Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулысы уәкілдік берілген органның немесе лауазымды адамның заңмен белгіленген мерзімде қарауына жатады. Қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде прокурорға хабарланады.
Яғни, прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз болып табылады. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады.
Бақылау сұрақтары: Заңдылық дегеніміз не?
Заңдылыққа қандай тәсілдер мен әдістер көмегімен қол жеткізіледі?
Қадағалау дегеніміз не?
Бақылау дегеніміз не?
Қадағалау мен бақылаудың қандай түрлері бар?
Прокурорлық қадағалау дегеніміз не?
Глоссарий: Мемлекеттік басқару
Заңдылық
Мемлекеттік бақылау
Әкімшілік қадағалау
ҚР Президентінің бақылауы
Прокурорлық қадағалау
Орталық басқару органдары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі: Нормативтік актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы.
ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялық Заңы // Жоғарғы кеңес жаршысы. 2013
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі N 401 Кодексі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңымен
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен
Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы