-
қалай
болса да кҥн кӛру, ӛмір сҥрудің тӛңірегінде
.
Мектеп, ҧжым, бҧрынғы
қоғамдық ҧйымдар ӛз мәніндегі тәрбие жҧмыстарынан алыстай
бастады.
Ал ата-баба жолына қарасақ, халқымыздың
ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тағлыматқа кӛңіл аударсақ және
Кеңес дәуірінде
қалыптасқан тәлім
-
тәрбие жҥйесін, оның әдістемелеріне талдау жасасақ тәлім
-
тәрбие жҧмысында мынандай кемшіліктер кеткен сияқты:
балаларды тәрбиелеуде ҧлттық ерекшеліктер
,
халықтың салт-дәстҥрі еске алынбады
,
сӛйтіп барлық
балаларға ҧлттық психологиясы
ескерілмей
,
қатал жҥйеде қалыптасқан тәрбие жҧмыстары жҥргізілді
.
Оқу қҧралдарында, оқу бағдарламаларында қазақ халқының ҧлттық тәрбие қҧралдары: әңгімелері, ертегілері, фольклорлық,
эпостық, лирикалық шығармалар, ӛнер, әдебиет, мәдени шығармалар және белгілі тарихи тҧлғалар жайлы хабарлар жоқтың қасында болды.
Қазақстан тарихы мектептерде толық мәнінде оқытылмады, тарихи шындықтар бҧрмаланды. Сӛйтіп балалар елінің тарихын ӛз тҧрғысында
білмеді, ҧлттық салт-дәстҥрден, елін, жерін сҥюге бағышталған тәлім-тәрбиеден аулақ болды. Ана тілінің рӛлі тӛмендеді, ол тек қана
тҧрмыстық, отбасының тілі болды, балалар толық мәнінде ӛз тілін білмеді, сӛйтіп психологиясы ӛзгеріп дҥбәра адамға айналды. Міне, осы
сияқты кемшіліктер бала тәрбиелеу жҧмысына ӛзінің теріс әсерлерін тигізді.
Осы және басқа да кемшіліктердің болғанын еске ала отырып, қазіргі жағдайда отбасында балаларға тәлім-тәрбие беруде
тӛмендегідей тәрбие жҧмыстарына ерекше кӛңіл бӛлген дҧрыс сияқты.
Отбасылық тәрбиенің маңызы туралы IХ ғасырда ӛмір сҥрген ҧлы данышпан бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол оның барлық ӛміріне апат әкеледі» дейді. Сондай-ақ,
қазақтың қаһарман ҧлы Бауыржан Момышҧлы бір сӛзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан
корқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің кӛбейіп бара жатқанынан қорқамын, ҥшіншіден, дәстҥрді
сыйламайтын балалардың ӛсіп келе жатқанынан қорқамын.
Ӛйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстҥрді бойына сіңіріп ӛспеген баланың кӛкірек кӛзі кӛр бола ма деп қорқамын.
Ал, кӛрдің қолына балта берсең, шаба салады, найза берсең, сҧға салады, намыстанбай бҧға салады.
Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасаң, халық болудан қаламыз ба деп қорқам» деп, ҧрпақ болашағына
алаңдайтынын білдіреді.
Ал ҧлттық тәрбие дегеніміз не? Ол – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ҧрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, ҧлттық дҥниетанымын, ӛмірге деген кӛзқарасын және соған сай
ҧлттық мінез-қҧлқын қалыптастыру.
Сонымен, ата-аналардың басты мақсаты – дені сау, ҧлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,
ар-ожданы зор, еңбекқор, ісқер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бҥгінде жаһандау процесі жҥріп жатқан жағдайда ҧлттық мҥдде, ҧлттық тәрбие, ҧлттық рухты сақтап қалу – ҥлкен міндет екені
даусыз, ҧрпақ тәрбиесінде халықтық тәрбиенің бастауы – ҧлтжандылыққа, елдікке, Отан сҥйгіштікке баулудағы уыз тәрбие – қазақи,
халықтық этнопедагогика екенін тәуелсіз елдің ӛткені де бҥгіні де дәлелдеп отыр.
Отбасындағы ата-ананың тәрбиелік тҧлғасы – ӛтірік айтпау, алдамау, бейбастық әдет-мінез кӛрсетпеу, сӛзімен, ісімен жақсы ықпал
жасау, ҧяжандылыққа, ҧлтжандылыкқа, имандылыққа, ҥлкенді сыйлауға т.б. жақсы қасиеттердің жиынтығын кӛрсеткен жӛн. Тәрбиенің бҧл
тҥрі ана-ананың балаға тәрбие берудегі әліппесі болу керек. Бала дҥниеге келгеннен бастап, оның ӛміріндегі әр кезеңдерді тәрбиелік
мәнінде атап ӛту. Баланың шілдеханасын, атын қою, сӛйлегенін, жҥргенін (тҧсау кесу), сҥндетке отыруын, мектепке баруын т.б. осы сияқты
бала ӛміріндегі ерекше кезеңдерді ҧлттық тҧрғыда баланың ӛмір бойы есінде қалатындай етіп отбасында ӛткізу. Қазіргі кезде осы сияқты
жҧмыстар жҥргізіле бастаған сияқты, бірақ та оларға от басында терең мағына берілмей, олардың кейбіреулері спектакль есебінде жасанды
тҥрде тек мектептерде ғана жҥргізіліп, яғни бала мерекесі емес, негізінен ҥлкендердің бас қосуына айналды.
Отбасында баланы еңбекке тәрбиелеуге ерекше кӛңіл бӛлінген жӛн. Ал еңбек сабағы ҥй шаруасының жҧмыстарынан басталу керек.
Мҥмкіндігінше әр баланың жынысына, жасына қарай ҥй шаруасының жҧмысына кӛңіл бӛлу, яғни баланы халқымыздың дәстҥрлі
шаруашылықтары – мал бағуға ҥйрету, егін салуға, жеміс-жидек ӛсіруге, әсіресе қолданбалы бейнелеу ӛнеріне кеңінен баулу қажет.
Нарықтық экономиканың жағдайына сай
Достарыңызбен бөлісу: |