Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Жергілікті әкімшілік өз өкілеттігі шегінде



бет114/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Жергілікті әкімшілік өз өкілеттігі шегінде:

Бөлімше қызметкерлерін жұмыс орны, байланыс құралдары, жиһаз, көлікпен қамтамасыз етеді. Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады. ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды. ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді.
Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. ҚР Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалаудағы шаралар» атты Жарлығына сәйкес Ішкі істер министрлігінің жанынан криминалдық және әкімшілік полиция ашылды.
Криминалды полицияға жүктелген міндет: қылмысты ескерту, болдырмау, ашу үшін тергеу жұмыстарын жүргізу.
Әкімшілік полиция азаматтар қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, ескерту, жасы жетпегендермен жұмыс, патрульді-бекеттік және т.б. қызметтерді жүзеге асырады.
Ішкі қарулы күшті басқару ҚР Ішкі істер министрлігіне берілген. Ішкі қарулы күштітің мақсаты әскери міндетті атқарумен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді қорғау, еңбекпен түзету мекемелеріндегі жұмыс, азаматтардың құқықтарын қорғау.
3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару қоғамға, мемлекетке бағытталған ішкі және сыртқы қауіпті ескертуге және алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастардың кең кешенін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет