Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті.
Сабақтың мақсаты: білімділігі: білімгерлерге Парламент, Сенат, Мәжіліс олардың
құрамы, сайлану үдерісі, Парламенттің жұмыс тәртібі туралы түсіндіру;
дамытушылығы: білімгерлердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелігі: қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге, өзгелердің құқығына құрметпен қарауға, әділдікті қорғауда өздерін жан – жақты даярлауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
11 ҚР Парламентінің құрамы және Сенат пен Мәжіліс құрамы .
2 Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралатын мәселелер.
3 Парламент депутаттарының конституциялық мәртебесі, қабылдайтын актілері.
4 Парламентті тарату тәртібі және негіздері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар, ҚР Конституциясы. карта
Сабақтың әдісі:Шаталовтың тірек сызба технологиясын пайдалану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Үй жұмысы: «Қазақстан Республикасының Президенті»
ә) «Кім жылдам?»
І топ сұрақтары:
1. ҚР Президентінің мәртебесі қандай? Жауабы: Республика Президенті- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (алда отырған, бастаушы)
3. Бүкілхалықтық дауыс беру дегеніміз не? (Референдум)
4. ҚР Президенті болу үшін қандай талаптар қойылады?
5. 1995 жылы Нью – Йорк қаласында Президент қандай құжатқа қол қойды? (Бала құқығы туралы Конвенцияға)
6. Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы халыққа жолдауы қалай аталады?
ІІ топ сұрақтары:
1. Н.Ә.Назарбаевтың туылған жері. (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
2. Президент өкілеттігі қандай жағдайда тоқтатылады?
3. Қазақстан Республикасының Президенті неше жылға сайланады? (5)
4. Тәуелсіздік алғаннан бері Конституция неше рет қабылданды? (2)
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады? (9)
6. Президент қандай нормативтік құжат шығарады? (Өкім мен жарлық)
ІІІ. Жаңа сабақ бойынша.
Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысайық. Оқушылардың алдына таратылып беріледі. Жаңа сөздерді бір тоқталып өтемін.(Ассамблея, вотум,вето, спикер, фракция)
а) «Ой шақыру».
ә) Жаңа сабақ түсіндіру.
Парламент
Сенат Мәжіліс
Парламенттегі заң шығару үрдісі
4-кезең заңды жариялау.
1-кезең: заң шығару
бастамашылығы құқықғы
2-кезең: заң жобасын 3-кезең заңды қабылдау,
талқылау
Кестені толтыру.
IV. Сабақты бекіту.
б) «Құқықтық диктант».
І топ: Қазақстан Республикасы Парламентінің .......... екі жолмен жасақталады. ........ Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы. ......... – саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ. Мәжілістің ....... депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен .........................сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің ............... депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Парламент депутаты бiр мезгiлде ...........бiрдей мүше бола алмайды.
ІІ топ: Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – ............ Сенат депутаттарына ........ ................ сайлау құқығы негізінде ..................................... жолымен сайланады. ........................... – депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі. Сайланған сайлау депутаттарының ................. әрбір .............. сайын қайта сайланып отырады. ......................жасы жиырма беске толған республика азаматы депутат бола алады. ....................... пен ......................... бірлескен отырысында .......................... парламенттің заң шығарушы өкілеттігін беру туралы мәселе шешіледі.
«Кім жылдам» ойыны.
1-топ
1. Парламент» сөзі француз тілінен аударғанда қандай мағына береді? «parley» - «сөйлеу», «талқылау»
2. Құқық немен қорғалады? (Заңмен)
3. 9. Құқық туралы заңдарды қай орган шығарады? (Парламент)
4. Мәжіліс қанша депутаттан тұрады?
5.Парламент қандай актілер шығарады?
2-топ
1. Депутатқа қандай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін?
2. Президент қанша күннің ішінде заңға қол қояды?
3. Парламенттің кезекті сессиялары жылына қанша рет болады?
4. Парламенттің бірінші сессиясын Республика Президенті қанша күннен кешіктірмей шақырады?
5. Сенат заң жобасын алған күннен бастап қанша күннің ішінде қаралады?
V. Үйге тапсырма беру. (кестені толтыру)
Елдер
|
Халқы
|
Парламенттің атауы
|
Мүшелерінің саны
|
Қызмет ету мерзімі
|
Мемлекет басшысы
|
Басқару жүйесі
|
Қазақстан
|
|
|
|
|
|
|
Түркия
|
|
|
|
|
|
|
Ресей
|
|
|
|
|
|
|
АҚШ
|
|
|
|
|
|
|
Англия
|
|
|
|
|
|
|
Құқықтық есеп шығару
Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірді. Үкімет орнынан түсетіні туралы Республиканың Президентіне мәлімдеді. Президент орнынан түсуді қабылдады.
Президенттің осы шешімі қандай нәтижеге әкеп соғады? Президент орнынан түсуін қабылдамаған жағдайда не болар еді? Жауабын дәлелдеңіз.
ҮІ. Сабақты бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |