Тапсырмалар, сұрақтар: Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білесіз?
Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы қандай кинофильмдер түсірілді? Өзіңіз көрдіңіз бе?
Қазақтың тағы қандай батырларын білесіз?
Берілген мәтінмен жұмыс жүргізіңіз
«Әлия» әнін жаттап алыңыз
Бақылау түрі: Мәтінмен жұмыс, жаттау
Әдістемелік нұсқау: Сөздікпен жұмыс, мәтінді аудару, сұрақтарға жауап беру, көрген кинофильмдері туралы сұхбат жүргізу
Үлестірмелі материалдар: Сөздік
Мәтін
Суреттер
Әндер жинағы
Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
№26. Тақырыбы:Құрмалас сөйлемдерді қайталау.
Мақсаты: Құрмалас сөйлемдер бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру. Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға қалыптастыру.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1.Құрмалас сөйлем деген не?
2.Құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.
3.Құрмалас сөйлемге мысалдар келтіріңіз
4.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз.
5.Салаластың әр түріне сөйлемдер құраңыз
6. Құрмалас сөйлемнің сабақтас болуының негізгі белгісі қандай?
7.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қандай тәсілдермен байланысады?
1-тапсырма.Мәтінді оқып,мазмұндап айтыңыз.