Жұмыстың мақсаты: Білім беру бағдарламасын жаңарту аясында 11 – сынып оқушыларына физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдана отырып берілген тақырыптарды әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқыту.
Жұмыстың міндеттері:
11 – сыныптың физика пәнін айнымалы ток тарауын жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
Мұғалімдер мен оқушылардың бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында айнымалы ток тарауы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
11-сынып физика пәнін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу нәтижесінде барлық тақырыпты инновациялық технологиялар негізінде бірнеше әдіс – тәсілдер мен түрлі бағдарламалар арқылы оқытуды қарастыру және әрбір тарау соңында бөлім бойынша жиынтық бағалау бойынша әдістемелік құрал жасалып шығарылады.
АЙНЫМАЛЫ ТОК Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Оқушылардың ғылыми ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту физика мұғалімінің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және практикалық ойлау дағдыларын қатар қалыптастыру маңызды. Оқушылардң осы аталған дағдыларын дамыту үшін «айнамалы ток» тарауында мынадай оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына сәйкес физикалық ұғымдар қарастырылады: «генератор», «айнымалы электр тогы», «активті кедергі», «сыйымдылық кедергі», «электрлік резонанс», «трансформатор», «су электр станциясы».
Аталған тараудағы тақырыптарды меңгеру үшін doko.kz сайтын пайдаланып 1 – суретте көрсетілгендей толық оқып танысып алуына болады
1 – сурет
Айнымалы ток тарауындағы физикалық шамалардың белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын түсінуге «Семантикалық карта» әдісін пайдалануға болады. 1 – кестедегі физикалық шамалардың атауларының белгіленулерін, өлшем бірліктерін, формулаларын анықтайды.