Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Прокурор тексеріс нәтижелері бойынша



бет94/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Прокурор тексеріс нәтижелері бойынша:

  • наразылық еңгізеді;

  • заң бұзушылықты болдырмау жөніндегі ұйғарым береді;

  • қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;

  • адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актінің күшін тоқтата тұрады;

  • мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары енгізген тыйым салу - шектеу сипатындағы шаралардың күшін жояды немесе алып тастайды;

  • мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау үшін сотқа өтініш жасайды органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну еңгізеді.

Прокурорлық қадағалау актілеріне наразылық , қаулы, ұйғарым, өтініш, нұсқау, ұсыну, заңға түсіндірме жатады.

Прокурордың наразылығы бұл – оның қадағалауындағы органның немесе лауазымды адамның заңға қайшы келетін құқықтық актісін ілтипатқа алуы. Наразылықты прокурор немесе оның орынбасары осы актіні шығарған органға немесе жоғары тұрған органға келтіреді. Лауазымды адамдар жөніндегі наразылық та дәл осындай тәртіппен жасалады. Прокурор наразылықта актінің күшін жоюды немесе оны заңға сәйкес келтіруді талап етуге құқылы. Наразылық міндетті түрде он күн ішінде қаралуы тиіс. Оның қаралатын күні туралы орган немесе лауазымды адам прокурорға хабарлауы тиіс. Наразылықтың сотта қаралу мерзімі заңдарда белгіленеді. Наразылықты рәсімделудің белгіленген үш үлгісі бар.

Прокурордың ұсынуы прокурорлық тексеру материалдарының негізінде дайындалады және заңдарды бұзушылықтарды, бұзушылықтардың себептері мен оларға мүмкіндік туғызатын жағдайларды жоюды мақсат етіп қояды. Әрбір ұсыну өзінің өзінің мазмұны бойынша дербес. Ол заңның бұзылуын жоя алатын өкілетті органға немесе лауазымды адамға беріледі және кідіріссіз қаралуға жатады. Ұсыну бір ай мерзімде қаралуға тиіс және оның нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарлануы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет