Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет102/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Мемлекеттiк шекара режимі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдік әскери емес кемелер мен әскери корабльдердің шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлігінде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңізге), сондай-ақ ішкі суларына кіру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында әртүрлі жұмыстарды, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті жүргізу тәртібі болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiндегi режим.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен кеден органдарының бақылау өткiзу пункттерiнiң қызметiне жағдайлар жасау және оны қолдап отыру мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде, осы пункттерде адамдар мен көлiк құралдарының болуын және жүрiп-тұруын, сондай-ақ адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және тауарларды Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзуге байланысты басқа да қызметтi регламенттейтiн тәртiп белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi өткiзу пункттерiнде бөгде адамдардың өтiп кетуiне жол бермеу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтiп кетуiне тыйым салу мақсатында қосымша тәртiп ережелерiн белгiлейдi.


Бақылау сұрақтары:

  1. Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері қандай?

  2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі дегеніміз не?

  3. Ерекше жағдай режимі қандай жағдайда туындайды?

  4. Қандай жағдайда соғыс жағдай режимі туындайды?

  5. Мемлекеттік шекараны қорғау режимін қалай түсінесіз?



Глоссарий:

  1. Әкімшілік құқықтық режимдер

  2. Мемлекеттік шекара

  3. Төтенше жағдайлар

  4. мемлекеттік комиссия

  5. Ерекше жағдай режимі

  6. Соғыс жағдай режимі

  7. Мемлекеттiк шекара режимі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет