Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі



бет110/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
Мәдениет саласындағы қызмет – мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, тарату жөніндегі қызмет.
Мәдени құндылықтар – адамгершілік нормалары мен үлгілері, тарихи-мәдени тұрғыдағы бірегей аумақтар.
ҚР мәдениет туралы заңдары ҚР Конституциясында және басқа да заң актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат, азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі, тарихи және мәдени мұраларды қорғау.
Азаматтар ҚР-ның мәдениет саласындағы заңдарының талаптарын орындауға тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қазақ халқының Қазақстандағы басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеуге міндетті.
Меншік нысанына қарамастан көркемдік, тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар объектілер мәдени құндылықтар болып табылады.
Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкетуді заңды және жеке тұлғалар мемлекеттің бақылауымен, мәдени қазыналардың шыққан жерін, кімнің бергенін, құны мен сипаттамасын көрсете отырып жүзеге асырады. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкетуге рұқсаты ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен ҚР –ның мемлекеттік уәкілетті орган береді. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкету режимі, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР аумағында жасаған немесе тапқан объектілеріне де қолданылады.
3.Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Еңбекті, әлеуметтік қамсыздандыруды басқару. Еңбек саласындағы мемлекеттік басқару органдарының мақсаты субъектілердің заңда көрсетілген шекте өз қызметтерін атқаруды қамтамасыз етеді.
ҚР-ның Конституциясында еңбекпен, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жөнінде құқықтық жағынан реттеудің жалпы қағидалары бар: әрбір адамның еркін еңбек етуге, мамандық таңдауға құқығы бар. Сонымен қатар:

  • мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің еңбек саласында, әлеуметтік қамсыздандыру ісі қағидаларын заңдылық деңгейінде бекіту;

  • нормативті-құқықтық негіз қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету;

  • еңбекте келісімшарт жүйесін қалыптастыру;

  • еңбекті әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауда әлеуметтік кепілдік жүйесін қалыптастыру сияқты міндеттер қойылған.

Аталған саланы мемлекеттік басқару органдарының өзіне тән атқаратын қызметтері бар:

  • еңбек шарты, контракт, ұжымдық шарттар, әкімшілік пен еңбек ұжымы немесе жұмысшы арасындағы келісімдерді бекіту тәртібі мен оны іске асыру;

  • халықты әлеуметтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету кепілдігін қарастыру;

  • меншіктің түріне қарамастан еңбек уақыты мен еңбек қауіпсіздігін сақтау тәртібі барлық жұмысшыларға бірдей.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың еңбек пен әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету қағидаларының негізгі мазмұны мынада:
Азаматтар құқығының кепілдік қағидасы, жалпы құқықтық қағида сияқты заңға негізделеді. Конституция бойынша әрбір азамат ең төменгі жалақы және зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Заңды негізде аурулығы, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуына жағдайына байланысты әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіледі.
Жан-жақты қамтамасыз етудің бір қағидасы жұмыссыздарға ҚР-ның заңдарына сәйкес жәрдемақы төлеу.
Азаматтардың тең құқықты бөлу қағидасында жауапкершілік, азаматтың нәсілі, жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, саяси сенімі, дінге көзқарасына қарамастан бірдей қорғалады деп көрсетілген.
Еңбекпен қамтамасыз ету еңбек процесіне жарамды халық пен еңбек орнының арақатынасына, мамандығына, еңбек тәжірибесіне, білімі мен қабілетіне де байланысты.
Жұмыссыз азаматтар дегеніміз жалақыдан түсетін пайдасы жоқ, мемлекеттік жұмыссыздықты қамтамасыз ету орнында тіркелген, жұмыс іздеуші, еңбек етуге дайын азаматтар.
Жұмыспен қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің аймақтық экономикалық-әлеуметтік даму даму бағдарламасы мен демографиялық, инвестициялық, қаржылық саясатына да байланысты болады.
Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамтамасыз ету мемлекеттік басқарудың негізгі саласы ретінде ҚР Президентімен айқындалып, оған еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді.
ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруының негізгі бағыттары ҚР Конституциясының 66-бабында толық көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет