Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тақырып



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#98729
1   2   3
Байланысты:
Бозшин Б.Ж. жоба физика

Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

ХL

Z

Xc

A

B







ωL

Индуктивті кедергі




























Сыйымдылық кедергі




























Толық электр кедергісі




























1 – кесте
Аталған тараудағы физикалық шамалардың анықтамаларын білу үшін 2 – кестеде көрсетілген сәйкестендіру әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіру және өз ойларын жинақтау мақсатында пайдаланған тиімдірек.
«Сәйкестендіру» әдісі

Айнымалы ток генераторы



Айнымалы токтың жиілігі мен қуатын өзгертпей, оның ток күші мен кернеуін түрлендіретін құрылғы





Ток пен кернеудің берілген әсерлік мәндері кезінде активті қуаттың ең үлкен мәнін сипаттайды.

Трансформатор


Энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғы


Активті қуат



Ток көзінің электромагниттік энергиясын энергияның басқа түрлеріне: жылу, жарық және т.б. энергияларға қайтымсыз түрлендірутүрлендіру процесін сипаттайды.


Реактивті қуат


Ток көзінің электромагниттік энергиясын шарғының магнит өрісінің энергиясына және конденсатордың электр өрісінің энергиясына қайтымды түрлендіру процесін сипаттайды

Толық қуат

2 – кесте
2 – кесте
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту – мектептің білім берудегі басты міндеттердің бірі. Ойлаудың даму проблемасының ерекше мәнділігі білім берудің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруімен байланысты. Білімдер, іскерліктер және дағдыларды меңгеру осы дамудың құралдары болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін сабақтарда көбіне демонстрациялық жұмыстарды пайланған жөн. Айнымалы ток генераторының жұмысын оқушыларға 2 – суретте көрсетілгендей doko.kz сайтындағы демонстрациялық жұмысты қолдану керек.
Бұл демонстрацияда айнымалы ток генераторының құрлымы және оның жұмысы қарастырылған. Тұрақты магниттердің (қызыл және көк) өрісінде катушка айналған кезде оның ұштарында электр қозғаушы күші пайда болады. Осы жұмысты жасау үшін бірінші жұмысты дайындау батырмасын басып дайындап аламыз.

2 – сурет
Электр энергиясын электр станцияларында өндіреді. Мысалы, жылу электр станцияларында энергияны роторын бу турбинасы айналдыратын генератор өндіреді. Өндірген энергияны тұтынушыға жеткізу қажет. Осыған байланысты станция мен тұтынушы арасына электр желілері тартылады. Осы тақырыпты оқушыларға түсіндіру үшін 3 – суретте көрсетілгендей doko.kz сайтындағы демонстрациялық жұмысты қолдану керек. Бұл демонстрацияда трансформатордың құрылымы және оның жұмысы қарастырылған.

3 – сурет
Бұл трансформатордың көмегімен оқушылар кернеуді арттыру арқылы ток күшін еселеп азайтуды немесе кернеуді кеміту арқылы ток күшін еселеп көбейтуді түсінеді. [1]
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған оқу бағдарламасының оқу жоспарын әзірлеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқа авторлар (2003) мұндай тәсіл оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже беретінін айтады және мұны бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді.
Оқушылардың айнымалы ток тарауындағы формулаларды пайдаланып есептер шығару дағдысын дамыту мақсатында оқулықтағы өз бетінше шығаруға берілген есептерді «Миға шабуыл» әдісі арқылы орындатамын. [1]
Яғни А деңгейінің екі есебін жеке жұмыс есебінде өздері берілген уақыт ішінде шығарып үлгерулері керек, өйткені бұл екі есеп күрделілігі жеңіл болып табылады. Ал В деңгейінің үш есебін және С деңгейінің бір есебін топтық жұмыс ретінде беремін, өйткені бұл есептердің ішінде күрделілігі орташа екі есеп және күрделілігі жоғары бір есеп бар. Оқушылар осы есетерді топпен шығарып болғаннан кейін тақтаға әр топқа бір есептен қорғатамын. Қалған топтар бір - бірлеріне «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді. Яғни бұл жерде мысалы бірінші топ бір есепті қорғаса қалған екі топ олардың шығарып түсіндірген есептерінің қате кеткен жерлерін қалай дұрыстауға болатындығы жөнінде бір ұсысынтарын және есепті шығаруының екі жақсы жақтарын айтады.
Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет