Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Соғыс жағжайы кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі



бет101/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Соғыс жағжайы кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі.
Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мынадай негiзгi мiндеттердi орындау:
1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және ол аумақтан шығудың ерекше режимiн сақтау, сондай-ақ ондағы жүрiп-тұру еркiндiгiн шектеу;
2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткiзуге қатысу;
3) мемлекеттiк және әскери объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн, көлiк пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға аса қауiптi объектiлердi күзету;
4) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу;
5) заңсыз қарулы құралымдардың, террористердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен әскери басқару органдарында қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталғандығы туралы анық мәлiметтер бар қоғамдық және дiни бiрлестiктер, шетелдiк және халықаралық ұйымдар әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн тартылады.
Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз етуге тартылатын мемлекеттiк органдардың, Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


5сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңіздегі, өзендердегі (бұлақтардағы) және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттік қайраңындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі туралы халықаралық шарттарды және шекара мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік тұлғалардың сақтауын шекара кеңістігінде бақылау жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құқықтары шеңберінде азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет