Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет2/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#10724
1   2   3

Дәріс8

Жинақтау жұмыстары – 4сағ.

1- тақырып. Жинақтау тәсілдерінің классификациясы. Құрылыс конструкцияларын дайындау, дәлдеу және уақытша бекіту – 2 сағ.
Түзілістерді жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі.

Түзілістер жинақтау жәй процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, олар өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.

Жинақтау технологиялығы деп ең аз еңбек, қаржы және уақыт шығындарымен жинақтау,а тап осы түзілістердің, үймереттердің икемдік дәрежесін түсіну керек.

Жіктерді байлаудың көптеген жүйелері бар. Кірпіштерді әр түрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталанғыштығына жету және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер байлауы неше қатардан кейін жасалуына байланысты бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді.

Бір қатарлы (тізбекті) жүйемен байлау дәстүрлі әдіс болып саналады. Оның мәні мынада: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін ½ кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдердікі – ¼ кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады. Барлық қатарлардың бүйір қырлары қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түрінде сурет жасап бір тікте орналасады (5.3 – сурет).

Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бүйір қатардан кейін бір үшкір қатармен асыра жабылып отырылады (5.4 – сурет). Мұндай қалауды бес қатарлы деп атайды. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі – қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктер байлаудың болмайтындығы, бірақта бұл оның беріктігін және тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлы қалаумен салыстырғанда көп қатарлы толық өлшемді емес кірпішті аз қажет қылады, сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша өте үнемді.



Үш қатарлы жүйемен жіктер байлау негізінде кірпіш бағаналар (діңгектер) қалағанда қолданылады. Сонымен мұнда биіктігі бойынша үш қатарда сыртқы тік жіктері тура келуіне рұқсат етіледі. Үш қатарлы жүйемен байлау жіктерді тізбекті және көп қатарлы байлау негіздерін үйлестіру арқасында толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен қанағаттануға болады.

Бірінші үшкір және екінші бүйір қатарларын (5.5 – сурет) жіктерді тізбекті жүйемен байлау бойынша төсейді, бірақ олар кірпіштің ¼ жылжытылмайды; үшінші бүйір қатары қасбет бойынша ½ кірпішке жылжытылады. Төртінші қатар тағы да алдыңғы қатар туралы ½ кірпішке жылжытылған бүйір қатардан төселеді. Сонымен барлық тік жіктерді жабу үш қатардан кейін жасалады. Үш қатарлы қалау техникалық сипаттамалары бойынша тізбекті және көп қабатты жүйелерден толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен пайдалы ерекшеленіп олардың арасында аралық орынға ие.

Кірпіш қалауында барлық жіктердң ерітіндімен толық толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді.

Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерді 10 – 15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді.

Сылақталмайтын қабырғалардың өң бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің ерітінді артығын күрекшемен (кельмамен) кесіп алатын қалауды тақап кесу деп атайды.

Әшекей салып қалағанда өң бетіндегі жіктерді арнайы сайман - әшекейлегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғалардың сәндік сапасын жақсартады. Алдымен тік, сосын көлденең жіктерді әшекейлейді. Жіктерге дөңес немесе ойыс пішін беріледі.

Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10 – 15 мм шегінде, ал тіктердікі 8 – ден 15 мм – ге дейін болуы мүмкін.



Өңеркәсіп мекемелерінде атша, науа, өту және бұрыштық бір қалыпқа келтірілген бөлшектермен іріктеп жинақталған кәдімгі, нығайтылған және бірыңғайланған пішінді адыр-бұдырлы табақтар шығарылады.

Асбестцементті табақтардан жасалған жабындар төбе еңісі 40—60° өңекәсіптік, тұрғын-азаматтық және ауыл шаруашылық үймереттерінде кенінен қолданылады.

Кәдімгі пішінді табақтардан жасалған жабындар қырлы бөренелерден тұратын ағаш кереге кез устіне төселеді. Сонымен табақтар кереге кезге және өзара тығыз жанасу үшін карниз брустарының биіктігі 66 мм болу керек.

Табақтарды төменнен жоғары қарай карнизге қатарластыра тузу қатармен төсейді. Қабаттарда әр табақ көршілесті бір толқын асыра басу керек. Сонымен әр та­бақ кереге көздің үш брусына сүйену керек.

Ныгайтылған және бірыңғайланған пішінді асбестцементті адыр-бұдырлы табақтардан жасалған жабындарды төбе еңісі 25%-тен артық өнеркәсіптік үймереттерің жабу үшін колданады. Және бұл табақтардан жасалған жабындарды темір-бетон, металл, ал кейде ағаш сырғауылдары бойынша да орналастырады. Табақтарды әр қабатты бір толқын, ал шектестерді 200 мм асыра басып төсейді.

Асбестцементті жабындар екі төсеммен орнатылады: бойлай жиектёрін қосарланусыз (бұрыштарын кесіп) және оларды бір толқын қосарланумен

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.

Дәріс №9

1 – тақырып. Тас материалдарының түрлері мен ерітінділері. Тас қалау технологиясы - 2 сағ
Дәріс жоспары:
1. Тас материалдары мен ерітінділерінің түрлері, тас қалаудың жіктестіру ережелері.

2. Тас жұмыстарының өндірісінің мөлшержинағы..

3. Қалау тәсілдері мен операция құрамдары.
Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері
Дара материалдардан тас қалау үймереттер мен ғимараттар құрылысының ең бір ежелгі және төзімді бекінген түрі болады. Дара тас материалдардын қолдану практикады қай кескін үйлесімі, әр түрлі сәулет формасы болса да, үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу және оларға монументтік, сәулеттік айқындық енгізуге мүмкіндік береді. Тас материалдардың бағалы қасиеттеріне беріктігі, ұзаққа шыдамдылығы, өртке төзгіштігі, табиғатта кең таралуы және қолдан жасауға болатын мүмкіншілігі жатады.

Тас жұмыстары ерітіндіге даралап тас төсеуден тұрады. Ерітінді жеке тастарды бір тұтасқа біріктіреді, олардың бірге жұмыс істеуін және күшті біркелкі беруін қамтамасыз етеді, жел өтуден және ылғал енуден қорғайды.

Тас қалау қолданатын тас материалдардың түріне байланысты табиғи және жасанды тастардан жасалған қалауға бөлінеді.

Сыртқы пішіндері дұрыс емес табиғи тастардан жасалған қалауды шой (бут) тастан, ал дөрекі, жартылай таза және таза өнделген тастардан жасалған қалауды шабылған тастан қалау деп атайды.

Жасанды тастардан жасалған қалау тұтас немесе қуыс кірпіштен әлде тастан орындалады. Балшықты күйдіріп жасаған кірпіштер күйдірілген, ал байланыстырғыш заттар негізінде дайындалғандар күйдірілмеген болады.

Тас жұмыстары негізгі және қосалқы процестердің кешені болады. Негізге жасанды немесе табиғи тастардан жасалған кірпішті ерітіндіге төсеу, ал қосалқыларға – төсеніштер орнату, материалдар әзірлеу, арматура салу және т.б. жатады.

Тас қалау процесіне келесі жұмыс операциялары кіреді: қатарлағыш орнату; қалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бау тарту, кірпіш еперу және оны қабырғаға жаю; қабырғаға ерітінді беру және оны сыртқы шек қатарына жаю; сыртқы шек қатарын қалау; ішкі қатары астына ерітінді жаю ішкі шек қатарын қалау; шойма астына ерітінді жаю; шойма қалау; қалаудың төселген қатарының дұрыстығын тексеру.

Қалау түрлері және қалау жұмыстарына қажет материалдар
Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Табиғи тас материалдар ретінде мыналарды қолданады: төсемді және жырымдалған шой тас (әк тас, доломит, құмдақ және басқа жыныстардан); қаптау және сәндік қалау үшін шабылған тастар; әк тастан, туфтан, ұлутастан және басқа жеңіл тау жыныстарынан араланған уақ тастар. Жасанды тастар ішінде ең кең таралу алғандары: кәдімгі балшық (толық денелі), кеуекті, қуыс және кеуекті – қуыс кірпіш; өң балшық және силикат кірпіші, қуыс керамикатастары; тесіктері және тесіп өткен үш қуысы бар жеңіл бетоннан жасалған уақ тастар.

Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құрғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп (ГОСТ -530-80) балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250х120х65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 75 болады, соншалық мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т.б. Кәдімгі кірпіштің 1м3 көлемдік массасы 1800 кг шамасында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіру жатады.



Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150 және 200 жәй (ізбес, цемент) және күрделі (цемент – ізбес, цемент – балшық) ерітінділермен жүргізіледі.

Цемент ерітінділерін беріктігіне және тұрақтылығына көтеріңкі талаптар қойылатын конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбездер, үймереттердің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда және суға қаныққан топырақтарды қалау үшін қолданады.

Ізбес ерітінділерінде аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланатын қалау жүргізіледі.

Цемент – ізбес және цемент – балшық ерітінділері ең үлкен таралу алған. Оларды құрғақ және дымқыл жағдайларда жұмыс істейтін қалауға дағдылы күштер әсер ететінде қолданады.

Ерітінділер құрғақ күйіндегі тығыздығы бойынша тығыз толтырғыштарда дайындалған – ауыр (тығыздығы 1500 кг/м3 артық) және жеңіл толтырғыштардағы (шлак, пемза құмы және т.б.) жеңілдерге (тығыздығы 1500 кг/м3 кем) бөлінеді.

Аязға төзімділігі бойынша ерітінділер мына маркаларға бөлінеді: 10; 15; 25; 35; 100; 150; 200 және 300.

Тас қалауының ерітінділері берілген маркадан басқа созымды және жақсы су ұстайьын қабілетті болу керек. Ерітіндінің қажетті жеңіл төселуі байланастырғыштың, судың және қосымшалардың мөлшерімен реттеледі.Ерітінділер ерітінді – бетон араластырғыш зауыдтарда және қондырғыларда (тораптарда) дайындалады. Орталықтандырылған кәчіпорындарынан әкелінген ерітінділердің әр тобында дайындалған күні және уақыты, маркасы, жылжымалығы, ал құрғақ қоспалар үшін 1% - тен аспайьын нақты дымқылдығы көрсетілген паспорт болу керек.

Қолданатын тас түріне байланысты қалаудан келесі түрлері болады: сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастардан – шой тастан қалау; фундаметтер, үй асты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды және оған тастар батырылған – шой бетонды қалау; қабырғалары, діңгектер, аркалар, күмбездер және т.б. тұрғызу үшін кәдімгі толық денелі, кеуекті, қуыс, кеуекті – қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған – біріңғай кірпіштен қалау; сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған – жеңілдетілген қалау; қабырғалар және діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған – ұсақ блокты қалау; жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін түзілістерді қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған – отқа төзімді қалау.


Тас қалауын жіктестіру ережелері
Тас қалауын әр қайсысы жеке тастардан тұратын қатарлармен жүргізеді. Шектес тастардың аралығындағы бойлай және көлденең бағыттардағы ерітіндімен толтырылған саңылауларды жіктер деп атайды. Қалау жіктері көлденең және тік болады. Параллепипед пішінді тастардың қырлары төсем, бүйір және үшкір қырлары деп аталады (5.1 – сурет). Тастар қалауға көбінесе жалпағынан, ерітіндіге төсемімен және сирегірек бүйірі немесе үшкірмен төселеді. Сыртқа бүйірмен төселген қалауқатарын бүйір, ал үшкірінен төселгенді үшкір қатары деп атайды. Қалаудың сыртқы (қасбет бойынша) және ішкі қатарлары сыртқы және ішкі шек қатары, ал олардың аралығы – шойма деп аталады.

Ерітіндімен бір бүтінге қосылған, жеке тастардан құралған тас қалауы оған әсер ететін күштерге сенімді қарсы тұратын тұтас сілем болу керек. Жеке тастар қалау сілемінде бір – біріне жылжымау үшін оларды тас қалауын жіктестіру ережелері деп аталатын белгілі шарттарды сақтап қалау керек.



Жіктестірудің бірінші ережесі тастарды күш әсері бағытына перпендикуляр жалпақ қабаттармен (қатарлармен) төсеуден тұрады. Мұндай ереже тастардың қысуға жақсы және созылу мен иіліске нашар қасиеттерінен шығады. Осыған байланысты тастарды сілімде тек олар қысылатын етіп орналастыру керек. Иіліс немесе созылудан қашу үшін үстіңгі тас астыңғыға әр жерлерімен емес барлық төсемімен, яғни жазықтығымен сүйену керек. Осы себеп бойынша қалау сілемі жазық қабаттарға (қатарларға) бөлінеді. Қабаттарды қалауға әсер ететін күш оларға перпендикуляр бағытта орналастырылады. Ондай болмаған жағдайда қалаудың ең әлсіз жері – қабаттар аралығындағы ерітінді жіктері бойынша тжылжу пайда болады (5.2, а – сурет). Күштің бағыты тіктен 15 – 170 артық ауытқуғаболмайды. Жылжу күші осы шекте тастар қабатының аралығындағы үйкелу күштерімен сөндіріледі.

Көп жағдайларда қалауға күштер тік беріледі, сондықтан ол көлденең қабаттармен орындалады. Аркалар мен күмбездерде қысым қисығының жанамасы бойынша әр қимада әсер ететін күштер пайда болады, осыған бола олардың қалауы жазықтармен тарамдалып бөлінеді.



Жіктестірудің екінші ережесі қалауды үш өзара перпендикуляр жазықтарға бөлуді қажет етеді. Сонда тастар тік бұрышты параллелепипед пішінін алады (5.2, б – сурет). Осындай жеке бөліктерге бөлгенде қалау сілімінде мынадай жіктер пайда болады: қабаттың төсемі бойынша – көлденең және бойлай – тік. Егер қалау бөлуін көлбеу жазықтықтармен жасаса, онда күш әсерімен шектес тастарды ысыруға тырысатын және де жеңіл сынатын үшкір бұрышты тастар пайда болады.

Жіктестірудің үшінші ережесі қалау бүтіндігін қамтамасыз ету үшін жіктер байлауын сақтауды қамтамасыз етеді. Егер жіктері байлаусыз орындалған қалау сілемін тесіп өтетін үш жазықтармен бөлсе, онда қалау бір – бірімен қимасымен бір тасқа байланыспаған жеке діңгектерден тұрады (5.2, в – сурет). Тастарды түсетін күшке бірлесіп жұмыс істеуге мәжбүр ету үшін жоғары жатқан тастарды астыңғысына жылжыту керек, яғни астыңғы қабаттың тік жіктерін жоғарғы қабаттың тастарымен асыра жабу керек. Мұндай тәсілді қалаудың шектес қатарларының жіктерін байлау деп атайды.



Жіктерді байлау жүйелері
Жіктерді байлаудың көптеген жүйелері бар. Кірпіштерді әр түрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталанғыштығына жету және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер байлауы неше қатардан кейін жасалуына байланысты бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді.

Бір қатарлы (тізбекті) жүйемен байлау дәстүрлі әдіс болып саналады. Оның мәні мынада: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін ½ кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдердікі – ¼ кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады. Барлық қатарлардың бүйір қырлары қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түрінде сурет жасап бір тікте орналасады (5.3 – сурет).

Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бүйір қатардан кейін бір үшкір қатармен асыра жабылып отырылады (5.4 – сурет). Мұндай қалауды бес қатарлы деп атайды. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі – қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктер байлаудың болмайтындығы, бірақта бұл оның беріктігін және тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлы қалаумен салыстырғанда көп қатарлы толық өлшемді емес кірпішті аз қажет қылады, сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша өте үнемді.

Үш қатарлы жүйемен жіктер байлау негізінде кірпіш бағаналар (діңгектер) қалағанда қолданылады. Сонымен мұнда биіктігі бойынша үш қатарда сыртқы тік жіктері тура келуіне рұқсат етіледі. Үш қатарлы жүйемен байлау жіктерді тізбекті және көп қатарлы байлау негіздерін үйлестіру арқасында толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен қанағаттануға болады.

Бірінші үшкір және екінші бүйір қатарларын (5.5 – сурет) жіктерді тізбекті жүйемен байлау бойынша төсейді, бірақ олар кірпіштің ¼ жылжытылмайды; үшінші бүйір қатары қасбет бойынша ½ кірпішке жылжытылады. Төртінші қатар тағы да алдыңғы қатар туралы ½ кірпішке жылжытылған бүйір қатардан төселеді. Сонымен барлық тік жіктерді жабу үш қатардан кейін жасалады. Үш қатарлы қалау техникалық сипаттамалары бойынша тізбекті және көп қабатты жүйелерден толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен пайдалы ерекшеленіп олардың арасында аралық орынға ие.

Кірпіш қалауында барлық жіктердң ерітіндімен толық толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді.

Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерді 10 – 15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді.

Сылақталмайтын қабырғалардың өң бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің ерітінді артығын күрекшемен (кельмамен) кесіп алатын қалауды тақап кесу деп атайды.

Әшекей салып қалағанда өң бетіндегі жіктерді арнайы сайман - әшекейлегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғалардың сәндік сапасын жақсартады. Алдымен тік, сосын көлденең жіктерді әшекейлейді. Жіктерге дөңес немесе ойыс пішін беріледі.

Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10 – 15 мм шегінде, ал тіктердікі 8 – ден 15 мм – ге дейін болуы мүмкін.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.



Дәріс №10

1 - тақырып. Қорғаныш жабулар жасау процестерінің технологиясы - 2 сағ.
Дәріс жоспары:


  1. Төбе жабындарын орнату кезінде кешенді процестердің құрамы.

  2. Қазіргі заманғы материалдардан төбе жабындарын жасау технологиясы..

  3. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

  4. Су айырушы жабындарын жасау технологиясы. Жылылықты өткізбейтін жабындар технологиясы.

Үймереттер мен ғимараттарды пайдалану барысында қоршаған ортаның әсерше ұшырайды, сондықтан үймерет­тер мен ғимараттардың конструктивтік элементтерін арнайы жабулармен қорғайды.

Төбе жабындарының міндеті және түрлері

Шатыр жұмыстары төбе жабындарын жасағанда орындалады, олар жабынның (қатар қолданылғанда) немесе үймереттер мен ғимараттар төбесінің қоршау бөлігі болады және оны атмосфера, жауын-шашыны, кун нұрынан және суық әсерінен қорғау үшін қызмет атқарады. Сондықтан төбе жабындысы су өтпейтш, суға, аязға тезімді, жел өткізбейтін, ыстыққа төзімді және берік болу керек.

Шатыр жұмыстарын орындау технологиясы көбінесе қолданылатын материалдар түрімен анықталады. Жабын жасау үшін оралмалы, мастикалы, асбестцементті, болат, қыш тақтайшалы (черепицалы), синтетикалы жәәне басқа материалдар қолданылады. Сайып келгенде жабын турін таңдау ауа райы жағдайы, сәулеттік талаптары, үймереттің мықтылық дәрежесі және басқаларымен анықталады. Төбе жабындысына колданатын материалдар казіргі стандарттар мен техникалык, шарттардың талапта-рына сәйкес келу керек.

Шатыр жұмыстарына тек төбеде барлық құрылыс және жинақтау жұмыстары аяқталғаннан кейін және жабын асты негізінің жасырын жұмыстарын акты бойынша қабылдаған соң кіріседі. Жабынның барлық құрамдарының астындағы негіздері жобада кабылданған материалдардан


жасалу және оған еңіс, беріктік, қаттылық және суағарлар
орналасу жайында сәйкес болу керек.
Оралмалы жабындар жасау процестерінің технологиясы
Ең тиімді және еңбек сіңіру азырақ жұмсақ оралмалы және мастикалы материалдардан жасалған жабындар бо­лады. Бұл жабындар аз салмаққа, су етпеушіліккке, төмен жылу өткізгіштікке ие болады. Олар, әсіресе мастикалы материалдарынан жасалған жабындар, процестерді толық механикаландыруға мумкіндік береді. Сонымен қатар мас­тикалы жабындар оралмалыларға қарағанда енбекі аз сіңіреді және құны төмен болады.

Оралмалы су айырушы жабындылар жасау ушш рубе­роид, толь, кабық-толъ, пергамин, гидрозол, гидрокамды жене қарамай-битумды материалдар колданады. Сонымен қабық-тольды көп қабатты тольдан жасалған, ал пергаминді рубероидтан жасалған жабындардын астынғы қабаттары ретінде қолданады. Оралмалы жабындар негізге және өзара мастикамен желімденеді. Оралмалы материалдардың түрше байланысты битум немесе қара май масти-калары қолданылады. Битум мастикасымен рубероид және пергамин, ал қара маймен толь және қабық-тольдан жа­салған жабындар желімденеді. Қолдану тәсілі бойынша битум мастикалары ыстық, жартылай ыстық және суық ал қара майлылар — ыстық болады.

Өнеркәсіптік үймереттерінің оралмалы төбе жабындарын орындау процесінің құрамына бу және жылу айыру (жылытылатын үймереттерде), жабын астының негізін, су айырушы жабын және қорғаныш қабатын жасау кіреді. Жылытылмайтын үймереттерде бу және жылу айыру, кейбір жағдайда жабын астына негіз жасамай, оралмалы жабын тікелей темір-бетон тақтасына жапсырылады. Шатыр асты бар үймереттерде оралмалы жабын тақтай төсемі немесе жеңіл тақталар бойынша жасалады.

Бу айыру қабаты бір немесе екі қабатты мастикадан тұратын сылау және мастикамен желімделген оралмалы материалдардан (толь, рубероид, пергаминнен) жасалған жапсырмалы болады. Бу айыру қабаты үстіне органикалық емес жылытатын тақталардан (көбік-бетон, көбік-силикаты, көбік-эинек жэне т. о.) туратын жылылықты шығармайтын қабат салынады.

Жылытатын тақталар бу айыру қабатына тығыз жанастырылған мастикамен төселеді. Кейде жылытатын материал ретінде сеппілер де (пемза, керамзит жэне т. б.) колданылады.

Су айырушы жабынының негізі болып цемент құмды ертіндісінен, құйылған құмды асфальттан жасалған тұтастырғыш, құрамалы темір-бетон тақталары және ағаш төсемі міндет аткаруы мүмкін.

Тегістеуші цемент-құмды тұтастырғыш маркасы 50— 100 ертіндіден жасалады және бетон үстіне төселсе калыңдығы 10—15 мм, қатты тақталы және тұтас құймалы жылытатындарда — 15—25 мм, қатты емес тақталы және сеппелі жылытатындарда — 25—30 мм болу керек. Ас­фальт-бетонды тұтастырғыш тек қатты негіз бойынша жасалады және ол температуралық тотыру жіктерімен жақтары 4 м-лік шаршыларға кесіледі.

Оралмалы жабындар мастикалармен желімденеді, сонымен битумды мастиканың негізгі битум БН-1У, ол жок болған жағдайда БН-Ш және БН-1 маркалы битумдардын қоспасы, ал қара майлылардікі — құм мен тас көмірлі немесе тақта тастық қара май қорытпасы болады.

Ыстық битумды және қара майлы мастикаларды олардың созылғыштығын көтеретін талшықты (6—8 сортты асбест) және күлдей (тартылған бор, шлак) толтырғыштарын қосып дайындайды. Ыстық битумды мастаканың температурасы оны дайындағанда 220°С жоғары жэәе төбе жабындысының негізіне жоғарда 160°С кем болмау керек, ал қара майлылардың — 150 және 120°С сэйкес.

Суық битумды мастиканы маркасы БН-1У битумды 160—180°С температурасына дейін еріту арқылы дайын­дайды, сосын оған толтырғыштың құрғақ сыңарын — би­тум массасының 3% мелшерінде ұлпа-әк жэне 25% асбест енгізеді, еріткіш ретінде соляр майын қолданады.

Мастикалар дағдыдағыдай орталықталған тәртіппен арнайы зауыдтарда немесе тұрақты қондырғыларда дайындалады. Ыстық битумды мастикалар құрылыс алаңына автогудрондармен немесе жылытылған ыдыс-термоспен жеткізіледі. Объекте әкелінген мастика қазан-термосқа қотарылады немесе сорғыштармен лезде үйдің төбесне беріледі. Мастика дәл осындай битум кайнататын қазандардан және қазан-термостарынан сорғыштармен беріледі.

Су айырушы жабынның оралмалы материалдарының непзгі қабаттар саны төбе еңісіне байланысты және 2,5%-ке дейін жетеді — 5; 2,5—7% — 4; 7—15% — 3 және 15%-тен артық болғанда 2 кабаттан тұрады.

Оралмалы материалдарды ыстық мастикамен желімдеу алдында оларды себуден тазалайды. Себуді қолмен және арнайы станокпен (СОТ-2) кетіреді . Суык мас­тикамен желімдегенде себуді тазаламайды. Оралмалы материалдар төбеге кетергіштермен, крандармен және басқа жүк көтергіш механизмдермен беріледі. Оралмаларды төсеу алдында төбеде жазады және жалпағының қиылысу шегін бормен сызады. Төбе еңісін 15%-ке дейін оралмалы материалдар су ағуына көлденең, ал 15%-тен артық болғанда атшаға қатарластыра желімденеді және жалпақты қарама-қарсы құламаға 250 мм-ден кем емес кіргізіледі. Оралмалы жабындар суық мастикамен қабаттап желімденеді: алдымен алымның барлық ауданы бойьшша бірінші қабат, сосын оны тексеріп қабылдаған соң — екінші қабаты және т. с.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет