2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істерді басқару – заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, Үкімет қаулыларына негізделген мемлекеттің құзыретті органдарының қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; азаматтардың , қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бағытталған атқарушылық-өкімдік қызметі
Ішкі істерді басқару мен қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп арасында тікелей байланыс бар. Нормативтік-құқықтық актілерде көбінесе «қоғамдық тәртіп» деген ұғым қолданылатындықтан, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет.
Қоғамдық тәртіп тек қана құқық нормаларын емес, сонымен қатар мораль, дәстүр, салт нормаларын қолдану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. Қоғамдық тәртіптің негізін азаматтық қоғам мен құқықтық нормаларда бекітілетін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары құрайды. Ал құқықтық тәртіп болса тек құқықтық нормалармен қамтамасыз етіледі.
«ҚР Ішкі істер органдары туралы» ҚР заңына сәйкес аталған орагандардың қызметі қоғамдық тәртіпті қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, құқық бұзушылықтарды және басқа да адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды ескерту және олардың алдын алумен байланысты.
Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады.
ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді.
Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі бірнеше ұйымдық-құқықтық нысанда жүзеге асырылады::
әкімшілік;
жедел іздестіру;
қылмыстық іс-жүргізушілік;
бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындау бойынша қызмет.