Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Кеңқияқ ЖОББМ
Бөліп шығару.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Нурлиева Ляззат Мендигуловна
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.1.5.1-ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар үшін: ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңызын білу
Көптеген оқушылар үшін: ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың соңғы өнімдерін талдау
Кейбір оқушылар үшін: зәр шығару жүйесі мүшелерін сәйкестендіру
|
Бағалау критерийі
|
Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңызын біледі.
Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың соңғы өнімдерін талдай алады.
Зәр шығару жүйесі мүшелерін сәйкестендіреді.
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты терминологиялық сөздіктер: Мембрана , бүйрек, несепағар
Тіршілік әрекетінің қалдықтары ------ арқылы бөліп шығарады. -----қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты мүше.
Адам мен сүтқоректілер үшін азот бар шлак ---- болып табылады.
|
|