Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі



бет1/3
Дата27.07.2017
өлшемі2,13 Mb.
#22103
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі

Құжат СМК 4 кезеңдегі

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.64/03-2013ж



Қылмыстың саралау ғылыми негіздері пән бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы

Заңтану 5В030100


Баспа №1

Оқу-әдістемелік кешен

Қылмыстың саралау ғылыми негіздері

Заңтану мамандығына 5В030100

Семей 2013ж

Мазмұны





1

Глоссарий

4

2

Дәріс

4

3

Практикалық сабақ

4

4

Курсовой жұмыстарын тақырыбы

5

5

Студенттін өздік жұмыс

6


1. Глоссарий

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қосысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.


Дәріс сабағы

Тақырып 1. Қылмыстарды саралаудын түсінігі мен манызы

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың түсінігін ашу, манызын анықтау

Сұрақтар:

1.Қылмыстарды саралау ұғымы, түсінігі



2.Қылмыстарды саралаудың маңызы
1.Қылмыстық саралауы ұғымы, түсінігі

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік  дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.

Қылмыстық заң нормаларын іс жүзінде қолдану немесе қылмыстық іс әрекеттерді бағалау, ол қылмыстық заңның міндеттерінен туындайды деп түсіну керек. ҚР ҚК 2 бабының мағынасы екі қызметті іске асыруға бағыттылған.Біріншісі, қауіптілігі жоғары деп танылған іс-әрекеттерді заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әрекеттерді алдағы уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер белгіленгенде әрекетсіздік танытуға шектеу қою, тиым салу болып табылады.Екіншісі, қылмыстық заңның тиым салуына қарамай, қылмысты іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін заң нормаларын қолдану болып табылады.Қылмысты квалификациялау мәселесі осы екінші міндетті дұрыс,әрі қылмыстық құқықта белгіленген ережелерге сәйкес іске асыруға арналған.Квалификациялау ұғымы латын тілінің gualis деген сөзінен шығады және мағынасы сапа деген сөзді білдіреді.

Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады.

Сонымен, қылмысты квалификациялау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.

  Бұл анықтамаларға ұқсас анықтаманы В.А. Сергиевский және С.М.Рахметов «Квалификация-бұл жасалған іс-әрекеттің нақты белгілерімен Қылмыстық кодекстің Ерекшебөлімінде қарастырылған қылмыс құрамдарының белгілерімен дәл және толық сәйкестігін  анықтау және ресми түрде бекіту» дейді. Олар қылмыстық квалификациялауды процесс және нәтиже мағыналарында анықтап, процесс ретінде адамның әрекеттерінен белгілі бір қылмыстың белгілерін табуды және Қ.К Ерекше бөлімінің нормаларын өолдануды, сонымен қатар қылмысты квалификациялау субьектілерінің ой жұмысы түрінде анықтайды. 

  Заң қызметі туралы құжаттарда қылмысты квалификациялау жұмысының барлық қолданылатын жерін білдіре бермейді. Қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру немесе квалификация жүргізу тергеу , сот қызметтерін іске асыруда ғана емес, басқа салаларда , қылмыс туралы және қылмысты әрекеттер бойынша заң баптарын  қолдану туралы ой , ұсыныс келтіретін заң ғылымы саласында  да кездеседі.

  Жасалған іс-әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беруге тек қылмысты квалификациялау ғана жүргізілмейді, сонымен бірге қылмыстық құқықтық  квалификацияда жүргізіледі. Қылмыстық құқықтық квалификациялау ұғымына тек қылмысты деп танылған іс -әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беру емес қылмыс құрамы жоқ деп танылатын жағдайларға баға беруде жатады.Сондықтан іс әрекетке квалификация бергенде немесе қылмыстық құқықтық квалификацияда барысында, қылмыстық кодекстің Еркеше бөлімінің нормаларына сілтеме жасау міндетті емес.

  Қылмыстық квалификациялау кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілерімен Қ.К Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігі ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге қылмысты квалификациялауда ҚКЖалпы бөлімінің де баптары қолданылатын кездер болады.Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде тек қылмысты орындаушының әрекеттері және аяқталған қылмыстардың белгілері бейнеленген.

  Жалпы бөлімнің басқа нормалары қылмысты квалификациялауда мүлдем қолданылмайды деп айтуға болмайды, оларға тікелей сілтеме жасалынбаса да  іс әрекетте де  қылмыстың құрамы бар немес е жоқ екендігін анықтау кезінде атқаратын ролі бар. Сонымен бірге квалификациялау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын өзге де  ведомствалық заңдар , жарғылар, ережелер, инструкциялар  ескеріледі.

  Қылмыстық квалификациялаудың екі түрі бар: ресми және ғылыми . Ресми квалификация –қылмыстық заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және көрінісі бойынша  міндетті түрде ҚК  Ерекше  бөлімнің баптарына  сілтеме жасау түрінде іске асырылады. Ресми квалификациялау қылмыстық істі жүргізу қызметін атқаратын органдардың , яғни сот , тергеу, прокуртура қызметкерлерінің шығарған сот –тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге квалификацияның бұл түрінің тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.

  Ал ғылыми квалификация –қылмысиық істер немесе қылмыстық құқық ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша квалификация жүргізу туралы ғалымдардың оқулықтарда немесе басқа да басылымдарда ұсынған   пікіплері болып табылады . Ғылыми квалификациялау ұғымына қылмыстық істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың жасаған квалификациялауы жатпайды. Себебі, жекеелеген азаматтардың өз бетінше жасаған қылмыстық іс әрекетке бағалауы қылмыстық құқық ғылымының дәрежесінде бола алмайды .

Бұл екі квалификациялау түрінің бір-бірінен айырмашылығы  ол біріншіден, қолданылу орынына және міндеттілігіне байланысты , яғни ресми квалификациялаудың қылмыстық істер бойынша міндетті күш болады және тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми квалификациялау ғылыми квалификацияға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты квалификациялауда қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан –жақты зерттелген, квалификациялау тәртібі ұсынылады. Сондықтан ғылыми квалификацияда қателіктер аз кездеседі. Практикақызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге квалификация жүргізуінің моделі, қылмыстық құқық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.      

 

2.Қылмыстық саралау маңызы

 

Қылмысты дұрыс квалификациялауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданғанда заңдылық қағидасы сақталады. Демократиялық және құқықтық бағыттағы дамушы мемлекеттер үшін  заңды дұрыс, әрі дәл қолдану Конституциялық қағида болып табылады.Демек, жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау , ол кінәлінің әрекеттеріне дұрыс баға беретін  және қоғамның , жеке адамдардың мүддесі  мен құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай талапты сақтаудың маңызы зор, себебі қылмысты іс әрекетке дұрыс құқықтық бағалау бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер  басқа қылмыс үшін емес, өзі жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Нәтижесінде қылмыс жасаған адамның қоғамға қауіптілігі дәрежесіне сай келетін жауаптылықтың түрі мен көлемі белгіленеді, себебі әр қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне қарай қылмыстық заңның Ерекше бөлімнің бабтарында жазалар келтірілген. Қылмысқа дұрыс , әрі толық квалификация жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі,  яғни жаза өтеу мекемесінің түрі, жазадан шартты түрде ерте босату, сотталған адамға түзеуқұралдарының түрлерін қолдану, соттылық мерзімінің аяқталуы дұрыс қолданылады.



  Қылмысты дұрыс увалификациялаудың келесі маңыздылығы – мемлекеттің қылмыстылықпен күрес шараларын жүргізуіне байланысты болып табылады. Сот –тергеу практикасының материалдарына назар аударсақ , өтінішке орай қылмысты квалификациялау субьектіліріңнің қате жұмыс істеуі жиі кездеседі. Құқық қорғау органдарының жұмысына баға бергенде, «құқықтық нигилизм» деген ұғым кейде қолданылады. Құқықтық нигилистік әрекеттер сот-тергеу органдары қызметкерлерінің құқықтық сауатсыздығына жеткілікті деңгейде білімінің болмауына байланысты абайсыздықта қате жіберуіне немесе өздері қылмыстық іске мүдделі болғанда қасақанада құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты кездеседі.

  Заңды қолдануда қателіктер жіберу әділсоттың іске асырылуына кедергі жасап ғана қоймайды, ол сонымен бірге халықтың арасында құқық қорғау органдары қызметі туралы теріс пікір қалыптасуына және сенімсіздік танытуына әкеле алады. Ал жеңіл қылмыс жасаған адамның әрекетін ауыр қылмыс  деп белгілегенде , ол қылмыскер өзінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келмейтін құқықтық жазаға тартылады және жаза керісінше, яғни адамды түзеу мағынасында емес, бұзу мағынасында көрініс беруі мүмкін. Осындай нигилистік әрекеттердің алдын-алу үшін қылмыстық заң 52 баптың барлық бөлімдерінде соттарға жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиісті талаптарды келтіреді.

  Жаза тағайындау кезіндегі бұл талаптардың сақталуын ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы19 қазандағы «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы»  нормативтік қаулысы талап етеді.

  Тергеу органдары қызметкерлерінің қылмыстық заңның барынша ауыр қылмыс түрімен квалификация жасайтындығын кездестіруге болады. Тергеушілердің , соттардың өз квалификациясын негіздеп келтіруін, яғни неге осы бапты қолданып отырғанын түсіндіре кетуін Жоғарғы Сот Пленумдарының қаулылары ертеден талап етіледі.

  Сол сияқты 2001 жылғы 19 қазандағы «Бас бостандығынан фйыру түріндегі жазаны тағайындаудың кейбір мәселесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы 5пункте Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық іс жүргізу кезеңінің 379 бабының 2бөліміне сәйкес , қылмыс жасағандағы  үшін кінәлі деп танылған адамға үнім шығарғанда жазаның жүрін , көлемін немесе мерзімін белгілеу себебін көрсетуге міндетті. Қылмысты дұрыс квалификациялау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін , біліктілігі жоғары, сауатты тергеушілер , соттар, прокуротуралар жұмыс істеуі керек және олар заңды тек құқықтық мағынада түсініп ғана қоймай ,оның әлеуметтік мағынасын да түсіне алатын деңгейде болуы керек.Яғни қылмысты квалификациялауда  қолданылатын қағидалар  мен ережелерді ескере отырып, тергеуші квалификация жүргізгенде ,қылмысты іс -әрекеттің  заң баптарымен толық қамтылуын, заңмен қорғалатын қоғамдық қатынасқа сәйкес келуін, қолданған заң нормасы куәлінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келуін, бір әрекет үшін бірнеше қылмыс ретінде құқықтық шараға тартылмауын, тағы басқа талаптарды сақтауы қажет.Қылмыстық заң және оны түсіндіру мақсатында шығарылатын өзге нормативтік актілер жауаптылық шарасын дұрыс, әрі мемлекет аумағында бір келкі қолдану үшін шығарылады.Қазақстан Республикасы құқықтық  мемлекетті қалыптастыруды көздейді.Бұл ұзақ процессті қамтитын мақсат, себебі қоғамда заңның бірінші кезекте қолданылуын, оның беделін көтеріп ғана қоймай , сонымен бірге әлеуметтік –экономикалық елеулі қатынастардың барлығын анықтауды, оларды бір тұтас үлгіде шешу үшін арнайы заңдар қабылдануды талап етеді.

  Құқықтық мемлекеттің қылмыстық заңы бірненше міндеттерге сай болуы керек. Бірінші кезекте қылмыстық заң құқық дамуының ең жоғарғы деңгейін көрсетуі қажет. Ол үшін қылмыстық іс-әрекеттерден қорғалуға жататын мемлекетпен қоғамның барлық мүдделері, құндылықтары қаншалықты деңгейде бағаланғаны анық болуы қажет.Келесі кезекте қылмысты  әрекеттерге белгіленетін жазалау шараларының  сәйкестігімен толықтылығы заңда көрініс табу керек.

  Қылмысқа дұрыс квалификация жасалғанда қылмысты іс-әрекет дәл анықталып қана қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап тағы басқа құрам элементтерінің белгілері, яғни әрекеттің  сипатымен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықталады. Сондықтан қылмысты дұрыс квалификациялау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай мағыналарда анықталады: 1) әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді

2) қылмысқа берілген әлеуметтік-саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс жүзінде көрсетеді

3)кінәлінің жазасы мен жауапкершілігін дұрыс белгілеуге , яғни ҚК Ерекше бөлімінің бабтары  бойынша айыпталып сол бабтар көлемінде  жаза тағайындауға әкеледі

4) қылмыстық іс жүргізу заныңда қарастырылған істі тергеу тәртібін белгілеуге  жағдай жасайды

5) қылмыстылықтың көрсеткіштері дұрыс келтіріледі.

  Сонымен  қылмысты іс -әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс ретінде ққықтық маңызға ие болмай , әлеуметтік –саяси маңызға да ие болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс  табады және олардың жұиысының сапасын анықтаудың басты құралы болып табылады. Сондықтан қылмысқа дұрыс квалификация жүргізу –қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану арқылы көрініс беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әлеуметтік –қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі болып табылады. 

 

 Қылмыстық жауапкершіліктің негізі- бұл тұлғаның іс әрекетінде заңмен көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілерінің болуы. Яғни, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормаларымен тұра көзделген іс әрекетті жасаған тұлға қылмыстық жаупкершілікке тартылады.



Қылмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі, ол қажетті қылмыстық-құқықтық үлгі (эталон) болып саналады, оны мен салыстыру арқылы жасалған қылмыстын мазмұны мен сипатын толық және дәл көрсететін, тиісті қылмыстық-құқықтық норманы тандауға болады.

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қылмыстық жауапкершіліктін негізі не болады?

  2. Қылмысты саралау дегеніміз не?


Тақырып 2 Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамынын түсінігін және құрылымын анықтау

Сұрақтар:


  1. Қылмыс құрамының түсінігі

  2. Қылмыс құрамының құрылымы және маңызы

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;


  1. қылмыс объектісі

  2. қылмыстың объективтік жағы

  3. қылмыс субъектісі

  4. қылмыстың субъективтік жағы.


1.Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау – сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.


 

2.Қылмыстық құрамдардың белгілері

 

Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларының диспозицияларында қолданылатын белгілерге зер салсақ , олардың біркелкі сапада емес екндігін байқауға болады.   Қылмыс қрамдарының белгілері генесологиялық мағынада 1)обьективтік және



2)субьективтік деп екі топқа бөлінеді

Обьективтік белгілер қылмыс құрамының обьектісі және обьективтік жағын сипаттайтын белгілерді білдіреді. Субьективтік белгілер –қылмыс құрамының субьективтік жағын және субьектісін сипаттайтын белгілер болып табылады.

  Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады.

1)                    негізгі немесе конститутивтік

2)                    ауырлататын  немесе  сараланған

3)                    жеңілдететін

1.негізгі  немесе  конститутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын  құрамдарына , сондай-ақ жеңілдететін құрамдарына  да  тән белгілерді айтамыз.

2. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында  тікелей келтірілген  ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құраимды  сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни  зардаптың көлеміне , қылмысты жасау  орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және ниетімен мақсаттың , қылмыс субьектісінің түріне қарай ауырлатады.

3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс  түрі ретінде бағалануы үшін , ол жеңілдететін белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай   жағдай да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі  ретінде норма дисплзициясында тікелей  көрсетіледі.  Жеңілдететін белгі  баптың  атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана құрамның міндетті белгісі  ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай  квалификацияланады.

Қылмыстық құрамның белгілері анықтау дәрежесіне қарай екіге бөлінеді:

1)                    анықталған

2)                    бағаланатын

Анықталған белгінің мағынасын түсіну , қылмыс құрамын анықтайтын белгінің бар немесе жоқ екендігін анықтауда қиындық тудырмайды  және  мұндай белгілер заң  баптарының  өзінде келтіреді немесе оның түсінігі ашылады.

  Бағаланатын белгілердің түсінігі немесе оның анықталу дәрежесі  диспозицияда  келтірілмейді . Мұндай топқа жататын белгілерді практикада  квалификация жүргізуші субьектілер өз көз- қарасымен немесе  құқытық санамен анықтайды.

  Бағаланатын  ұғымдардың заңды өмір сүру себебі, әрекеттердің көріністері  әр түрлі  деңгейде болатындығына және көп түрлі мазмұнды иеленетіндігіне соған сәйкес әр жағдайдағы қауіптілік дәрежесін заңда бейнелеу мүмкін еместігіне және нақты қылмыстың сол кездегі  жағдайларына қарай анықтау қажеттілігіне  байланысты болып табылады.

  Қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық –құқыөтық маңыздылығына қарай:

1)                    позитивтік және негативтік деп екі топқа бөлінеді.

Қылмыс құрамдарында кездесетін белгілер мағынасы , маңыздылығы бойынша көбінесе растап тұрса , ал кейбіреулері теріс мағынада түсіндіру қызметін атқарады. Позитивтік белгілер –бұл қылмыс  құрамының бар екендігін ия деген мағынада білдіреді. Ал негитивтік белгілер қылмыс құрамының белгілеріне екінші белгілерді қарсы қойып түсіндіреді. Қылмыс құрамының жоқ екндігін білдіретін белгілер түрінде көрінеді. Қылмыс құрамының  жоқ екендігін білдіретін белгілер Ерекше  бөлім  баптарының  ескертпелерінде кездеседі. Мысалы 251  баптағы қаруды , оқ-дәрілерді , жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды  заңсыз алу , беру, өткізу ,  сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысының ескертпесіндегі өз еркімен тапсырған адам  деген  белгіні  айтуға болады. Мұндай ескертпелер терроризм , кепілге алу, парақорлық , қылмысты жасыру , хабарламау қылмыстарында  кездеседі . Сонымен қатар негативтік белгілер Жалпы бөлімнің баптарының атауларында немесе диспозицияларында  да кездеседі.

  Негативтік белгілер Ерекше бөлім нормаларының диспозицияларында  да жеткілікті кездеседі. Қылмыстық құрамдардың белгілерін тұрақтылығына қарай:1) тұрақты

2)                    айнымалы деп бөлуге болады.

Тұрақты белгілер ретінде қылмыстық заңның қолданыстағы уақытында өзгермейтін құрам белгілері  алынады. Тұрақты белгілер Ерекше бөлім баптарының диспозицияларында ғана  емес, олар Жалпы бөөлім нормаларына  да тән болып келеді. Мұндай белгілерге нақты  қылмыс құрамдарын талдауда қолданылатын белгілермен қатар , көпшілік қылмыс түрлерін немесе кейбір  жағдай да барлығын сипаттауда қолданылатын белгілер де жатады.

Ал нақты қылмыс түрлеріндегі тұрақты белгілер бұрынғы заңдарда басқаша берілген болуы мүмкін, бірақ жаң қабылданған заң ол   белгіде басқаша  нұсқада беріп және ол занның  күшінде болу бүкіл уақытында сақталады.  Мысалы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заң   бойынша өлтіру –бұл құқыққа қайшы түрде басқа адамды өмірінен  айыру болып анықталады. Ал 1998 жылдан бастап күшіне енген заң кісі өлтіруді «басқа  адамға құқыққа қарсы қасақан қаза келтіру» деп  анықтайды. Бұрынғы заң мен  қазіргі заңның бұл анықтамадағы басты айырмашылығы  кісі  өлтірудің  тек «қасақана » түрде жасала алатындығы  болып табылады.

  Тұрақты белгілер әдетте қылмыстық-құқықтық норманың өзінде келтіріледі, ал басқа нормативтік актілерде көрсетілгенде айнымалы сипатқа көше бастайды. Себебі әр түрлі шаруашылық, қауіпсіздік саласына арналып шығарылған өзге ведомствалық заңдар техникалық прогреске, талаптың күшеюіне , бұрын белгілі  болмаған  жайттар ашылуына т.б. байланысты жиі өзгерістерге ұшырайды. Қылмыс құрамының белгілері бланкетті болған жағдайд а өзге ведомстволардағы өзгерістер қылмыстық құрам белгісінің де өзгеруіне соқтырады. Мысалы нақты өндіріс салаларында қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер негізілгенде , мұндай өзгерістерде  ауыр зардаптарға соқтырған  қауіпсіздік ережелерін сақтамау қылмыс ретінде  заңда қарастырылса, онда бұл өзгерілген белгілер айнымалық сипатты көрсетеді. Қылмыстық заңда мұндай бланкетті құрамдар қоғам қауіпсіздігіне ,  экология  қауіпсіздігіне , экономикалық қызметке қарсы бағытталған қылмыстарда көптеп кездеседі.

  Қылмыстық құрам белгілерін айнымалылыққа соқтыратын келесі жәйт, ол белгілі –бір қылмыс түрлері  бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының қылмыс белгісін түсінуде жаңа ұсынысты көрсетуі болып табылады. Жоғарғы Сот қаулыларының жаңаша жетекші ұсыныстар көрсетуіне себеп  болатын жағдайлар, қылмыстық құқық ғылымының жетістіктерін қолдану ,  қате пайымдауларды түзету тағы басқа  бола  алады.

 

 


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыс құрамынын түсінігі.

  2. Қылмыс құрамынын құрылымы.



Тақырып 3 Қылмыстың объектісі бойынша саралау

Дәріс мақсаты: Қылмыс объектісінін түсінігін, саралаудығы маңызын ашу

Сұрақтар:


  1. Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы.

  2. Қылмыстың объектілерінің түрлері бойынша саралау.

  3. Қылмыстың заты бойынша саралау

1 .Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі

Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады.

Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.

Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.

Біз жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.

А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.

Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.

Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.

Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.

Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша «Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес». Бұл аксиома – дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.

Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)

Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.

Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.

Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған «қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (...құқық тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас – И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)»./24/

Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.

Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.

Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.

Қылмысты саралау барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге тура келмейді.

Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.

Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342 бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.

Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда қылмыс субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.

Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.

Көп жағдайларда әледе қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу – негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында – меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы – қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік – мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.

Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы айырмашылық мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.

Қол сұғушылықтың факультативтік объектісі жасалған іс-әрекетті саралауға ықпал етпейді бірақ оның қауіптілігін арттырады және осы қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкция-шегінде жаза тағайындау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынады. Объектінің берілген түрі келтірілген залалдың орнын толтыру туралы мәселені қарағанда да ескеріледі.

Кей кездерде қылмыстың объектісін дұрыс анықтау үшін қылмыстық заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік құраладар ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны жөнінде сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқама? Бірінші жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің көрсетілген баптарындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен ең алдымен қылмыстың заты бойынша ажыратылады.

Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің көпшілігі қылмыстың затын құрамның факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі кейбір қылмыс түрлерін жасау барысында қылмыстың заты қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің 258 бабы бойынша тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады. Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту мәселесін шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға ие болмайды. Кейбір қылмыс құрамдарында қылмыстың заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты құрметтеу, қашқындық т.б.

Қылмыстың заты объектіге не қылмыс құрамының басқа да элементеріне жатқызылмайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.

Кінәлі тұлға оған әсер ете отырып жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық қатынастардың субъектісінің қызметіне залал келтіретін материалдық дүниенің нәрселерінен құралатын қылмыстын заты қылмысты саралауға ықпал ете алады және қылмыстық жазаны тағайындау барысында есепке алынады.


Кез келген қылмысты ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады.

Қоғамдық қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі.



Қылмыс объектісі







Жалпы




Тікелей


Топтық

Жалпы объект – заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынты.

Толық объект – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі.

Тікелей объект – заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы.


Тікелей объект









Негізгі тікелей

объект

Факультативтік

тікелей объект


Қосымша тікелей

объект

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қоысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Қылмыс объектісі дегеніміз не?

  2. Қылмыс объектісінін манызы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет