Зәуреш Асылбекова Қазақ тілінің жетістігі



Дата17.06.2018
өлшемі26,22 Kb.
#42567
Зәуреш Асылбекова
Қазақ тілінің жетістігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында айқындалып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасының тиімділігі туралы Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында өткен “дөңгелек үстелде” әңгіме өрбіді.

Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов жобаның маңыздылығына тоқталды. “Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының аясында бір жыл ішінде көптеген істер атқарылды. “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” – жастарға арналған ауқымды жоба. Оның арқасында әлемнің ең үздік авторларының еңбектері мемлекеттік тілде оқылып, әсіресе, гуманитарлық бағытта білім алушыларға зор көмегін тигізеді”, – деді ол.

“Рухани жаңғыру” өңірлік жобалық офисінің басшысы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры Жанар Таласпаева қазақшаға аударылатын оқулықтар қандай талаптар бойынша іріктелгеніне тоқталып өтті. Оның айтуынша, оқулықтар шетелдік жүз университеттің білім беру бағдарламасында пайдаланылуы және әрқайсысы кемінде үш рет басылып шығуы тиіс болған. Осылайша, барлық қарастырылған 800 оқулықтың бір жүзі қазақшаға түпнұсқа тілінен аударылатын болып шешілді. Олардың әрқайсысы он мың данамен жарық көреді.

Жаңа оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейне-дәрістер топтамасы жасалды. Бұл әрбір азаматқа өздігінен білім алу үшін жасалған үлкен мүмкіндік және білім беру жүйесіндегі онлайн әдісті және “SmartCAT” бағдарламасын жетілдіре түсетін заманауи жоба, – деді Жанар Серкешқызы.

Алғашқы 18 оқулықтың түсіндірме сөздіктері негізінде 3 мыңнан астам ғылыми термин мен ұғым жиналды. Солардың үштен бірі қолданысқа жаңадан енгізіліп отырған терминдер екен. Жалпы қазақстандық білім беру жүйесіне жаңа бастаманың тиімділігі бес-алты жыл ішінде анықталмақ. Ал алдағы уақытта аталмыш оқулықтардың авторлары елімізге келіп, өздерін жақынырақ таныстырады деп күтілуде.

С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның педагог-психологы Әсел Қаршалова 18 жаңа оқулық ішіндегі өз саласына қатысты үш кітаптың негізігі идеясына шолу жасады. “Қазақстанның орыс қоғамдастығы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тамара Родная жобаның гуманитарлық бағытты қамтығанын құптайтынын айтты. “Өйткені бүкіл ғылым гуманитарлық білімнен бастау алады”, – деді ол.

* * *


Осындай тақырыпта “дөңгелек үстел” Петропавл құрылыс-экономикалық колледжіндегі студенттердің бейбітшілік және келісім орталығында да өтті. Колледж оқытушылары мен кітапханашылары жаңа оқулықтардың маңызымен қатар артықшылықтарын да атап өтті. “Аударылған оқулықтардың ішінде орыс тілінде жарық көрмегендері бар. Бұл “жақсы оқулықтардың барлығы орыс тілінде” деген қалыптастып қалған ойдан аз да болса арылтады. Сондықтан жобаның басты құндылығы түп-нұсқадан аударылған туындыларды оқуға мүмкіндік алып отырғанымызда деп санаймын. Бұл ана тіліміздің нығая түсуіне де ықпал етеді”, – дейді қазақ тілі пәнінің ұстазы Баян Қарманова.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған жоба оқулықтар жетіспеушілігі мәселесін шешіп, қазақ тілінің мәртебесін көтереді, – деді өз сөзінде педагог Айжан Жанболова.


// Солтүстік Қазақстан. - 2018. - 21cәуір
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет