Қостанай облысы Арқалық қаласы Б. Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі



Дата11.01.2017
өлшемі175,4 Kb.
#7124
Қостанай облысы Арқалық қаласы

Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Елтебаева Гулсин Тукенкызы

Дидактикалық ойындар арқылы оқушы белсенділігін арттыру”.



І.Кіріспе

Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.



ІІ. Негізгі бөлім

Дидактикалық ойындарды сабақтың

әр алуан буындарына енгізу:


  1. Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар

  2. Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық

  3. ойындар

  4. Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар

  5. Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар.

  6. Есептік дидактикалық ойындар

  • баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту

  • Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

  • Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

  • 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі

Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;

2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:

а) шығармашылықтың Мен–субъектісінің рольдік образын игеру;

б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;

в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;

г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;

д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.

Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:

а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары).



Дидактикалық ойындардың сапалылығы:

Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.



Дидактикалық ойын түрлері:

1) Заттық дидактикалық ойындар

Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:



1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.



4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу — тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.


Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл — күйін сергітеді, ерік — жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс — әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сабақта ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:

—          жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

—          сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

—          шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

—          өзіне деген сенімділік пайда болады;

логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын технологиясы:

 Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ана тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім. Сондықтан, бастауыш сыныпта ана тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.

Олар :


  1. Ана  тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;

  2. Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;

  3. Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.

Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.

Мен өз сабақтарымда (нәтиже сабақта) көптеген ойын түрлерін қолданамын.        Ойын «Кім тез?» ай аттарын дұрыс жаз.



1. ңақарт

2. пақна


3.уарзын

4. рымма


5. мысума

6. рқүқыйке

7. арқаша

8. зақан


9.лежсантоқ

10.мазыт


11.деліш

12.суірә


 «Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай

    «Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.


1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Қосымша дегеніміз не?

5. Жұрнақ дегеніміз не?

6. Жалғау дегеніміз не?

7. Түбірлес сөз дегеніміз не?

8. Туынды сөз дегеніміз не?

9. Көптік жалғаулары?


   

«Кім тез?» ойыны.

Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрып, буын санын айтады.



«Қызық сөздер» ойыны.

 Мысалы: Қақ, қазақ, қызық, нан, т.с.с.

 «Қатесін тап» ойыны.

А) Материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.

Б) Оқушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.

«Әңгімені аяқта» ойыны.

Берілген сөйлеммен аяқталатындай етіп, әңгіме құрау.

«… Осы оқиғадан кейін біз бір-бірімізге өтірік айтпауға уәде бердік».

«… Арада қанша жыл өтсе де, Қожа сол оқиғаны ойынан шығара алмады».



«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.

Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Е,Б,Ә)



  1. Сен бүгін нешеде тұрдың?

  2. Сен қандай үйірмеге барасың?

  3. Демалыста қайда барасың?

  4. Сабақ нешеде басталады?

«Ойлан, тап» ойыны.

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу



  1. Шай қайнатым уақыт

  2. Аяқ астынан

  3. Кірпік қаққанша

«Кім тапқыр» ойыны.

 Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу



«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.

  1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)

  2. Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)

Тақырыбы: «Сиқырлы қорап»

Мақсаты: Қорапша ішіндегі тапсырмаларды орындау арқылы екі таңбалы санды жазып, оқи білуге, жылдам ойлап, есептей алуға үйрету; Қосуды тексеруді меңгерту.

1-тапсырма

  • Санды және әріпті өрнектер таратылады. Тақтаға ілінген «әріпті өрнек» , «санды өрнек» кестесінің жанына жиналады. Дұрыс тауып барған балаға жұлдызша беріледі.

  • Бос торды толтыр:

4 + 2 =8 - 4 = 2 - 2 = 4 2 + = 8
2-тапсырма

  • Мына сандардан төрт тура теңдік құр:

5, 3 және 8 40, 10 және
Тақырыбы: «Балапандарды құтқару» ойыны

Мақсаты: Ойын арқылы математикаға қызығушылығын арттыру. Қосу мен азайтудың тексеру жолдарын қайталау, отырып, жылдам есептеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны: Тауық балапандарымен қыдырып жүр. Бір уақытта қу түлкі бірнеше балапандарын ұрлап алады. ( Мұғалім балапандарды жасыра қояды). Балаларға тауыққа көмек қажет екендігі айтылады. Түлкінің тастап кеткен тапсырмалары бар екен. Неше балапан болса, сонша тапсырма бар. Оларды орындап, балапандарды құтқарамыз.

Тақырыбы: «Алма теру» ойыны

Мақсаты: Санды және әріпті өрнектерді айырып, мәнін жылдам есептеу дағдыларын арттыру.



Мазмұны: Алма ағашы. Онда сыртында өрнектер жазылған алмалар өсіп тұр. Алма ағашының түбінде «санды өрнек» және «әріпті өрнек» деп жазылған себеттер тұр. Алмаларды себетке дұрыс толтыру керек.


санды өрнек әріпті өрнек

Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт»,  "Мәтінді жалғастыр" ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына  жақсы дағдыланады.

Жануарлар  атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін мынандай ойын түрін жүргіземін:

«Адасқан малдар» ойыны.

Төрт түлік  малдың сүреттері  тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында жануарлардың өз балалары суреттелмеген.  Сонымен  балалар төрт түлік малдың  қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.



Тақырыбы: «Ақсүйек» ойыны

Мақсаты: Ақсүйекті жинау арқылы жарыса уақыт өлшемдеріне берілген тапсырмаларды орындау. Ұзындық және масса бірліктері туралы білімдерін тиянақтау. Ойлау қабілеттерін дамыту

Мазмұны: Тақтадағы «ақсүйектің» астында тапсырмалар тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса сол табады. Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады. Көп жинаған бала бағаланады, мадақталады

ІІІ.Қорыта айтқанда

Дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.



Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет