3сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
Әкімшілік –құқықтық нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілк жазалар болып табылады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады.
ӘҚБтК –тің 45-бабынды әкімшілік жазалардың мынандай түрлері белгіленген:
Ескерту жасау;
Әкімшілік айыппұл салу;
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
Арнаулы құқықтан айыру;
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан,біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе белгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу;
Заңсыз салынып жатырған немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
Әкімшілік қамауға алу;
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Әкімшілік жауаптылықты оны белгілеу тәртібі айырады. ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық осы Кодекспен белгіленеді. Әкімшілк жауаптылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылады.
Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 69-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатудың ескіру-мерзімі белгіленген.
Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2-ай өткеннен кейін, ол қоршаған ортаны қорғау саласында -6 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай ақ салық салу, ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Ал заңды тұлға осындай құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жасалған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс емес.
Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде (Мыс. әскери есепке тұру ережесін бұзғанда, тіркеусіз тұрып жатқанда, т.б.) , сондай ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, адам, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап, 2-ай өткеннен кейін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. ЕСКЕРТУ. 1,3 қылмыстың жасалуына септігін тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387 б. 1-бөлігі 1 жылдан уақыт өтсе, әкімшілік жаза қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 67 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасалған адамды, және ол адам келтірілген залалды өз еркімен өтесе, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік жауаптылықтан құқық бұзушы адамды, босатуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 68 бабына сәйкес: Құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, судья немесе істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға ауызша ескерту жасап, ол адамды әкімшілік жауаптан босатады. Мыс: ақысыз жол жүру, шу көтеру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 71 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жағдайдың өзгеруіне немесе науқастануына да байланысты әкімшілік жуаптылықтан босатылуы мүмкін. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 171 бабына сәйкес тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік, жазбаша келісім негізінде, тоқтатылады.
Әкімшілік жуапекршілікті:
жеңілдететін жағдайлар;
болдырмайтын жағдайлар;
ауырлататын жағдайлар болады.
шектейтін жағдайлар
Жеңілдететін жағдайлар:
мойындау;
кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;
жасалған әрекеттерді қалпына келтіру;
кәмелеттік жасқа толмауы және толмаған
жүкті әйел немесе баласы әйелдің әкімшілік жауапкер болуы.
Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде құжаттармен толтырылуы керек.
Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
Бір жылда 2 рет қайталанған құқық бұзушылық үшін, 1 рет жауапқа тартылуы;
Құқық бұзушылық топ адамдарымен жасалуы
Ішімдік, не есірткі шегіп құқық бұзушылықтың жасалуы
Ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;
Бұрын қылмыс жасаған адам болса.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
қажетті қорғану жағдайында яғни жеке басын, тұрғын үйін, жер учаскасін қорғау –қажетті қорғану шегінен шығып кетпеген жағдайдың болуы.
Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның өміріне, денсаулығына аса қауіп төндіретін қауіпті жою үшін іс әрекеттің жасалуы. Мыс: көлік жүргізуші медициналық жәрдемді қажет ететін адамды ауруханаға өте жылдамдықпен апаруы. Жылдамдықты арттырғаны үшін жазаланбайды.
Әкімшілік жауапкершілікті шектейтін жағдайлар. Бұл шектеулер ең алдымен әкімшілік заңдармен қаралған, әкімшілік құқық бұзушылық субьектілерінің ескеретін ерекшеліктерімен байланысты. Мыс: қамауға алуға болмайды:
жүкті әйелдерді;
14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді
18 жасқа толмаған (кәмелетке толмағандарды)
1 және 2 топтағы мүгедектерді;
58 жастан асқан әйелдерді;
63 жастан асқан ер адамдарды.
Көлік құралын мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамның көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға болмайды. Аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі қажеттілігі болып табылатын адамның аң аулау құралын алып қоюға сақтау мен алып жүру құқығынан айыруға болмайды. Сонымен қатар, судьяларға, прокурорға әкімшілік жазалар мен жауапкершілік қолдану негіздеріне заң жүзінде шектеулер қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |