Отбасы типтері (түрлері)
-
отбасы құрамы, басқарылу ерекшелігі,
қатынас сапасы, мәдени
-
әлеуметтік мүмкіндігі бойынша:
-
Жалғызбасты отбасы (балалы немесе баласыз жұбайлардың бірі);
-
Толық емес отбасы;
-
Толық отбасы;
-
Бөлек отбасы;
-
Қариялы
отбасы;
-
Әулетті
отбасы (бірнеше ұрпақтың жұбымен болуы);
-
Эгалитарлы отбасы (тең құқылы);
-
Патриархалды (әкенің басқаруындағы);
-
Матриархалды (ананың басқаруындағы);
-
Жағдайлы;
-
Бақытты;
-
Проблемалы;
-
Даулы;
-
Жағдайы төмен;
-
Шырқы бұзылған;
-
Өнер
түріне бейім;
-
Спортқа бейім;
-
Техникаға бейім;
-
Гуманизмге жақын;
-
Дінмен өмір салты қалыптасқан болып бөлінеді.
Отбасы
-
шағын мемлекет болғандықтан да уақыттың және қоғамның
әсерінен ол үздіксіз дамиды, өзгерістерге ұшырайды.
Жаһандану
жағдайында қазақ отбасының ұлттық қалпы мен салтын сақтай отырып
дамуына педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің қажеттілігі дәлелдеуді
қажет етпейді.
Отбасында әсіресе ата
-
ананың, туған
-
туыстың айтқан сөздері,
қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси
-
әлеуметтік өмірдегі
өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, кабылданып жатқан
шешімдерге берген бағалары т.б. жас бала арнайы тыңдап, мән
бермегенмен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір оймен
қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Отбасында негізі қаланған
тәрбие өсе келе өмірлік позицияға айналуы мүмкін.
Туыстық қарым
-
қатынас қазақ халқында
жеті атадан өрбіген. Жеті ата–қазақ
халқының
салт
-
дәстүріне тән адамның ата жағынан тегін таратудың жүйесі. Әлем
халықтарының салт
-
саналарымен салыстырғанда ұлттық мәдениетімізде
мақтанышпен айтатын қасиетті дәстүрлеріміз баршылық. Соның бірі–
ата
-
бабамыздан жалғасқан, бүгінгі күндегі озық медицинаның
75
дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным, жеті атаға толмай қыз
алыспайтын қазақи шежірелік жүйе. Ол–қазақ халқының дәстүрлі салт
-
санасында ата
-
тектің жалғасуын реттейтін қасиет. Осыған байланысты
ежелден бері әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сонымен бірге
бұл–
ата
-
ана үшін отбасылық үлгі
-
өнегенің әліппесі.Тек ата
-
анасынан
жастай айырылған жетімдер
ғана мұндай тәрбиеден мақұрым қалатын.
Қазақ
халқы дәстүрге бай, дәстүр тәрбиесін ұстанып ұрпақ
тәрбиелеу, әлеуметтік орта тәбиесін, береке
-
бірлік, еңбек, ел қорғау,
ортаны қорғау, адамдар арасындағы қарым
-
қатынас қалыптастыру,
әдеп
-
иба, өнер
-
білім, тәлім
-
тәрбиені тұтас бойына сіңіріп, қазақ
ұлтының шыншылдық, еңбекшілдік, ақ көңіл адал ниетінің адамдарды
береке
-
бірлікке шақыру ұлттық образын тіктеуде дәстүр тәрбиесінің
өзіндік әлеуметтік рөлі зор болып
келген. Қазақ халқының азаматтық
үш жұртында, рулық тұлға
бойынша адамдар арасындағы қарым
-
қатынас, өзара жақындастық, қандастық байланыс болуымен бірге
құдандалық қарым
-
қатынас арқылы өзара қарым
-
қатынас тереңдеп,
көлемденіп, өрісі кеңейіп, іргесі кеңге жайылып келген.
Халқымыз баласын кішкентайынан жеті атасын тануға үйретеді.
Біріншіден, бабадан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады.
Ал, екіншіден, баладан тарайтын ұрпақ әкеден бастау алып, жалғаса
береді. Жеті аталық рулық жүйенің маңызы мен мәні, қоғамдық рөлі
мен өнімі жайлы «Қазақ ұлттық энциклопедиясында» былай делінген:
«…өз ата
-
бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматы үшін
міндет болған. Мұның өзі қазақтардың этноерекшеліктерін танытуда.
Бұл жеті аталық жүйе ел басынан өткен қиын
-
қыстау кездерде тегінен
көз жазып қалмауына және басқа
халықтармен ассимиляцияға түсіп
кетпеуіне себепші болды. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі
қоғамда өмір сүрген халықтар үшін өмірлік қажеттілік еді. Жеті атадан
үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы
«қазақ халқы бір атаның
баласы, бір тамырдан тараған» деген
ұстанымды орнықтырған. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші
рулармен байланысын білетін. Сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан
туыстығына көзі жеткен. Жеті атасын, руын, жүзін білген соң, қазақтар
туған жерінің кез
-
келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында
жүрген алып бір отбасының мүшесіндей сезінетін. Нәтижесінде, үлкен
бір отбасы секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасты. Жер басып
жүргендер ғана емес, жадында сақталған баяғы ата
-
бабасы да тірілердің
санасында тірілгендей, жалғасын тапқан. Жеті аталық ұстаным бүкіл
халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз, мейлінше тегеурінді рухани бірлік
сезімін терең сіңдіреді. Ол –
этнотуыстықтың қуатты, арқаулы темір
қазығы болды». Халық жадында берік сақталған жеті аталық
ұстанымның ұлт болып ұйысуымызға, ұлттық құндылықтарымызды
76
сақтап оны дамытуымызға әсері мол болды. Тағдырдың талай
тауқыметін көріп, бұл күндері әлемнің отыздан артық елінде тарыдай
шашылып жүрсек те, біртұтас халық ретінде тарих сахнасынан
көрінуімізге тигізген үлесі мен пайдасы, құны мен қымбаты, рөлі мен
маңызы туралы мұнымен ғана тоқталуға болмайды. Дүниедегі барлық
халықтың таралу тегі болатынын, тіпті, өз ата
-
бабаларын Нұх
пайғамбардан бастап таратып көрсететін ұлттардың (араб, еврей) да
барын білеміз.
Жеті ата танымының қазақ халқында бағзыдан келе
жатқан тамыры терең ұғым екенін арнаулы
атаулары
дәлелдейді.
Жеті
ата атауының қазақта тамыры терең, үлкен ұлттық ұлағатты
шежірелік жүйе екенін, оның қазақ өміріндегі маңызын жоғарыда
баяндап өттік. Енді қазақтың жеті ата, жеті ұрпаққа байланысты
айтылатын атауларды жинастырып салыстырамыз. Біріншіден, жеті
атаға кімдер жататынын анықтап алған жөн. Осы мәселе төңірегінде
қазақ
жазушысы,
әрі
этнографы
Сейіт
Кенжеахметұлының
тұжырымдары көкейге қонымды.
С. Кенжеахметұлы: «Жеті ата шежіресіне енетін атаулар туралы
әртүрлі ойлар мен болжамдар, талас
-
пікірлер газет
-
журналдарда да,
басқа ортада да туындап отыр. Мұның бір өкініштісі, сол пікірлер
арқылы қате ұғымдар мен ой
-
түйіндердің байыбына терең бойламай
айта салушылық пен қателіктер баспасөз беттерінде де, оқулықтарда да
жиі көрініп қалады. Кейбір авторлар осы дәстүрді басқаша
түсіндірмекші болып, өздері білмейтіндігімен қоймай, өзгелерді де
шатастырып жүр», –
дейді. Сонымен қоса, мектептік шараларда, «Өзін
-
өзі
тану», «Дәстүр» сынды оқулықтар мен журналдарда жеті атаны
бірде, ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат деп, бірде, ата,
әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене десе, енді бірде, бала,
немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрекжат, туажат деп санамалап
жатады. Мұның бәрі қате ұғымдар. Міне, осындай қателіктерді С.
Кенжеахметұлы сынай келе, мұндай пікірлерді айтқанда әркім белгілі
бір ұғымға немесе дәлелді дәйектерге, Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды
аузы дуалы билердің сөзіне жүгінгені жөн екенін айтады.
Халқымыз тілге, сөзге мән берген. Сондықтан да, қазақ қашан да
аталы сөзге тоқтайтын. Олай болса, әңгіме етіп отырған тақырыпта
«ата» деген сөз бар. Яғни, бұл «ата
-
баба» деген ұғымды көрсетіп тұр.
Ал, бала, немере, шөбере деген–атамыз емес, ұрпағымыз. Сөз
жеті
ұрпақ емес, жеті ата туралы болып отыр. Олай болса, жеті ата шежіресі
өзімізге дейінгі ата
-
бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: өзің,
әкең, атаң, арғы атаң, бабаң, түп атаң, тек атаң. Рас, бұл атаулар кей
жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті
ата жолы осылайша таратылатынын бұрынғы
би,
шешендер
айтып
кеткен.
77
Қазақ
рулары жеті атаға толғаннан кейін ғана қыз алысады. Енді
«жеті ата толғаннан соң сегізінші атадан қыз алысу керек пе, әлде
жетінші атадан бастап рұқсат етілген бе» деген мәселе төңірегінде ой
өрбітейік. Кейбір көнекөздеріміздің жекжат деген атауды құда
-
құдағилықтан келген атау дегенін ескерсек, сегізінші атаның жекжат,
тоғызыншы атаның жұрағат
(құда
-
жұрат)
аталуының сырын білгендей
боламыз. Демек, бұл сегізінші
буын бір
-
бірімен құдаласып, жұраттаса
алатынын білдірсе керек. Аталас рулар жеті атаға тола салып емес,
қайта жетінші атаны толтырып, сегізінші ұрпаққа жеткенде ғана
құдаласады
.
Бұл күнде ата жолын ұстанған әр қазақтың баласы өз тегін ата
-
баба
шежіресінде көрсетілгендей, өзінен бастап қазаққа немесе қазақтан
бастап өзіне дейін атап бере алады. Бірақ, жеті ата ұстанымы туралы
бұл күнде көптеген ғалымдар жағынан теріске шығарылып,
шындығына, ғылымилығына күмәнді көзқарастар сақталып жүрген
«Шипагерлік баян» еңбегінде құнды деректер сақталған. Бұл дерек, жеті
ата ұстанымының қазақта қашаннан пайда болғандығын білуімізге анық
бағдар сілтейді. Аталған кітаптың 11 бетінде: «Жеті атадан ілгері қыз
алысқандар бүгіннен бастап болмауы шарт. Егер, олай болса, болғанына
көз жетсе, жұбайларды тең бас қылыштамақ керек», –
деген сөз бар.
Кітапта келтірілген бұл жарлық Жәнібек хан жағынан түсірілген екен.
Жарлық болғанда да –
қатаң жарлық. Бүкіл қазақтың бұлжытпас заңына
айналған осы қағиданың бір кездері қолында заңдық
күші болған,
қаһарлы хан жағынан қарар қылынып,
қалт
жібермей атқарылғаны
шындыққа жанасымды әрі қисынды.
«Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», әз Тәуке
ханның «жеті жарғысынан» хабардар екенін білдірген ұлы Абай: «Мен
егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім», –
деген екен. Сонымен қоса, тағы бір
сөзінде: «Қазақты ақылды етіп түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі
нәрсе керек: әуелі –
бек үкімет, яғни қолында жарлығы болмақ керек;
екіншіден, ол адам есепсіз бай болуы қажет», –
дейді. Жәнібек хан міне,
осындай қолында заңдық күші бар, бек үкіметтің иесі болған. Сөйтіп,
қатаң жарлық арқылы жеті ата ұстанымын бүкіл қазақ халқына
дәріптеген, тек дәріптеп қана қоймай іске асырған деп қорытынды
шығаруымызға болады. Қазақтың бүгіні, ата
-
бұтар шежіресі қазақ
хандығынан кейін бастау алса, жеті ата ұстанымы да сол кезден бастап
іске қосылған. Әрі екеуінің мақсаты да–халықты бірлікке, ынтымаққа
шақыру болған. Сол арқылы тұтастықты сақтап, халықтың
сапасын
көтерді.
Қазақ
отбасында баланы ұлттық салт
-
дәстүрлер аясында
тәрбиелеген. Бала тәрбиесіне байланысты салт
-
дәстүрлер: құрсақ тойы,
78
жарыс қазан, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, бесік
тәрбиесі, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу т.б. жүйелі түрде
іске асырылған. Сондықтан қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы
басты рөл атқарған, ұлы Мұхтар Әуезов қазақтың отбасы тәрбиесін
ерекше бағалап: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі соған дәлел.
Ана мен әке және әже мен ата –
отбасының басты тәлімгерлері.
Өйткені ана балаға өмір сыйлаумен ғана жақын емес, ол өзінің бар
мейірімділігімен, жүрегінің жылуымен, сүйіспеншілігімен оған өте
жақын. Ана балаға барлық өмір тәжірибесін және бар білгенін туылған
күннен бастап баланың бойына сіңірумен болады. Сондықтан баланың
алғаш тілінің шығуы «Ана» деген сөзден басталады.
Ана –
баланың ең жақын қорғаушысы, қамқоршысы, ақылшысы
және тәлімгері. Мысалы, ана баласы үшін басын өлімге тігуге де дайын.
Ана баласының табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсе екен
деп тілейді. Баласы қиыншылыққа кездескенде алдымен жаны
қиналатын, шамасы келсе алғаш қол ұшын беретін де сол ана.
Ана–баласын халықтық салт
-
дәстүрлер негізінде тәрбиелеуші және
оны өмір сүруге даярлаушы.Жақсы мінез
-
құлық, іс
-
әрекет ана бойынан
балаға сіңіріледі.
Ана жер басып жүрген адам баласын жаратушы да, оның
ұрпағын
мәңгі жалғастырушы да.Сондықтан бұл дүниеде анадан артық, анадан
ардақты, анадан құдыретті ешнәрсе жоқ. Сол құдыретті «Ана» сөзі
әрқашан да табынып өтетін бір тәңірідей естілетіні де содан. Мұсылман
халқы «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның ақ сүтін өтей
алмайсың», –
деген даналық сөзі дәл айтылған. Анаға қандай жылы
лебіз білдірсек те, қандай қамқорлық жасасақ та, қандай құрмет
көрсетсек те орынды!
Қазақта
отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің алатын орны мен рөлі
ерекше. Себебі әке –
отбасын асыраушы, оның мүшелерінің тірегі,
қамқоршысы және тәлімгері. Әкенің мінез
-
құлқы, өзгелермен қарым
-
қатынасы, өнері, білімі –баланың көз алдындағы үлгі
-
өнеге алатын,
соған қарап өсетін нысанасы. Сондықтан қазақта әке туралы өнегелі
нақыл сөздер мен мақал
-
мәтелдер көп
-
ақ. Мысалы, «Әке бәйтерек, бала
жапырақ», «Әкеге қарап бала өсер», «Әке балаға үлгі», т.б.
Қазақта
біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болып өссе: «Оның
әкесі
жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», –
дейді. Бұдан әкесі
жақсылардың балалары да жақсы болмақ, ал әкесі жамандардың
балалары –
сондай болмақ деген қорытындыдан аулақпыз. Баланың
жақсы
-
жаман болуы шыққан тегіне ғана емес, ол оның тәрбиесіне
тікелей байланысты. Осыны ерте сезген халқымыз:
«Баланың тентек болмағы үйінен,
Жігіттің тентек болмағы биінен»
немесе
79
«Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз», –
деген.
Қазақ
халқында әкелер өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды
өздеріндей қолөнерші, күйші, әнші, мерген, аңшы, құсбегі етіп
тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Осыдан келіп ата өнерін баланың
қууы, оны мирас етуі дәстүрге айналған. Мысалы, қазақ халқының
өмірінде жеті атасына дейін күйшілік, әншілік, аңшылық, ұсталық
өнерлерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Содан «Атадан бала тумас
болар ма, ата жолын қумас болар ма», «Әке көрген –
оқ жонар» деген
нақыл сөздер пайда болған. Сонымен, әке –
отбасында қамқоршы,
ақылшы, үлгі
-
өнеге, тірек, ұстаз,
тәрбиеші.
«Әже –
кім, Ата –
кім, неге оларды соңғы кездерде жылатып,
қарттар үйлеріне апарып тастаған», –
деген сұрақтар туындайды.
Ертеде де және қазір де әжелер мен аталар отбасында бала
тәрбиесінде басты орында. Әжелер мен аталар отбасында немерелерін
тәрбиелеуде бала күтушінің жұмысын істеп, балалар солардың қасында
өседі
.
Әжелер
мен аталардың мінез
-
құлқындағы жағымды қасиеттер:
олардың ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, қиыншылықтарға
төзімділікпен қарауы т.б. балаға ерекше әсер етеді.
Әжелер
мен аталар балаларды отбасында түрлі өнер мен еңбекке
үйреткен, олар не істесе балалар соны істеп өскен.
Әжелер
мен аталар балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді
тәрбиелеу үшін оларға аңыз
-
әңгімелер, ертегілер, мақал
-
мәтелдер,
жырлар, жұмбақтар т.б. ауыз әдебиетінің үлгілерін кеңінен пайдаланған.
Әжелер
мен аталар ұлы адамдарды тәрбиелеуде ерекше қызмет
жасаған, оны сіздер жақсы білесіздер. Мысалы, Абай, Ыбырай, Шоқан,
Мұхтар т.б. соған дәлел.
Ерте уақытта қазақта әке
-
шешеден бірдей айырылған жетім
балаларды әжесі мен атасы асырап өсіріп, оларға жетімдік көрсетпеген.
Қазақта
баланың әке
-
шешесі оның ата
-
әжесі тұрғанда «бала менікі»
деуге бата алмаған, ал балалар оларды «аға
-
жеңге» деп атаған. Осы
жақсы дәстүр ата мен бала, әже мен келін арасында шынайы
сыйластықты, татулықты, ынтымақтастықты, отбасындағы жақсы
қарым
-
қатынасты қамтамасыз еткен. Міне, жоғарыда айтылғандардан
әже мен атаның отбасындағы тәрбиелік іс
-
әрекеттерінің ерекше екенін
дәлелдесе керек
.
Сонымен, қазақ отбасында баланың басты тәлімгерлері анасы мен
әкесі
және әжесі мен атасы. Халқымыздың бала тәрбиелеудегі
ерекшеліктері –
бала тәрбиесі құрсақтан басталып, бесікте, қыз бала мен
80
ұл
бала, келін мен ер жігіт жеке
-
жеке ұлттық әдет
-
ғұрыптар мен салт
-
дәстүрлер негізінде үздіксіз тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |