Бақылаудың негізгі мақсаттары-атқарушы билік органдарымен олардың лауазымды адамдарының қызметінің өз міндеттеріне сәйкестігін, оларды орындаудың уақытылы және толымды болуын,заңдар талаптарының сақталуын, қаражаттардың үнемді және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету, мемллекеттік құрылымның тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент бес жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген.
Республика Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халық пен мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына, сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шаралар қолданады. Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды. Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады.
Орталық басқару органдары дегеніміз — министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және ғылым және т.б. бойынша басқаруды жүзеге асырады.