Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет33/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   213
5. Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-пелагогикалық тексеру медикалық- педагогикалық кестені кешенді жаппай дайындаумен жиі байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді. Тексеру барысында оқушылардың өмір-баяны, психологиялық-педагогикалық мінездемелері, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, балалардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.
Зерттеушінің кесте мәліметтері мен балаларды тексеруінің мазмұндық-мағыналық талдауы негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін орындауының және оқу-тәрбие процесіне бейімделуінің даралық ерекше әдіс-тәсілдері айқындалады. Медикалық-педагогикалық тексеру кестелеріне талдау оқушылардың ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын айқындауын ескере отырып жүргізуі қажет. Оларға қорытынды жасай отырып, нақты бір оқушыларды оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жолдары мен тәсілдерін ойластыруға көшуге болады. Медициналық-педагогикалық кестедегі белгілі бір концептуалды-әдістемелік үлгі бойынша педагогика мен психология жетістіктеріне сүйеніп, жеке тұлғаның әлеуметтену мәселесінің жеке дара және ұжымдық шешімін табуға болады. Бұл оқушылардың ресми және бейресми қарым-қатынасы кезіндегі конструктивті және іс жүзінде пайдалы іс-әрекетін ұйымдастырудың интеллектуалды-танымдық және коммуникативті-жекелік аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеушінің міндеті талдаудың сандық және сапалық талдау әдістемелерін құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет