Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Нотариус мынадай әрекеттер жасайды



бет117/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Нотариус мынадай әрекеттер жасайды:

  • мәмілелерді куәландырады;

  • шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландырады;

  • мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;

  • мұралық құқық туралы куәліктер береді;

  • ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар адамдардың мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беріледі;

  • мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;

  • құжаттардың көшірмелерімен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

  • құжаттарға қойылған қолдың түп нұсқасын куәландырады;

  • құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;

  • азаматтардың тірі екендігі фактісін куәландырады;

  • азаматтардың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;

  • құжаттардың берілген уақытын куәландырады;

  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа және жеке тұлғаларға береді;

  • ақша салымдары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды;

  • орындау қағазын жазады;

  • вексель наразылықтарын жасайды;

  • сақтауға құжаттар қабылдайды;

  • теңіз наразылықтарын жасайды;

  • дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

ҚР-ғы адвокатура азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында баяндалған құқығын жүзегеасыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөнінде адвокаттардың қызметін ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Жоғары заң білімі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай-ақ босатылған күннен бастап бір жыл бойы – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған адам адвокат бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет