Жол
-
жора –
1. Әдет, салт
-
дәстүр. 2. Азды
-
көпті сый
-
құрмет, ырым.
Жол
-
жоралғы –
салт
-
дәстүр, әдет бойынша берілетін ырым, кәде.
Жұбату –
азалы адамға көңіл айту.
Жұмақ –
о дүниедегі рухтың рахат орны (пейіш).
Жұмалық –
жұма күні молдаға беретін қайыр
-
садақа, ақша (тамақ
та берілуі мүмкін).
Жұрағат –
тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған бала.
Жүрежат –
сегізінші ұрпақ, туажаттан туатын бала.
Жылқы мінез –
өзгермелі
құбылмалы адам.
Жігіт сипаты –
қазақ
түсінігінде «сегіз қырлы бір сырлы адам».
Жігіт сыны –
жігітке қойылатын сын мен талаптар, кескін келбеті,
қадір
-
қасиеті, қабілет икемін анықтау.
Жігіттің үш жұрты –
өз
жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Жеке отбасы
-
бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі.
Жақын туыстары
-
ата
-
аналар, балалар, асырап алушылар, асырап
алынушылар, ата
-
анасы бір және ата
-
анасы бөлек аға
-
інілер мен апалы
-
сіңілілер (аға
-
қарындастар), ата
-
әже, немерелер.
Жалған неке
-
отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен
жасалған және ерлі
-
зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін
туғызбайтын неке.
«
Е
»
Ер мен әйел
-
отбасының іргетасы, бұл іргетас үйленумен
құрылады
.
Отбасындаадамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның
қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске
асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да
алғашқы ұясының бірі.
«
И
»
Достарыңызбен бөлісу: |