Дәрістің мақсаты: «Әлеуметтік, мәдени, ғылыми саланы мемлекеттік басқару» туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әлеуметтік, мәдени, ғылыми саланы мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету.
Жоспар: Білім беру және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру мен ғылым мекемелерін басқару.
Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары.
Негізгі ұғым:білім және ғылым жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру апроблемасы.
1.Білім беру және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру мен ғылым мекемелерін басқару. Білім – үздіксіз белгілі айқын мақсатты көздейтін процесс. Тәрбиелеу мен оқыту жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін мемлекеттік білім деңгейімен білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Конституциясында көрсетілгендей азаматтарға ақысыз орта білім алуға кепілдік береді және орта білім алу міндетті болып есептеледі.
Жоғары білім алудың конкурстық негіздері тегін түрі мен жеке оқу орындарында білім алу жолдары туралы ҚР 1992 жылы 18 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңында айқын көрсетілген.
Білім беру жүйесіне кіретін мекемелер мен ұйымдар: мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, орта кәсіптік білім беретін, жоғарғы білім беретін кәсіптік жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандық беретін, жетім балаларға, жалпы дамуларында ауытқулары бар ауру балаларға арналған мекемелер болып бөлінеді.
Білім беру басқармасы – жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың білім беру жүйесін дамыту мен қамтамасыз етуші орган.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты ҚР Президенті шешеді, ал оны жүзеге асырушы – ҚР Үкіметі болып табылады.
Білім және ғылым министрлігі республиканың орталық атқарушы органы ретінде білім беру жүйесін басқарады. Мемлекеттік жоғарғы оқу орнына қабылдау, аспирантура мен докторантураны ашу немесе жұмысын тоқтату туралы мәселені шешеді.
Жергілікті атқарушы органдар сол аймақтағы білім беру мекемелерінің жұмысын реттеп отырады.
ҚР Конституциясы әркімнің еркін шығармашылық қызметіне кепілдік береді.
Қазіргі ғылым туралы заңдар ғылым саласындағы мемлекеттің ұстаған қағидаларын басшылыққа ала отырып, ғылымның техникалық, ақпараттық жағынан, интеллектуалды меншігін қорғау мен халықаралық байланысты сақтаудағы жағдайын реттеп отырады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатқа бағыт беруші ҚР Президенті болып есептеледі.
ҚР Парламенті ғылым мен техника дамуына негіз боларлық заңдар қабылдап, интеллектуалды меншікті қорғайды, ғылым мен техниканы дамыту үшін республикалық бюджетті бекітеді.
ҚР Үкіметі республикалық бюджетті жасау, атқару, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады.
Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техниканы дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда біртұтас мемлекеттік басқару органы болып есептеледі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарлама, мемлекеттік ғылым мен техниканы дамытудағы ең негізгі бағытын айқындайды. Заң бойынша әрбір субъект ғылыми-техникалық іс-әрекеттегі бағдарламаны жүзеге асыруда өз мүмкіндік терін пайдалануға құқылы.
Ғылымның түрлі проблемаларын зерттеу үшін ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Ғылыми қызметкерлер мен ғылыми ұйымдардың құқықтық мәртебесі «Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» заңмен реттеліп орырылады.
Ғылым саласындағы атқарушы органдардың бірі Департамент ғылыми кадрларды аттестациялау қызметін атқара отырып Ғылым Академиясының бір салалық бөлімшесі болып есептеледі. Департамент ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудағы мемлекет саясатын жүзеге асырады. Докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғау құқығын береді немесе ол құқықтан айыра алады. Диссертациялық Кеңестер құру, лицензия беру мәселесін шешеді.