Оқыту процесiнiң заңдылықтары:
1. Оқушының бiлiмге деген ынтасына оқытушы әсерiнiң сәйкестiгi;
Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниенi тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалiмнiң балаға өмiрде қажет болатын, оларды қызықтыратын бiлiмдi берудегi белсендi ықыласын қажет етедi.
2. Оқушылардың жеке және ұжымдық iс-әрекеттерiне оқытушының әсерiнiң сәйкес болу заңдылығы.
Бұл заңдылық мұғалiмнiң, оқыту процесiнде баланың айналысатын iс-әрекеттерiң әрбiр түрiнiң оның қандай қасиетiн талап етiп,сонымен бiрге оны дамытып отыратынын түсiнуiне мүмкіндік жасайды.