1.3
Қазақ
отбасы тәрбиесі, оның негізгі ұғымдары
Бала тәрбиесінің негізі
-
бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік
топ
-
бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата
-
ана баланың өмірлік
ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті
отбасындағы
ата
-
ананың
сіңірген
еңбегіне,
тәлім
-
тәрбиесіне
байланысты. Сондықтан, әрбір ата
-
ана өзінің баласын білімді,
мәдениетті, жан
-
жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы
тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар
құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім
туралы заңы» (2007), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы
туралы Заңы» (2002)
.
Үкіметтен қолдау тапқан
бұл құжаттарда үздіксіз
білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп
аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы
түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал
,
ата
-
ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың
қоғам алдында өз балаларының тәлім
-
тәрбиесі үшін жауапкершілігін
арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту
қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі
кездегі
жасөспірімдердің
арасындағы
қылмыстың
көбеюі,
жа
стардың
нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі
дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі
тәрбиешісі
-
өзінің туып өскен ортасы, ата
-
анасы. Баланың дұрыс азамат
болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты.
«Баланы
-
жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп
кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын
өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс
қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым
-
қатынаста болуы
қажетті жағдай болып отыр.
Отбасы мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология,
педагогика, демография, кұқық, әдептану, тарих т.б. ғылымдардың
қарастыруына байланысты көптеген анықтамалар кезіктіруге болады.
Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына
тоқталайық.
Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» –
өзіне, «неке мен
қандас туысқа негізделген шағын топ»–
деген
анықтама берілген. Оның
мүшелері тұрмыстық ортақтығы, өзара көмек және рухани
жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен,
бүкіл қоғамдық
катынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы
қоғамдық
өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес
18
сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістерімен
сипатталады.
Табиғи
-
биологиялық
және
шаруашылық
тұтыну
қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық,
адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Отбасы еркек
пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани,
этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы
қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Философиялық тұрғыда «отбасы» –
қоғамның
ажырамас құрамды,
өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп бepiлсе, әлеуметтану
ғылымында отбасы некеде және қандас туыстар негізінде құрылған
кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір
-
бірімен тұрмыстық,
моралдық, жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым
-
қатынаста
болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің
дамуына байланысты өзгеріп, жекелей дербестікте болады деп
көрсетеді.
А
Л
,
педагогикалық
-
психологиялық тұрғыда отбасы
-
ата
-
ана мен
балалар арасындағы, ерлі
-
зайыптылардьң және басқа да отбасы
мүшелерінің қарым
-
қатынасының тарихи нақты жүйесі болып
табылады.
Отбасы мен бала тәрбиесі ғылыми
-
теориялық және әдістемелік
мазмұнға бай. Ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру
үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның
әке
-
шешесі мен ата
-
бабаларын жақсы білуі қажет» деп есептесе,
Аристотель «Отбасы –
адамдардың қарым
-
қатынастарының ең бірінші
түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған.
Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселелесін
қарастыра
отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп
көңіл бөлген. Фихте отбасының негізі
-
махаббат десе, Гегель бірінші
болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің өзгеруі өндіргіш
күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын
элементтердің қалыптасуына байланысты болады. Бұл жөнінде
Ф.Энгельс өзінің «Отбасының,
жеке меншіктің және мемлекеттің
шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның
материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде
өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда,
өндіріс те екі түрлі болады. Бірінші жағынан
-
тіршілік қажеттерін: азық
-
түлік, киім
-
кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар
өндіру; Екінші жағынан
-
адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.
Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін
адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен:
бір
19
жағынан, еңбектің, екінші жағынан, отбасының даму дәрежесімен
анықталады...».
Отбасы
тәрбиесі–
нақты
отбасы
жағдайындағы
ата
-
ананың
басқа
туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру
жүйесі. Бала бойында жақсы мінез
-
құлықтарды сіңіруде ата
-
ананың,
үлкендерінің жеке бас үлгі
-
өнегесі ерекше рөл атқарады. Бала оларға
қарап, еліктеп өседі. Кейбір ата
-
ананың балаға айтар өсиеті мен
күнделікті тіршіліктегі іс
-
әрекеті, мінез
-
құлқы сай келе бермейді. Балаға
өтірік айтпа, ұрлық істеме, біреудің ала жібін аттама, кісіге қиянат
жасама дей отырып, ата
-
ана немесе отбасының өзге мүшелерінің өзі осы
қылықтармен айналысса, бала тәрбиесіне теріс әсер етері сөзсіз.
Профессор
К.Ж.Қожахметованың
зерттеулеріне
сүйенсек,
тәрбиедегі этноәлеуметтік рөлдік бағытты жоғары қояды. Ол ерте
балалық шақтан бастап этноәлеуметтік рөлдерге бейімділігін және оның
адам өмірінің барлық кезеңінде
жалғасын табатынын көрсетеді.
Тәрбиеге этноәлеуметтік рөлдік тұрғыдан келу қазақ этникалық
тәрбиесінің, оның ішінде отбасы тәрбиесінің негізгі қағидасы болып
саналады. Отбасында баланың жас және жыныстық ерекшеліктеріне
орай этноәлеуметтік рөлдері игеруі оның дамуының көрсеткіші болып
табылады. Отбасы қызметі қарым
-
қатынас процесінде және отбасы
мүшелерінің өзара әрекетінде жүзеге асады.
Отбасы қазіргі мағынасында –
бұл некеден, туыстықтан, бала асырап
алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан
туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға
септігін тигізетін,
мүліктік
және
мүлікке қатысты
емес
жеке
бастың
құқықтарымен
байланысқан
адамдар
тобы.
Осы анықтамалардан түйіндейтініміз: адамның өз өмірінің негізгі
процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ
-
отбасы болып
табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз
байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші
әсер етеді.
Отбасының
жоғарыда
келтірілген
анықтамасы
бойынша,
ол
отбасын
дағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп
отыратын әлеуметтік топ.
Сонымен қатар отбасы тәрбиесіне
қатысты келесі ұғымдарды да
қарстырып өткеніміз жөн.
Әдеп
–халқымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен
алдындағы, әйелінің ері алдындағы немесе ерінің әйелі алдындағы әдеп
сақтау үлгілерінің көрінісі. Мысалы, ата
-
ананы сыйлау сәлем беру ,
үлкен
адамның жолын кеспеу т.б. әдептілік нормаларды айтады. Әр
адамның адамгершілік қасиеттерінің көрінісі т.б. халықтық тәрбиенің
өзін
-
өзі тану жолындағы үлгісі болып табылады.
20
Нақыл –өнеге өсиет, тақпақ, жыр негізінде айтылатын тәжірибеден
алынған тәрбиелік сөз. Ұлы
адамдардың нақыл сөздері жастардың
жадында сақталып,зор тәрбиелік рол атқарған.
Өсиет
-
кейінгі ұрпаққа айтылған ақыл
-
кеңес, ғибрат, өнеге, ата
-
ананың ұрпағына айтқан тәрбиелік сөздері.
Ұлттық
тәрбие –жалпы адамзаттықты ұлттық пен бірлікте
ұштастыратын азаматтарды, ұлт мүшелерін қалыптастыру; мәдениет
,
тілді білуімен қатар ол қазіргі білімді де меңгеруі тиіс.
Үлгі
-
өнеге –
жеке адамның басқаға үлгі көрсетіп, өнегесін үйретуі.
Жеке тұлғаның білімділігі, еңбекқорлығы, имандылығы, үлгілі мінез
-
құлқы жастарға үлгі
-
өнеге болады.
Көрегенділік –жеке адам бойындағы имандылық, кішіпейілділік,
әдептілік тәрізді адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Көрегеділік
жақсы үлгімен тәлім –тәрбие алғанын білдіреді. Көрегенділіктің әуелгі
қайнары –әдеп болса, алғашқы белгісі амандасудан көрінеді.
Қазақстандық
патриотизм –
әрбір азаматтың өз
Отанының
тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну.
Барлық азаматтардың ұлты мен конфессиясына қарамастан қазақ
халқының тарихы мен мәдениетін құрметтеу, мемлекет рәміздеріне,
мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Қазақстанды барлық
азаматтарының бірыңғай Отаны ретінде түсінуі.
Отбасылық
қатынастарды
реттейтін
құқықтық
нормалардың
жиынт
ығы
Достарыңызбен бөлісу: |