Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік

бет6/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,72 Mb.
#58377
1   2   3   4   5   6   7   8

Спорт туралы негізгі ұғымдар

Мақсаты: Қазақстандағы спорт түрлері, Қазақстан спортшылары, Қазақстанның олимпиада жүлдегерлері туралы мағлұмат беру.
1-бап.

Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      2) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;
      3) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;
      5) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргiзуiн талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      6) кәсiпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi;
      7) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн белгiлейтiн спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi;
      8) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
      9) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;
      10) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
      11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;
      12) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткiзуге арналған объектiлер;
      13) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;
      14) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристiк мақсаттағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;
      15) аккредиттеу - уәкiлеттi органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкiлеттiгiн ресми тануы;
      16) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;
      17) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      19) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?

2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?

3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?

4. Диалогтармен жұмыс жүргізіңіз.

5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.

Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару, өз диалогтарын құрастыру.

Таратылатын материалдар:

  1. Диалогтар

  2. Сөздік

  3. Оқулық

Әдебиеттер:

    1. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

    2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

    3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

20.Тақырыбы: Толықтауыш. Спорт туралы негізгі ұғымдар

Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады. Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Пысықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан? қайдан? кім үшін? не мақсатпен? не себепті? неліктен?

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.

2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.

3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.

21.Тақырыбы: Пысықтауыш .

Қазақстанның танымал спортшылары.

Мақсаты: Қазақстанның танымал спортшылары туралы түсінік беру,әңгімелеп айтуға жаттықтыру
1. Серік Қонақбаев (бокс) Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері. 1979 және 1981 жылдары Еуропа жеңімпазы, 1982 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 1979, 1981 жылдары әлем кубогының иегері,1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Дәулет Тұрлыханов

(грек-римдік күрес)

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның жеті дүркін, 1987 жылғы және 1987 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері. Дәулеттің грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты.

Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол жүлдегер атанды.

Анатолий Храпатый

(ауыр атлетика)

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның бірнеше дүркін, Еуропа және әлемнің бес дүркін жеңімпазы. 1988 жеңімпазы, 1996 жылғы Атлантада өткен Олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері.Қазақстан ежелден палуандарымен, батырларымен әлемге әйгілі.

Анатолий Храпатый – әлемнің ең күшті палуандарының қатарына кірген Қазақстанның бірегей алып спортшысы. 1977 жылы Атбасарда балалар спорт мектебінің табалдырығын көптің бірі боп аттаған Анатолийден Олимпиада жеңімпазы шығады деп сол кезде ешкім ойламаған. Олимпиадалық ойындарға Анатолийді ауыр атлетикадан ең үздік мамандардың бірі А. Стерликов дайындады.

2- Тапсырма Маған ұнайтын Қазақстан спортшысы тақырыбына эссе жазыңыз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?

2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?

3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?

4. Диалогтармен жұмыс жүргізіңіз.

5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.

Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару, өз диалогтарын құрастыру.

Таратылатын материалдар:

  1. Диалогтар

  2. Сөздік

  3. Оқулық

Әдебиеттер:

    1. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

    2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

    3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

22. Тақырыбы: Жай сөйлем. Оның түрлері.

Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып келеді. Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Бұл сөйлемді айтқанда интонация бірте-бірте бәсеңдеп отырады. Сөйлем соңында нүкте қойылады. Мысалы: Күз басталды. Күн де салқындай бастады.

Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер сұрау интонациясы арқылы, сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы және ма,ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолданылуы арқылы жасалады. Мысалы: Қайда барасыз? Дәрігерді шақырдың ба?

Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы бұйрық рай тұлғасынан жасалады. Мысалы: Енді ол жаққа барғызба.Соны ойласаңшы.

Лепті сөйлем – сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну, аяу т.б.) білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлем. Мысалы: Астана неткен тамаша! Оқыса жақсы-ау!

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сұраулы сөйлем қалай жасалады?

2.Лепті сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.

3.Сөйлем түрлерін қамти отыра бір күніңізді қалай өткізгеніңіз туралы қысқа әңгіме құрыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Сөйлем түрлерінің мағынасын білдіру, жасалу жолдарын анықтау, оны бекіту жұмыстары жүргізіледі. Өздері құрған қысқа әңгіме ішінен сөйлем түрлерін тауып, олардың жасалу жолын, интонациясын түсндіреді.

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

Жыл санау немесе жыл қайыру

Халық жыл санау дәстүрін он екі жылдан қайырып отырады да, оған жыл басын тышқан, соңын доңыз деп аяқтайды. Жыл аттарына сәйкес аңыздар да шығарған. Жыл қайыру жылды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы. Адам жасын есептегенде біріншісін 13 жылдан алып, одан кейінгілерін сол алғашқы есептелген санға 12 жылдан қосып есептеп, оны бір мүшел деп санаған да, адам жасын оңай шығарып ала берген. Мәселен, тышқан жылы туған адам сол тышқан жылы айналып келген сайын мүшел жасқа шыққан болып есептеледі. Бірінші мүшел 13 жас – сәби шақ мүшелі, екінші мүшел 25 жас – ер жету мүшелі, үшінші мүшел 37 жас- жігіттік мүшелі, төртінші мүшел 49 жас – орта жас мүшелі, бесінші мүшел 61 жас – ақсақалдық мүшелі, алтыншы мүшел 73 жас- қарттық мүшелі, жетінші мүшел 85 жас – кәрілік мүшелі. Бұрынғы қариялар алты мүшелге толдым немесе жеті мүшелден астым дейтін болған. Жыл басы наурыз айының 22 – сі болып есептеледі, жыл санау да осы күннен басталады. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі мынадай:

Тышқан 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996

Сиыр 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997

Барыс 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998

Қоян 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999

Ұлу 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000

Жылан 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001

Жылқы 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002

Қой 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003

Мешін 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004

Тауық 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005

Ит 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006

Доңыз 1935 1947 1959 1971 1983 1995 2007

Тапсырмалар, сұрақтар:

1.Мәтінді оқы.

2.Ай, жыл атауларын айт.

3. Қазақ халқының жыл санау ерекшелігі жайында әңгімеле.

Бақылау түрі: жыл аттарын жаттау

Әдістемелік нұсқау: Мәтінмен жұмыс жүргізу: дұрыс оқуға, айтуға жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру, өз беттерінше сұрақ қойғыза білуге үйрету.

Үлестірмелі материалдар: кесте

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

23.Тақырыбы: Межелік бақылау

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тексеру.

Әдістемелік нұсқау:

Жалпы өткен тақырыптарды қайталау. Берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін тексеру.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері

    2. Омоним, синоним сөздерге мысалдар келтіру.

    3. Сын есімнің шырайлары

    4. Сан есімнің мағыналық топтары

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

№24Тақырыбы: Құрмалас сөйлем. Оның түрлері.
Бір немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Жай сөйлемнің материалы сөз тіркесі болса, құрмалас сөйлемнің материалы – сөйлем. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жаңбыр жауды (жай сөйлем). Жаңбыр жауды да, жер көгерді (құрмалас сөйлем). Құрамындағы бөліктердің өзара байланысу жолдарына байланысты құрмалас сөйлем, негізінен, екі түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем және сабақтас құрмалас сөйлем.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Құрмалас сөйлем деген не?

2.Құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.

3.Құрмалас сөйлемге мысалдар келтіріңіз.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.

  1. Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал келтіре отырып, анықтамасын айту.

  2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге анықтама беріңіз.

  1. Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік.

  2. Жаттығумен жұмыс

  3. Мәтінмен жұмыс

Себеп- салдар салалас құрмалас- жай сөйлемдерің бірі екіншісінің себебін білдіреді. Жалғаулығы: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін.

Талғаулы салалас құрмалас- жай сөйлемдерінде айтылған іс- әрекеттің біреуі ғана орындалады. Жалғаулығы: не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не болмаса.

Кезектес салалас құрмалас- іс- қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.

2.Жаттығумен жұмыс

1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.

Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты - сын жіберді. Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті. Күн кешкірген кезде "Бородиноға" генерал Чистяков пен полковник Капров келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.

  1. Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал келтіре отырып, анықтамасын айту.

  2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге анықтама беріңіз.

Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік.

  1. Жаттығумен жұмыс

  2. Мәтінмен жұмыс

Халықтың уақытты анықтау белгілері

Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерді кең табиғат құшағында, мал өрісінде, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жасаған.

Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын – күн мен түннің, жыл мезгілдерінің, ай жаңалауының алмасып отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тәжірибелік маңызы болған.

Қазақ халқы уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын, оған лайықты сөз өрнектерін таба білді. Жылды, тоқсанды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай ретімен ыңғайын ойластыра келтірді. Мерзім, мезгіл өлшемдеріне қатысты халық өлшемі мен атауы өте бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқсан). Мезгіл сол уақыттың бір сәтін айқындайды ( мысалы: түс, кеш, түн ортасы). Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады. Мезгіл өлшемдері: бір сәт, қасқағым, ә дегенше ( 1 секунд), сүт пісірім ( 5-10 минут), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім ( 2,5-3 сағат), жарты күн, тәулік – бір күн, бір түн немесе 24 сағат, апта ( 7 күн), ай ( 30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн немесе 12 ай...), ғасыр ( 100 жыл). Адам өмірі де жас ( 1 жыл), мүшелмен ( 12 жас) есептеліп, бір мүшел ( 13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас), тағы сол сияқты бөліне береді. Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әр түрлі және өте бай (мысалы: елең- алаң, таң сәрі т.б). Уақыт шамасын анықтау арқылы халқымыз таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау қасиетін, тіл қабілетінің жоғары тұрғанын да дәлелдеп береді. Қазақ халқы бір кезде уақытты Күннің, Айдың, Жұлдыздың қозғалысы мен тууына қарай болжап белгілеген, қажетті жағдайда оған табынған. Олар мезгілді күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап анықтаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет