Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы



бет79/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

2сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтың анықтамасы былай деп берілген:"Жеке адамның ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады." Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және т.б.) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын, қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:
а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі да болуы мүмкін. Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
ә) кінәлілік, яғни құқыққа қарсы әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оңан саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады. Бұларға мысал ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілдермен аң аулау және т.б. – осылардың барлығы және осыларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана, ал жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және т.б. абайсызда жасалуы мүмкін.
б) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады. әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық көлемі қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады және аса қатал емес жауаптылық белгіленеді. Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің – жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшалыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.
Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты болады.
Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат, сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлері лауазыиды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
Әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тиісті органдарда қызмет өтеу тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жауаптылықта болады.
ҚР-да әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдіктер ҚР-ның аумағында жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңдық құрамынан айырудың практикалық маңызы бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген элементтердің жиынтығы және олар болғанда ғана әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының элементтері болып: объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ табылады.
Құқық нормаларымен реттелінген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тапсырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады.
Құқық теориясында, сондай-ақ әкімшілік теріс қылықтың тектік, түрлік және тікелей объектісін айыру бар. Құқық қолдану тәжірибесі тұрғысынан алғанда тікелей объект ерекше маңызды болып көрінеді, олай болатын себебі, әкімшілк санкция заңмен бекітілген қоғамдық қатынастарға шынайы зиян келтіргені үшін қолданылуы керек.
Объективтік жақ әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекеттен немесе әрекетсіздіктен көрінеді. Әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы – бұл оны сыртқы көрінісінің актісі ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық нормаларымен қаралған белгілердің жиынтығы. Бұл белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын белгі болып табылады.
Әрекет – басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшкліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және т.б.) толықтырылуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам немесе заңды тұлға танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол қасақана немесе абайсыздық нысанында көрініс табады.
Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.
Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді:

  1. Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.

  2. Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.

  3. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін.

  4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.

  5. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен шеңбері: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ соттар қолданады.

  6. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады.

  7. Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.

  8. Әкімшілік жауапкершіліктің шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады.

Сонымен, әкімшілік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшелігі оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына - әкімшілік жазалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет