4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әділет министрлігі мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, атқарушы орган. Әділет министрлігінің негізгі мақсаты: саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, тәжірибелік істегі заң жобаларын бекітіп, орнығуына ықпал ету, құқықты, криминалды-сараптауды қамтамасыз ету, қабылдаған заңдардың, заң жобаларының болашақта іске асуын болжай білу.
Әділет министрлігінің басты мақсатын ескере отырып, оның құрамына кіретін бөлімшелердің міндеттері мыналар:
заң акционерлік компаниясы Адам өмірге келуі, өлуі, некеге тұруы, ажырасуы, бала асырап алу, аты-жөнін өзгерту – мемлекеттік органдармен тіркелген уақыттан бастап заңды маңызға ие болады. Мұндай оқиғаларды – хал актілерін тіркеу орындары жүзеге асырады, олар жергілікті атқарушы органдар құрамына кіріп, жергілікті әкімшілік-аумақтық әкімшілікке бағынады. Өз әрекетін жүзеге асыруда хал актілерін тіркеу органдары Әділет минстрлігі бекіткен ережені басшылыққа алады және мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
некеге отырғызу, туған баланы тіркеу, қайтыс болған адамды тіркеу;
хал актілерін уақытында тіркеу үшін емдеу орындары мен есеп жүргізуші органдармен бірігіп қызмет жасайды.
Азаматтардың хал актілерін тіркеу негізінде тиісті құжаттар беріледі. Мұндай функцияларды шет елдерде ҚР елшілік өкілдері жүзеге асырады.
ҚР-ғы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ «Нотариат туралы» ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру ға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат қызметінің құқықтық негіздері: