Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет112/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Дәрістің мақсаты: Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық – құқықтық нысандары туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Ішкі істер органдарының ұйымдастырылуын және олардың қызметін зерттеу.


Жоспар:
1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.


Негізгі ұғым: білім және ғылым жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру апроблемасы, әскери міндеттілік.


1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
ҚР қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттік аса маңызды міндеттерінің біріне жатады. Әрі Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылады. ҚР қорғау ұлтына және әлеуметтік тегіне, тұратын жеріне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, жұмысының түрі мен сипатына, саяси және өзге де нанымына, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жататындығына қарамастан ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндеттілік мыналарды қамтиды:

  • азаматтарды әскери қызметке даярлау;

  • шақыру учаскелерін тіркеу;

  • әскери қызметке шақыру;

  • әскери қызметтен өту;

  • запастағы қызмет;

  • запаста жаттығу жиындарынан өту;

  • соғыс кезінде азаматтарды жалпыға бірдей міндетті әскери үйрету.

Осы заңның орындалуын ҚР азаматтарына, орталық мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өкімет пен басқару органдарына, оқу орындарына, қоғамдық бірлестіктерге, бағышыштылығымен меншік түріне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жүктеледі.
Әскери міндеттіліктен мына азаматтар босатылады:
16 жасқа толмаған және 50 жастан асқан ер адамдар;
18 жасқа толмаған және 40 жастан асқан әйел адамдар.
Жалпыға бірдей әскери міндеттілік ҚР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жүктелмейді.
Жалпыға бірдей әскери міндетке қатынасы бойынша ҚР-ның азаматтары мынадай категорияларға бөлінеді:

  • шақыруға дейінгілер 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;

  • шақырылушылар шақыру учаскелеріне тіркелген 18-ден 27 жасқа дейінгі жастар;

  • әскери қызметшілер әскери қызметтен өтуші азаматтар;

  • әскери міндеттілер запастағы азаматтар;

  • әскери міндетті еместер;

  • әскери есепке алынбағандар немесе одан шағарылған азаматтар;

  • денсаулық жағдайына байланысты;

  • денсаулық жағдайы мен жасы бойынша әскери қызметтен өтуге жарамды ҚР-ның азаматтары;

  • осы заңмен белгіленген жасқа жеткенде шақырушылардың әскери есебіне тұруға;

  • әскери комиссариаттық шақыру бойынша шақыру учаскелеріне тіркелу, медициналық куәландырудан өту әскери мамандық алуға арнап даярлыққа жідеру, әскери қызметке немесе жиынға шақыру үшін келуге;

  • әскери қызметтен даярлықтан, әскери қызметтен өтуге және запастағы әскери міндетті орындауға.

ҚР Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша тиісті әскери мамадыққа ұқсас мамандығы бар әйелдер әскери есепке тұруы тиіс. Әйелдер бейбітшілік кезінде әскери қызметке шарт бойынша ерікті түрде кіре алады. Әскери есепте тұрған немесе жалпыға бірдей әскери үйретуден өткен әйелдер соғыс кезінде ҚР Президентінің шешімімен әскери қызметке шақырылуы мүмкін.


Шақырушылар мен шақыруға дейінгілерді әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды:

  • шақырушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау;

  • жоғарғы оқу орындарының студенттерін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлау;

  • моральдық-психологиялық даярлау;

  • дене даярлығы;

  • емдеу-сауықтыру жұмысы деңгейін арттыру;

  • патриоттық тәрбие.

Шақыруға дейінгілер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау ҚР Үкіметінің басшылығымен ұйымдастырылады және оны ҚР министрліктері мен ведомстволары, жергілікті өкілді және басқару органдары жүргізеді.
Республикада шақыруға дейінгілерді әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, жүргізуді және олардың нәтижелерін бақылауды шақыруға дейінгілерді даярлықты бағдарламалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді ҚР Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
Меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және лқу орындарының басшалары шақыруға дейінгілер мен шқырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Шақырушыларға дейінгі даярлыққа 16 жасқа толған денсаулық жөніндегі әскери қызметке жарамды жасөспірімдер тартылады. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР заңын орындауға байланысты шараларды қаржымен және материалдық жағынан қамтамасыз ету мемлекетке тапсырылады.
Жергілікті өкіметпен басқару органдары азаматтарды тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде медициналық жағынан куәландыру шақырылғандарды әскери бөлімдерге жөнелту үшін әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен, автокөлікпен қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға міндетті. Қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлер, сондай-ақ қызмет көрсетуші адамды бөледі.
Соғыс кезі жағдайында жұмылдыру жоспарын орындау үшін жергілікті өкімет пен басқару органдары және солардың шешімі бойынша бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары бейбітшілік кезінде әскери комиссариаттармен бірге әскери міндеттілерге хабар берумен, оларды жинау учаскелерін, сондай-ақ техника пункттерін құрады.
Олар жұмыс орнын міндеттерді орындаудан босатпай адам құрамымен жасақтайды және олардың кәсіптік мамандақ алуына жәрдемдеседі.
Шақыруға дейінгілерді шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияларына, шақыру комиссияларының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсетуші адамдарға осы міндеттерді орындаған барлық уақытқа жұмыс орнына атқарған қызметі және орташа табысы сақталады. Егер аталған міндеттердің орындау тұрғылықты жерінен кетуіне байланысты болса, онда әскери комиссариаттар оларды тұрғылықты жерінен жұмыс орнына барып, бару қайтуына, тұрғын жай жалдауына жұмсаған шығындарын өтейді және қызмет іссапары үшін белгіленген нормалар бойынша тәулікақы төлейді.
Жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға және әскери қызметтен өтуге байланысты шараларды қаржымен және материалды жағынан қамтамасыз етуге міндетті. Ол ҚР Қорғаныс министрлігінің қаржысы есебінен жүргізіледі.
ҚР Министрлер кабинеті «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР-ның заңын қолдану тәртібі туралы қажетті нормативті актілер қабылдап, әскери қызметте өту мәселелері жөніндегі нормативтік актілерді заңға сәйкес сәйкестендірді. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ҚР Президентінің Жарлығы негізінде жылына екі рет, сәуір- маусымда және қазан-желтоқсанда өткізіледі. ҚР жарлығы баспасөз бетінде жарияланады. Бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен оқу орындарының басшылар шақырушылардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтмасыз ету үшін оларды іссапардан кері шақырып алуға міндетті.
Азаматтардың әскери комисариаттар белгілеген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеуіне:
-еңбек қабілетін жоғалтумен байланысты науқастану;
-жақын туысының нмесе азаматтың өзінің келу мүмкнідігін болғызбаған басқа да жағдайлар дәлелді себептер деп танылады.
Келмеудің себептері тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
ҚР-ның уақытша шетелде тұратын ер жынысты азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды олардың кейінге қалдыру құқығы бар. Олар ҚР-дағы тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келген соң осы заң белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Әр жылы қаңтар-наурыз ішінде тіркелктін жылы 17 жасқа толатын азаматтар шақыру учаскелеріне тіркеледі. Тіркеуді тұрғылықты жер бойынша аудандық, қалалық комиссариаттар жүргізеді.
Азаматтар мен лауазымды адамдардың жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылығы әскери комиссариаттың шақыруы бойынша дәлелді себепсіз көрсетілген мерзімде келмеген азаматтар әскери міндетті орындаудан жалтарған деп есептеледі және ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуға жатады.
Азаматтар дәлелді себепсіз әскери есеп ережелерін бұзғаны үшін ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.
Жергілікті органдарының меншік түрі мен бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің, оқу орындарының лауазымды адамдары заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес материалдық, әкімшілк және қылмыстық жауапқа тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет