ОБСӨЖ № 43. ОБСӨЖ тақырыбы: Биология пәнінің түсініктері
ОБСӨЖ жоспары: 1.Биология түсініктерінің сала бойынша ерекшеліктері
2.Биологиялық түсініктерді дамыту жолдарын іздену
ОБСӨЖ мақсаты:Биология пәнінің түсініктерін, түсініктерінің сала бойынша ерекшеліктерін үйрену.
ОБСӨЖ мәтіні: Әдістердің дамуы және сәйкестіктері.
Биологияны оқыту барысында қолданылатын әдістер сабақтың мазмұнына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр уақытта өзгеріп отырады. Сынып жоғарылаған сайын әдістерде күрделене түседі. Төменгі сынып оқушыларына қойылатын сұрақ жауаптар мазмұны жағынан да оны жүргізу тәсілі менде жоғары сыныптардағы қолданылатын сұрақ жауаптардан айрықша. Жоғары сыныпта жүргізілетін сұрақ жауаптар жаңа сабақтың мазмұнын көлемінің көп бөлігін қамтиды. Логикалық тәсілдерде күрделендірлген, сбақты қортындылау және тақырыпты жинақтап оқыту мақсатында жүргізледі.Әңгіме тәсілі сынып жоғарылаған сайын біртіндеп леция сипатына көшеді. Орта буын оқушыларымен практикалық жұмысты мұғалімнің басшылығымен жаппай – фронтальді түрде жүргізілетін болса, жоғары сыныптағы оқушыларға жеке тапсырма ретінде, арнайы жоспар түзу, нұсқау бойынша орындалып, жұмыстың соңында міндетті түрде тексеріледі, бағаланады.
Әртүрлі әдістерді қолдану барысында біртіндеп оқушыларды биология курсын оқытуда сабақтың мазмұнына байланысты бірнеше әдіс - тәсілдер қолданылуы мүмкін. Демонстрациялау – практиклық жұмыспен, сұқпатпен ауысуы мүмкін.
Әртүрлі әдістерді қолдану барысында, әдістердің бір түрі басымдық көрсетеді. Мысалы: лекция, сұрақ – жауап элементтерімен, ал сұқпат әңгімеге ауысады. Сабақтың өтілуі әдісін сараптау нәтижесінде негізгі әдіс деп атап көрсетіп, қалғандары қосымша немесе жанама болып қалады.Әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдану оқушылардын жан - жақты дамуын, ақыл - ойының және дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді.