Тапсырмалар, сұрақтар:
Өсиетте не деп жазылған?
Өсиетте жазылғандармен келісесіз бе?
«Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіз?
Мәтінмен жұмыс жүргізіңіз.
Тақырыпқа байланысты шығарма жазыңыз.
Бақылау түрі: Мәтінмен жұмыс, шығарма
Әдістемелік нұсқау: Мәтінді сөздік арқылы аудару, сұрақтарға жауап беру, өз ойын шығарма арқылы беру
Үлестірмелі материалдар:
Мәтін
Сөздік
Ана туралы мақал-мәтелдер
Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
№27. Тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі. Олардың тыныс белгілері. Диалог
Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін не ойын қатыстырып айтып, не жазып отырады. Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір,нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады: «Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиістіміз», – деді .
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Мысалы: Өздері оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиіс екенін айтты. Төл сөзді жеткізу үшінқажетті сөзді автор сөзі дейді. Басқа біреудің сөзі төл сөз болса, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Тыныс белгілері:
1. « Төл сөз », - автор сөзі.
2. Автор сөзі: « Төл сөз ».
3. Автор сөзі: « Төл сөз », - автор сөзі.
Төл сөздердің біразы автор сөзінің қатысынсыз да кездесіп отырады. Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогті сөйлемдер бас әріппен басталады да, алдынан сызықша қойылады.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Төл сөз, автор сөзі дегеніміз не?
2.Тыныс белгілері туралы айтып беріңдер.
3.«Туристік сапарда» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |