1-қосымша бекітемін: келісемін: Мектеп директоры: А. Мәдибаев мкк төрайымы: С. Ильясова



Дата11.07.2017
өлшемі39,15 Kb.
#21158
1-қосымша

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:

Мектеп директоры: А.Мәдибаев  МКК төрайымы: С.Ильясова

                                                         

 

 

 



Таран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің

Таран қазақ орта мектебі қызметкерлерінің

 

 ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ



 Е Р Е Ж Е С І

 

Осы ереже ҚР Еңбек кодексіне және мектеп-Жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және мектеп қызметімен байланысты т.б. сұрақтарды ретке келтіреді.



Ереже еңбек шарты жасалған барлық қызметкерлеріне таратырады.

Қызметкерлердің міндеттері лауазымдық нұсқаулары мен еңбек шартымен анықталады.

Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар мен қоғамдық шаралар қолданады.

1. Мектептің қызметкерлерінің жалпы міндеттері: 

1.1.Мектеп қызметкерлерінің міндеттері:

* мектептің Жарғысында, ішкі тәртібінің ережесінде және лауазымдық нұсқауларында көрсетілген міндеттерді қатаң түрде орындау;

* еңбек тәртібін сақтау – жұмысқа уақытында келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, әкімшіліктің бұйрықтарын уақыттылы орындау;

* еңбекті қорғау ережесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарын, өндірістік санитарлық, өртке қарсы ережені және алдын-ала ескертілген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау;

* жұмыс орнының таза және ұқыпты ұстау, белгіленген материалдық құндылықтар мен құжаттарды ретпен сақтау;

* мектептің оқушыларына мектептің мүлкіне ұқыпты қарауды үйрету, жылу, электрэнергияны, материалдарды үнемді қолдану;

* медициналық тексерістер туралы нұсқауларында белгіленген тиісті мерзімге дейін медициналық тексерістен, қажетті егілуден өту.

1.2. Мектептің педагог қызметкерлері сабақ және қоңырау уақытында оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Оқушылардың жарақаттанған кезінде әкімшілікке дер кезінде хабарлау тиіс.

1.3. Оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға тыйым салынады.

 1.4. Педагогтар оқушыларды сабақтар аяқталған кейін келесі жағдайдарда қалдыруға болады:

 - сынып сағаттары мен жиналыстар өткізілгенде;

 - қоғамдық және сыныптан тыс өткізілетін іс шаралар және дайындалғанда;

 - сынақтар, қосымша сабақтар, кеңестер;

 - мектепішілік кезекшілікте.

1.5.Педагогикалық кадрлардың аттестаттау туралы ережесіне сай педагогтар бес жылда 1 рет аттестаттаудан өтеді.

1.6. Мектептің әкімшілігі мұғалімнің шығармашылық жұмыстарына жағдай жасайды.



2. Педагогтар мен қызметкерлердің

жұмыс уақыты және оны қолданылуы: 

2.1. Мектепте жұмыс апталығы 6 күндік белгіленген, жалпы жұмыс уақыты ұзақтылығы 40 сағаттан аспайды.

2.2. Педагогтардың сабақтарының жүктемесін мектеп директоры бөліп, белгілейді, кәсіподақ комитетінің келісімімен. Жүктеменің көлемі, ережеге сай, оқу жылының барысында жарты жылдықтар бойынша тұрақты.

2.3. Штаттық кестеде енгізілген қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы – 9.00 ден бастап 18.00 дейін орнатылған.

2.4. Директордың, оқу-тәрбие, тәрбие, шаруа жөніндегі директордың орынбасарларының жұмыс уақыттары 8 сағаттан асуы мүмкін.

2.5. Мұғалімдер сабақтың басталуына дейін 15 минут бұрын келулеріне міндетті.

2.6. Мұғалімдер қоңыраумен жұмысқа кіріседі.

2.7. Сынып жетекші өзіне сеніп тапсырылған сыныптың оқушыларын ыстық тамақпен ұйымдастыруына жауапты.

2.8. Апта сайын мектепішілік кезекшілік өткізіледі. Кезекші сыныптың міндетіне:

 - келмеген оқушылар туралы мәлімет жинайды;

 - тамақтануды ұйымдастыруға көмектеседі;

 - гардеробтың реттілігін қамтамасыз етеді.

Бастауыш 1-4 сыныптарына өздері кезекшілік ұйымдастырады.

2.9. Демалыс күндері жұмыс уақыты болып есептеледі. Демалыс уақытында келмеген жұмыскерлер жұмысқа шықпаған болып саналады.

 

2.10. Педагогтарға және басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:



 - өзінің көзқарасына қарай сабақ кестесін өзгертуге;

 - мұғалімсіз оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға.

2.11. Оқу меңгерушісі мұғалімдер мен оқушыларды уақытында сабақ ауысуы туралы ескертеді.

2.12. Мұғалім сырқаттанған және тағы да басқа жағдайларда әкімшілікті алдын-ала ескертуге міндетті.

 2.13. Мектепте бірқалыпты педагогикалық ереже белгіленеді.

2.14. Мектепте бірқалыпты педагогикалық тәртіп белгіленеді.



 

Осы Ереже бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер тәртіпті орындауларына міндетті.



Барлық қызметкерлер, осы Ереже бекітілгенге дейін жұмыс атқарған және жаңадан қабылданған қызметкерлер міндетті түрде қолы қойылып таныстырылады.

Осы Ереже мектептің ішкі құжаты болып есептелінеді және іс-жүргізу бөлімінде сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет