Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу



бет34/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   213
6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу ізденушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы түсінік беретін әдістің бір түрі.
7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін барлық құжаттар зерттеудің ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің және т.б.ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Осылар және зерттеудің бірнеше басқа да әдістері алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған. Аланған ақпаратқа педагогикалық ұйымдар жүйесінде және зертеудіңконцептуалды құрылымының әдіснамалық ерекшеліктері жүйесінде түсінік берілуі және талдау жасалуы керек.
Зерттеубелгілі бір мәселені ойлау, концептуалды-тұлғалық және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қортындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды зерттеудің негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға енгізуге болады.
Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет