Бала көтеру барысында жасалатын әдет
-
ғұрыптар.
Жас келінің жүктілігі сезгеннен
-
ақ
оған бар қамқорлық жасалып,
күтімге алынады. Қазақ халқы алғашқы баланың бойға біткенінен
дүниеге келгенге дейінгі сәтіне көп мән берген. Себебі,
алғаш бала
қалай аман есен дүниеге келсе, келесі туылатын балаларда да аман
болады делінеді. Жалпы қазақтар жас келінді түн қараңғысында
жалаңбас далаға шығармау, кешке суға жібермеу, өлік шыққан үйге
барғызбау т.с.с. жағдайларға тыйым салынады. Егер үйде ері жоқ
болса, бір өзін жатқызбай, қайын сіңілісі немесе енесі жатады. Қазақ
арасында жалпы аяғы ауыр әйелдерге жыншайтан, пері, үйір болады
деген ұғым бар. Бұлардың кесірінен іштегі нәрестеге зақым келуі
мүмкін делінеді.
Орақ пен Мамайдың анасы Қаракүлек әже былай толғайды.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан бөрі етін жеп
Қанып
еді жерігім
-
деген жыры белгілі.
Тәжірибелі енелер келінінің түсік тастамауын көздеп, етегін бүріп
қояды. Босануына үш ай қалғанда ұзын толғақ басталады. Бұл кезде
бөпең айдай сұлу болсын деп, айлы түнде келінін көлге шомылдырған.
Босануына екі ай қалғанда орта толғақ басталады. Бұл кезде келінге
өткір зат ұстатпаған. Оның мәні бала шала болып туылмасын деген
ырым. Жүкті әйелдің босануына бір ай қалғанда оның ай толғағы
басталады. Ине жіп ұстатпайды, бала кіндігіне оралып қалады деп, ауыр
жұмыс істетпейді. Қария аналар тәжірибесінде де егер қыз бала сол
жақтан, ұл бала оң жақтан қимылдайды екен.
Достарыңызбен бөлісу: |