- ізденіс бақылау көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп уақыт пен зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді.
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық сипаты мен өлшемінің тәртібі бақылаудың негізін құрайды. Өлшем – зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.