалық технлогиялардың мәнін ашу
ә) Дәстүрлі және қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен түрлерімен таныстыру.
б) Педагогикалық технологиялардың қызметерін ашып көрсету;
г)Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негізі туралы түсінік қалыптастыру.
Технология ұғымы біздің жүз жылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отрып, К.Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерн қанағатандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға қызмет ету оның бағыттын анықтвйды, тәжірибелік процестердіңбарысына тікелей емес, технологиялық үлгілер арқыл жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауының негізгі себептерінің бірі - нақты қолдабалытеориялар мен технологиялардың жоқтығы. Осыған байланысты қазіргі уақытта педагогика ғылымында да тхнологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарылату мақсатында қазіргі кезеңдегі педагогикалықтехнологияларды пайдалану талпынысытары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердің оқыту жәнетәрбиелеуді жүйелі, тиімді процессуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет