Физиика пәнінен айнымалы ток тарауын жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың инновациялық технологиялары
Дайындаған: Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика – математикалық мекте – интернатының
физика пәні мұғалімі
Ақтөбе
2020
КІРІСПЕ 2020-2021 оқу жылы 11-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде барлық 11-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2020 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады. Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
-экономика; -адамдардың өзін өзі басқаруы; -қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы; -еңбек нарығының құрылымы; -шекарамыздың ашықтығы; -еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі; -оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:
-әлем стандартына сай білім беру;
-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
-әлем азаматын тәрбиелеу;
-тәжірибелік дағдыларды дамыту;
-функционалдық сауаттылықты арттыру;
-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.