Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық



Pdf көрінісі
бет38/121
Дата25.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#104835
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   121
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

 
Қыз
 
қашар.
 
«Қыз  қашар»  (дәстүр).  «Былайша  қыз  қашар  дәстүрін 
өткізетін  үйді  «болыс  үй»  дейтін  көрінеді».  (Х.Арғынбаев).  Күйеудің
 
келуін  «ұрын  келу»  десе,  қыздың  атастырылған  күйеуін  көруі  «қыз 
қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар 
үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар 
қатынасады.  Күйеуден  алынатын  «қол  ұстатар»,  «шаш  сипатар»,  «қыз 
құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер 
осы  жолы  беріледі.  Екі  жастың  бірін  бірі  көріп,  тілдесуі  де  осы  тойда 
болады.  Екеуі  де  бірін  бірі  ұнатып,  қалыңдық  жігітке  қыз  белгісі 
орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. 
 
Күйеу  ұрын  барғаннан  кейін  құдалық  бұзылатын  болса  қазақ 
заңында  өте  ауыр  іс.  Үлкен  дауға  кетеді.  Күйеу  себепсіз  бас  тартса 
бұрынғы  берілген  мал  қайтарылмайды  және  айып  салынады.  Батаны 
қыз  жағы  бұзатын  болса  қалың  мал  толық  қайтарылады  әрі  айып 
төлейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет