Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет36/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   213
2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б.. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте жоққа шығару ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. сonjunction – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір бірімен өзара байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар жүйеге кірерде және одан шығарда деректерге талдау жасап, салыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет