Яғни, әкімшілік қадағалу –бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, табу және жолын кесу,бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және кіләллерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеу шараларын пайдаланатын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.
5сұрақ.Прокурорлық қадағалау.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы – мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме - дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын, заңдылықтың бірінғайлығы мен нығайтылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай - ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
Прокурорлық қадағалаудың мәні прокурорлардың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың заңдары бұзуын табу, жою және алдын ала сақтандыру жөніндегі іс - қимылдарынан тұрады.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Президентке ғана есеп береді.
Атқарушы билік органдарының қызметіне прокурорлық қадағалаудың (жалпы қадағалау деп аталатынның ) тақырыптары «Қ.Р – ның прокуратурасы туралы» 1995 ж. 21- желтоқсандағы заңмен белгіленген.
Бұл, біріншіден, министрліктер мен ведомствовалардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, әскери басқару органдарының, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының заңдарды орындауы және, екіншіден, олардың шығарған құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуы.
Сонымен, прокурорлық қадағалау тек жоғарыда айтылған органдар мен лауазымды адамдардың іс әрекеттері мен актілеріне ғана таратылады және қадағалауға жататын органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерінің заңдарға сәйкес келетінің анықтаудан көрініс табады. Прокуратура органдары Президенттің жарлықтарына қадағалау жүргізбейді. Олар, біріншіден, заңның орындалуына және, екіншіден, басқару мен бақылау органдарының, өкілді органдарының шығаратын құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуына қадағалау жасай отырып, оларды алмастырмайды және және олардың жедел – шаруашылық қызметіне араласпайды, себебі оның пайдалылығы жөнінде ой түюге, басқару актілерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқығы жоқ. Прокурордың өзінің қадағалауындағы субьектілерге бұйрық беруге құқығы жоқ.